Психология | Мінез туралы

 Психология | Мінез туралы

Мазмұны
1.Мінез туралы жалпы түсінік
2.Мінез белгілері
3.Мінездің танылуы мен жеке тұлғаның қарым-қатынасы
4.Табиғат және мінез көрсету
5.Мінез және адамдардың бет-әлпеті
6.Мінездің темпераменттен айырмашылығы

1.Мінез туралы жалпы түсінік. Грек тілінен аударғанда «мінез»- «із қалдыру» деген түсінік береді.Шынымен де мінез- адамның қоғамдық ортада жүріп қалыптасатын «белгісі».
Демек, «мінез- бір-бірімен белгілі байланысы бар адамның қасиеттерінің ерекшелігі». Аристотель мінез жөнінде төмендегідей сөздер айтқан «Мінез дегеніміз қыр-сырын көре жүріп, кісінің қадір-қасиетін анықтайтын нәрсе» (Ақиқат журналы. 4.2004. 95-бет).Адам тұлғасы істі істеумен емес сол істі қалай істеумен белгіленеді. Қоғамдағы адамдардың өмір сүруі мен өмірге деген көзқарастарында қарама-қайшылықтар байқалады. Қоғамдағы барлық адамдармен бірге қиыншылықтар көруге болады,бірақ ол қиыншылықтарды әр кім әр түрлі қабылдайды. Бірі бұл жағдайға төзімділік танытса, бірі мүлдем шыдамсыздық танытады.
Мінез тудыратын өзіндік қасиет, бірінші кезекте оның рухына, сезіміне, белгілі мөлшерде ақыл-ойына байланысты болады.
Адамның мінезін біле отырып, оның қандай уақытта өзін қалай ұстайтынын алдын ала білуге және оның іс-әрекетін бағыттауға болады. Ұстаз тек оқушысының білімі мен қабілетін ғана емес оның мінезін де есепке алады. Осыған бір мысал келтіріп көрейік. Мысалы: біріншісі табанды әрі еңбексүйгіш, бірақ өте баяу сонымен қатар шамадан тыс сақ болып келеді. Ал, екіншісі қызуқанды, жағдайды тез қабылдағыш, аздап дөрекілеу. Мінездеріндегі осы бір ерекшелігіне қарап, оқытушы өз оқушыларымен жұмыс істегенде әр қайсысының мінездерін дұрыс жағына қарай түзетуге көмегін тигізуі керек.
2.Мінез белгілері. Адам мінезі әрқашанда көп қырлы. Белгілері мен қырлары айқындалып тұруы мүмкін, бірақ бұлар бірінсіз-бірі болмайды, бірігіп бір құрылыс түзіп тұрады. Мінез белгілері адамның пайымдауы, өмірге деген көзқарастарымен айқындалмайды. Ақжарқын әрі көңілді адам ар-ұяты жоғары және көрегенді болуы мүмкін, ал екіншісі де ақжарқын әрі көңілді, бірақ ол өз ісінің жүзеге асуы үшін неден де болса тайынбайды.
Мінез адамдардың өз жетістіктері мен жеңілістеріне, қоғамдық пікірге көзқарасына байланысты. Осы қарым-қатынастар мінездің классификациясын жасауда басты орын алады.
3.Мінездің танылуы мен жеке тұлғаның қарым- қатынасы. Мінез мынандай жағдайларда танылады; біріншіден,басқа адамдарға деген көзқарасынан:туыстары мен жақындарына, жұмыстағы және оқудағы жолдастарына,т.б.Табанды және осал ара қатынас,ашықтық пен тұйықтық, ақиқат және жалғандық, сыпайылық пен дөрекілік. Осы аталғандар басқа адамдарға деген көзқарасты білдіреді.
Екіншіден,адамның өзіне деген көзқарасы өзін сыйлау және өзіне деген сенімсіздік. Кей адамдарда бірінші кезекте өзіне деген сүйіспеншілік пен эгойзм тұрса, екінші біреулерінде ортақ істе өзін құбандыққа шалу тұрады.
Үшіншіден, міенз адамның іске деген көзқарасынан байқалады. Мінездің ең бір бағалы белгісіне жауапкершілік, энтузазм, істің жақсы аяқталуына деген алаңдаушылық.
Төртіншіден, мінез адамның заттарға көзқарасынан байқалады.Тек қана жеке меншікке ғана емес, киімге, оқулыққа, аяқ киімге т.б. деген көзқарасы жатады.
4.Табиғат және мінез көрсету. Адам туғанда оның ми қабықтары ерекше дамып туады. Бұл ерекшеліктер психикалық емес физиологиялық, бірақ баланың мінезінің кейін қалай дамитынын анытайды. Бұл физологиялық шарттылықтағы өзгешеліктер –адам мінезін ажыратудың алғышарттары ғана. Мысалы өзін жанұяда жалғызбын деп есептеп жүрген баладан кейін туған балаға деген көзқарасы өзгеше болады. Ата аналар кенже балаға көп көңіл бөледі. Соңында екеуінің арақатынасы алшақтай түседі.Осы кезден бастап -ақ олардың мінездері қалыптаса бастайды.
5.Мінез және адамның бет-әлпеті. Психология тарихында мінезді адамның бет-әлпетіне, бас сүйегіне, дене бітіміне қарап анықтау теориясы бар. Бұлай анықтау өз бастауын сонау антика дәуірінен алады.
Мысалы: құл иеленуші құл сатып алуға келгенде, оның күшін денесін қысып көру арқылы, жасын тісіне қарау арқылы, шапшаңдығын жүгіртіп немесе орнында секіртіп көру арқылы анықтаған. Бірақ, ол өзінің болашақтағы құлының мінезі жөнінде не айта алар еді? Көнбіс пе әлде шатақ па, еңбекқор ма немесе жалқау ма? Құл сатып алушылар жоғарыдағы жағдайлардың барлығын ескерулері керек еді.
Аристстель мен Платон адам мінезін оның бет-әлпетіне қарап анықтауды ұсынды.Олардың ұсынуы бойынша мінездің белгілерінің ұқсастығын адам мен жануардың бет-әлпетін салыстыру арқылы анықтауға болады деп түсінген. Аристотель бойынша бұқаның мұрынына ұқсас мұрын, жалқаулықты білдіреді, шошқаның мұрнына ұқас мұрын –ақымақтық, арыстанның мұрынындай -өзгешелік, қоян, лақ, қойдың терісінлей шаш-әлсіздікті, арыстан мен қабандікі сияқты болса-өжеттілікті білдірген.
Осындай ойдың жалғасын біз ортағасырлық сирия жазушысы Абул-Фараджа Бар Эбреядан байқаймыз. Оның айтуы бойынша «Жуан әрі қысқа мойынды адам буйвол сияқты ашу шақырады... Ұзын әрі жіңішке мойын - әлсісдіктің белгісі. Бұндай адамдар қорқақ келеді. Өте кішкене мойынды адам қасқыр сияқты болады.»
ХІІІ ғ. Иоган Каспар Лафатердің физиогномикалық жүйесі кеңінен танымал болды.Оның пайымдауынша адамның бас сүйегі «жанның айнасы» ретінде қабылданды. Бас сүйектің құрылысы, қимылдауы т.б. қасиеттері адам мінезін анықтайтын негізгі жол болды.
6. Мінездің темпераменттен айырмашылығы. Ұлттық мінез құлықты кейбір жағдайда зерттеушілер темпетаментпен шатастырып жатады. И.И. Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің (сангвиник, флегматтық, холеристік, меланхоликтік) типтері адамның жоғарғы нерв жүйесінің жұмысына байланысты болатындығы белгілі. Ал, ұлттық мінез құлық тарихи жағдайларының объективті прцестердің себептерінен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады. Жеке адамның мінез-құлқының ұлттық өзгешелігі темпераментке қарағанда жылжымалы. Өмірдің жағдайының өзгеруі жеке .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады