Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы казакша Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы на казахском языке
Мазмұны
I. Кіріспе. Орыс әдебиетінің даму тарихы
II. Негізгі бөлім
2.1. М.Горькийдің шығармашылық жолы.
2.2. М.Горькийдің «Ана» романының аударма нұсқасы.
2.3. М.Горькийдің «Макар Чудра» әңгімесінің аудармасы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ұлы орыс халқының классикалық және совет әдебиетін, қазіргі әдебиетін, туысқан ұлттардың халық демократиясы елдерінің және дүниежүзілік әдебиеттік үлгілерін қазақ тіліне аудару – идеологиялық және мәдени зор маңызы бар іс. Бұл әдебиетіміздің шеберлік жағынан жетеле түсуіне көмегін тигізіп қана қоймайды. Сонымен бірге халқымыздың рухани мәдениетін ерекше байытады.
Аударма ісінің белгілі бір сатыға көтерілуінің нәтижесінде қазақ оқырмандары Пушкин, Лермонтов, Горький, Тургенев, Гоголь, Толстой, Маяковский, Шолохов т.б. орыстың классикалық және советтік әдебиетінің тамаша өкілдерінің шығармаларын өз тілінде оқитын болды.
Қазақтың көркем әдебиет баспасы қазір орыс классиктерінің шығармаларын , мемлекеттік сыйлық алған шығармаларды түгел дерлік қазақ тілінде шығару мақсатын қойып отыр.
Әдебиетіміздің аударма саласында елеулі - жұмыстар істеліп белгілі бір кезеңнен өтіп, енді алда айрықша зор міндеттер тұрғанда, өткен жолымызды шолып, іс тәжірибемізді қорытып, болашақтағы міндетіміздің негізгі бағытын белгілеп, көркем аударма өнеріндегі басты мәселелерді шешіп алу кезек күттірмейтін мәселеге болу тиіс. Орыс тілден қазақ тіліне жүздеген кітаптар аударылды. Бұл үлкен іс ірі кемшілігіне қарамастан, үлгілі тәжірибесіз емес.
Осы жолдағы М. Горькийдің әнгімелерін қандай тәжірибеде аударғанын көретін боламыз.
Жалпы Горький әңгімелерін игере бастауы аударма әдебиетіміз үшін ғана емес қазақ әдебиеті, көркем әдебиеті үшін де елеулі кезең.
Біз әдебиетіміздің қыруар байлығын мақтан ете аламыз. Қазір дүние жүзі халықтары сүйіп оқитын М.В. Маяковскийдің мағыналы, жалынды поэзиясы, М. Горкийдің мәңгі өлмес асқақ та терең мұралы т.б.
Ұлы жазушы М.Горкий совет әдебиетінің негізін қалаушы пролетариат жазушы. М.Горькийдің шығармаларымен қазақ оқырмандарына кеңінен таныс.
Ендігі М.Горький әңгімесі мен романына, сонымен қатар өмірбаянына, шығармашылығына тоқтала кетсек.
Максим Горькийдің шын аты – Алексей Максимович Пешков. М.Горький 1868 жылы 28 наурызда Нижний Новгород қаласында дүниеге келген. Туғаннан жетім қалған, балалық шағында Каширин атасынан тәрбие алған. 11-жасында адамдармен араласуды біліп-үйреніп, пароходта ыдыс жуушы, дүкенде нан пісіруші болып күнін көреді. 1884 жылы 16 жасында жолы болып «Қазан» университетіне түседі. Онда Максим Горький Маркстың әдеби тілімен танысады.
1888 жылы пропагандист ққызметін атқарып жүрген Н.Е.Федосеевпен байланысы болғаны үшін патша бақылауында түседі.
1891 жылы көктемде саяхатқа шығып Кавказға дейін барады.
1892 жылы М.Горький ең алғашқы «Макар Чудра» әңгімесін жазып, баспадан басып шығарады.
Нижний Новгород қаласына қайта оралып «Самара» газеті жыне «Новый город» газеттерінде жариялайды.
1895 жылы «Челкаш» әңгімесін, сонымен қатар «Кәрі Изергиль», «Қарға» өлең әңгімелерін жазады.
1897 жылы Фома Гордеев романын жазу кезінде Горький Чеховпен, Толстоймен танысады.
1901 жылы «Үшеуі» романын жазады, ал 1902 жылы драматург саласына бет бұрады. «Мещана» және «Бүгінгі күні» пьессасын жазады.
1904 – 1905 жылдар аралығында «Варвара», «Сәбилер күні» пьессалары үзінде Ленинмен танысады. 9-қаңтар күні патша үкіметіне қарсы шығу кезінде ұсталып, қоғамның көтерілуімен босатылады.
1906 жылы шет елга саяхатқа шығып сатиралық бағытта буржуазиялық мәдениетке көңіл қойып Франция мен АҚШ-та болып «Менің сұхбатым», «Жаулар», «Америкада» пьессаларын аяқтап «Ана» романын бастауға кіріседі.
1908 жылы туберкулез ауруына шалдығып Максим Горький Италияға, оның ішінде «Каприя! Жағалауында жеті жыл өмір сүреді.
1908 жылы «Соңғы» пьесса және де «Керексіз адамның өмірі туралы» повесін жазады.
1913 жылы «Жұлдыз», «Правда» газеттерінде, содан соң әдеби көркемдік «Просвещение» журналында алғаш пролетарлық жазушыларына арнап «Италия жайындағы ертегі» жинағын жазады.
1912 – 1916 жылдар аралығында қоғамға және саясатқа араласа бастап интеллигенцияны жақтайды. Ал сол жылдар аралығында әңгіме мен очерк жазуға бет бұрып «Руси» жинағы және сонымен қатар «Менің университетім», «Жастық шақ» туралы повесін жазып 1923 жылы аяқтайды.
1921 жылы Лениннің ұсынысы бойынша шетелге емделуге кетеді.
1924 жылы Италияға қайта оралып «Соронто» қаласында Ленин туралы қатты толғанады, ойлайды. Сөйтіп, 1925 жылы «Артомонның ісі» туралы роман жазады.
1928 жылы Совет үкіметі жеке Сталиннің шақыруымен елге қайта оралады. Елдің әл-ауқатын көтерілгендігін байқай отырып «Совет Үкіметі» атты очеркісін жазып қалдырады.
1931 жылы Максим Горький Совет Үкіметіне біржолата оралады. I Кеңес жазушылар съезіне әлеуметтік ұсыныс туралы ойын білдіруге өз сөзін жеткізуге мүмкіндік алады. Совет үкіметі кезінде Максим Горький көптеген газет-журналдарға арнап пьесса жазумен біржолата кіріседі.
1925 – 1936 жылдар аралығында жазған «Клим Салыгиннің өмірі туралы» романы басталып аяқтай алмай кетеді.
1936 жылы 18 маусымда Москва қаласында дүние салып «Қызыл алаңда» жерленеді.
М. Горький «Ана» романын заман бейнесін, шындығын, сол кездегі сай адам характерлерін, олардың қарым-қатынасын шыншыл да әсерлі етіп қалдырған. Бұл «Ана» романы жалпы айтқанда дүние-жүзі әдебиетіндегі жұмысшы тобының революциялық өмір тынысын жырлаған тұңғыш шығарма болатын.
Бұл роман Ұлы Октябрь социалистік революциясы қарсаңында жоқшылықпен қайшылық еңсесіне енген жұмысшы тобының күресін айна-қатесіз жазған.
Бұл роман қазақ тілінде төрт рет басылып шықты.
Ал енді біздің М.Горькийдің аудармаларына тоқтала кеткеніміз жөн. Біз оларға тоқтала кетпей, оларды салыстыра кеткеніміз дұрыс болар.
Проза аудармасының жалпы жағдайын сөз еткенде бұл саладағы елеулі табыстарымызға тоқталамыз. Ғабит Мүсірепов еркін аударған. Горький әңгімелері ұлы жазушыны қазақ оқырмандарына танытуда елеулі қызмет атқарған. Мүсірепов М.Горький мәтінін қатал сақталмағанымен де ұлы жазушының шығармаларының жанын, жалынды пафосын суытпай жеткізген.
М.Горькийдің тамаша шығармасы «Ана» повесі дәл осы дәрежеде аударылған. Бірақ та көркем шығарманы аудару үшін, әсіресе М.Горькийдің шығармасын аудару үшін үш шарттың тіпті жеткіліксіз екені даусыз. Аударушы ең алдымен М.Горький стилінің өзіндік тамаша ерекшелігін, оның өмір құбылысын, адам мінезін, табиғатты суреттегенде философиялық терең ұғым бере отыратынын аңғармаған. Екіншіден аударушы М.Горький тілінің зор байлығын меңгеріп жетпеген. Аударма арқылы қазақтың әдеби тілін байытатын, соны кіргізе алмағаны былай тұрсын, аударушы осы күнгі әдеби тіліміздің табыстарын да лексикалық және стильдік жағынан толық пайдалана алмаған.
Повес басталғаннан-ақ М.Горький патша заманындағы жұмысшы слабодасының фабриканың сиықсыз, түнеріңкі, суық көзге елестейтін, сол кездегі қатал шандықты жазуға даярланған.
Орысшасы: «Каждый день над рабочей слободкой в дымном масляном воздухе дрожал и ревел фабричный гудок, и, послушные зову, из маленьких серых домов выбегали на улицу точно испуганные тараканы, угрюмые люди, не успевшие освежить сном свои мускулы (1 стр.)».
Қазақшасы: «Күн сайын фабрика гудогы жұмысшы слабодкасын түтіретіп, бұлдыр тартқан майлы ауаны жаңғыртып, қалтырап өкіре бастайды. Сонда өзінің бел қайратын ұйқымен тыңайтып та үлгермеген, тұнжырыңқы жұрт осы үнге бағынып, кіп-кішкене сұрғылт үйлерінен бейне үріккен тарақандар секілді көшеге жүгірісе шығады (М.Горький «Ана», 7-бет)».
Аударушы мұнда Горький суретінің ерекше бояуын бере алмай, образды сөздерді арзан сөздермен төлеген. Горькийдің айтуынша фабрика гудогы өкіріп, оның даусы дірілдейді, ал аудармашының айтуына гудок слободканы түтіретеді. Менің ойымша Горькийдің «өңдеуді» керек етпейтін тәрізді және де «бейне үріккен тарақандар секілді» дейді аудармашы. Осындай бір мағыналы «бейне», «секілді» деген сөздердің бірі алдынан, бірі соңынан қолданғанда аударушы мағыналы үстемелей толықтыратын әсер бермейді, қайта орынсыз сөзді қыстыру арқылы ойды әлсіретеді.
М.Горький патша замандағы жұмысшының азапты, қараңғы өмірі езіп жіберген Павел Власовтың әкесінің мас болып отырған кезіндегі үзіндісінде: «глухим голосом, наводившим тоску, выл песню, широко открывая рот и закрыв глаза».
Аудармада былай болып шыққан: «Екі көзін жұмып, аузын айрандай ашып, адамға қайғы түсіретін мұңлы дауыспен сұқсұрдай сұңқылдап өлең айтатын.
Бұл жерде яғни аудармада екі түрлі. Біреуі жұп-жұмыр, бірден көзге елестейтін жанды, ал біреуі ішкі мағынасы қайшы емес. Бұл шығармада, яғни үзінді кісіні тарықтыратын ұлыған мұңлы дауыспен өлең айтып отырған мас адам қалайша сұқсырдай сұңқылдайды.
Әрине бұл шындық көріністі дәл бере алмайтын, автордың ойын бұрмалап, құнын түсіріп жіберген аударма.
Сонымен қатар тағы бір үзіндісін талдайтын болсақ:
«И по щекам ее медленно текли слезы» деген қарапайым, ұғымды жұмыр сөйлемді аударушы: «Ананың бетінен жайлап қана көз жасы аға бастады» (15 бет) деп аударады. Бұл біріншіден қате сөйлем. Кісінің көз жасы бетімен ағуы мүмкін, бірақ бетінен шықпайды. Екіншіден, аударушы осы қарапайым сөйлемді қып-қысқа, жинақы берудің орнына, сөзді үнемдемей, бейпіл жұмсап, нашарлатып алған.
Сонымен қатар бұл шығармада аударманы салыстыра отырып адам бейнесін қалай суреттегенін ауыстыру жағынан айтатын болсам: Яғни одан әрі аударушы Горькийдің адам бейнесін суреттегенде оның келбеті мен ой дүниесін астастырып, сыртқы көрінісінің өзінен-ақ адамның мінезіне терең бойлап, сырын аша суреттейтінін ұқпаған. М.Горький «Ана» шығармасының ішіндегі, елеулі бір кейіпкері жұмысшы қауымның ортасынан шыққан «кітапшыл», пәлсапаға берілген.
Рыбинді былай жазған:
«Он говорил тихо, но каждое слово его речи падало на голову матери тяжелым оглушающим ударом, и его лицо, в черной раме бороды, большое, траурное, пугало ее. Темный блеск глаз был невыносим, он будил ноющий страх в сердце» (8 бет).
Қазақшасы былай болып шыққан:
«Рыбин жайлап сөйлеседе, оның әрбір сөзі анасына естен тандырарлық, ауыр соққыдай болып тиді. Оның қара сақал мен әсерленген үлкен қаралы беті анасын үрейлендірді. Көздерінің қарауыта жарқалдаған жанары адам төзерлік емес, жүректі жүйткітіп қорқыныш тудырғандай еді» (64 бет).
Жай салыстырып қарағанда аударма ұқсас тәрізді. Бірақ Горький берген үрейлі адамның жанды суреті аудармадан сезілмейді. Өмірге өзіндік философиямен қарайтын «құдай іздеуші» Рыбиннің анасына еткен бір түрлі «киелі» адамдай үрейлі ауыр әсері де сезілмейді.
Тағыда бір үзіндісінде:
«Глаза у него были прищурены, и взглядом опытного владыки людей он испытующе щупал лица рабочих. Перед ним снимали шапки, кланялись ему, он шел, не отвечая на поклоны, и сеял в толпе тишину, смущение конфузливые улыбки, в которых уже слышались раскаяния детей, сознающих, что они нашалили» (9 стр.).
Қазақшасы: «Көздерін сығырайтып алған, жұртты билеп-төстеуге машықтанып қалған қожаның көз қарасымен жұмысшылардың бетіне сыр тартқысы келгендей тесіле қарайды. Біреулер оның алдында бөріктерін алып, бастарын шұлғып жатты. Ол ешкімнің сәлеміне жауап қайтармастан алға өтіп барады. Мұның алдында топ бірте – бірте тына бастап, кейбіреулер абыржыған, ұялаған пішінмен күлімсірейді. Бәсең дауыстар да естіледі; бұл дауыстардан өздерінің істеген тентектіктерін мойнына алған балалардың өкініші сияқты өкініш те естіледі» ( 70 бет ).
Бұл көркем аударма емес, тек мағынасын түсіндіретін аударма. Көпке мәлім, М. Горький көркем сөзге өте жауапты қараған адам. Ол шығармасында көріністі, әсерді сезімді бұрмалайтын сөз құрамы кездескен жазушыларға үнемі кейіп отырған. Ал, аударушы мұнда атақты шебер жазушыға қиянат істеп, яғни жансыз етіп беріп отыр. «Сыр тартқысы келген кісіше» тесіле қарайды? Автор тесіле қарайды демейді, жұрттың қабағын аңдып көз жүгіртіп байқап келеді дейді. «Уже слышались раскаяния детей сознающих, что они нашалили» деген оралымды аз сөз берілген бейнелі сөйлемді аударушы: «Бұл дауыстардан өздерінің істеген тентектіктерін мойнына алған балалардың өкініші сияқты өкініш те естіледі» деп, сөзді орынсыз бейпіл жұмсап, олпы-солпы сөйлеммен әсерін кемітіп аударған.
Горький сөздерінің терең мағыналы, жалынды күші де аудармада екпінді ырғағынан айырылып, әлсіреп кетіп отырады.
Жалпы айтқанда:
«А Павел, выбросив из груди слово, в которое он привык вкладывать глубокий и важный смысл, почувствовал, что горло ему сжала спазма боевой .........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 14 | 2.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті, Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Горький шығармаларының аударма нұсқасы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін