Қылмыстық құқық | Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелде

 Қылмыстық құқық | Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелде

Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1-тарау.Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі.Таным теориясы мен шындықтың ұғымы.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі............................5-7
1.2.Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны...........................8-10
1.3. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы...11-15 1.4.Таным теориясы дәлелдеме теориясының негізі................16-18
1.5.Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны..................19-21
1.6.Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі кепілдіктері.....................................22-25
2-тарау.Дәлелдемелерді қайнар көздері мен олардың іске қатыстылығы.
2.1.Дәлелдемелердің қайнар көздері...........................................................26-28
2.2.Дәлелдемелерді топтастыру....................................................................29-35
2.3Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі.............................36-41
2.4.Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы...................42-51
2.5.Техникалық құралдарды қолдана отырып жедел-іздестіру жолымен алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік
шарттары...............................52-54
Қорытынды......................................................................................55-
Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы ,яғни тәуелсіз еліміз 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық ,зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады.
Құқықтық мемлекет тек парасаттылыктың ,әділлеттіліктің шынайы белгісі ғана емес ,сонымен бірге адамның бостандығын, қадір -қасиетін ,
ар-намысын, теңдігін қорғайтын демократияны қалыптастыратын күш.
Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтық емес халықтың шынайы еркін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекеттің демократиялық принциптері мемлекеттің жүргізіп отырған соттық-құқықтық реформасында одан әрі дамып жетілуде. Халықаралық-құқықтық нормалардың басымдығының ішкі құқықтардан жоғары болуын мойындау республиканың заңдық актілерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді талап етеді. Бірінші кезекте бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында кездесетін құқықтық қатынастарға қатысты.
Қ Р Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасы қолданыстағы заңнамалардың құқықтық реттеу жұмыстарында кездесетін олқылықтарды толықтыра отырып олардың нормаларын келешекте жетілдіру және олардың қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларында тереңдету қажеттілігін атап көрсетті.
Бұл жерде заңдық актілерді дайындау ісі сілтеме жасалатын нормалардың санын азайтумен және заңдардың мүмкіндігінше нақты болуымен сипатталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындау барысында құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіруді бәрінен бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ететін тұрғыдан қаралуға тиісті басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізіп отыр, бұған нормативтік құқықтық актілердің көптеп қабылдануы дәлел. Солай бола тұра олардың көптеген ережелері істе белгілі мүддесі бар істің белсенді қатысушыларының құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелер төңірегінде заңды жетілдіруге бағытталған.
Қылмыстық іс қатынастар саласына тартылған өзге тұлғалардың қылмыстық іске қатысуына байланысты түйінді мәселелер ғылыми және норма шығару қызметінің аясынан тыс қалуда.
Іс жүргізу форма дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде, бағалауда және пайдалануда ғана емес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында тәртіп ережелерін анықтайтын немесе міндеттер мен талаптарды белгілейтін құқықтық ұйғарымдарды сақтауда да ықпал ететін әртүрлі дәрежелі азаматтардың факультативтік қатысуымен қатар міндетті қатысуын да қарастырады.
Осыған байланысты қандай да бір іс жүргізу әрекеттің ісін дұрыс және тиімді жүргізуге қажетті тұлғаларды қылмыстық іске қатысу үшін таңдау мен тартуда қиындықтар жиі кездесіп отырады. Заңда бекітілген іс жүргізу қызметті жүзеге асырудың ережелері қаншама жетілдірілсе де олар процессуалдық іс-әрекеттердің тиісті түрде өтуімен қамтамасыз ететін тұлғалардың қылмыстық сот ісіне қатысуына байланысты барлық мәселелерді толығымен реттей алмайды.
Бұл мәселені қалыптасқан соттық-тергеу тәжірибесін талдау және заңнамаларды жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу қызметті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ғылыми жетістіктерді пайдалануға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу жағдайында шешуге болады.
1.1. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу
құқығының түсінігі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің
25-бабында қылмыстық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайтыны көрсетілген.Ол мына принциптерге негізделінген:
-іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді, заттай айғақтарды соттың, прокурордың ,тергеушінің, анықтаушының еркін бағалауы;
-соттың өз тұжырымдамаларында қылмыстық ізге түсу органдарының бағалау пікірлері мен байланысты болмауы;
Қылмыстық іс жүргізуде заттай айғақтар дәлелдеме қатарына жатқызылған.Сондықтан да заттай айғақтар дәлелдеме міндеттерін атқаратыны айқын болып табылады.
Кінәсіздік презумпциясы принципі бойынша кінәлінің айыбын құқық қорғау органдарының қызметкерлері заттай дәлелдемелер арқылы заңдылықты сақтай отырып дәлелдеуге тиіс.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;
ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы "дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен затгарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Тар мағынасында бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
а) дәлелдеме-шындықты анықтаудың процесі не әдісі;
ә) дәлелдеме-тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу" терминімен белгіленеді.
"Дәлелдеме" ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай деп жазды: "...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі нақты фактілермен жұмыс істейді".
А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
а) соттық дөлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
б) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
в) соттық дәлелдемелер арқылы занда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме — қылмыстық іс жүргізу қүқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға кұқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115-бабында былай деп жазылған: "Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәледдемелер болып табылады".
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
а)дәлелдемелердің ҚІЖК-сінде көрсетілген ережелерге сәйкес алынуы;
б)дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
в)дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
д)мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
е)жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінөсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына:
- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауаптары;
-сарапшы қорытындысы;
-заттай айғақтар;
-іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
1.2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны.
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының кұрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы "дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, зандық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды қамтиды".
Қылмыстық іс жүргізу кұкығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды: "Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
а) таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
б) осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде керінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
в) қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің ерекшелігі мен мазмұны туралы;
г) қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
д)соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтін пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.
Дәлелдеу құкығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан керінеді: дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады; аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу қүқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары кылмыстық іс жүргізу құкығы нормаларының кұрамдас бөлігі болып табылады;
дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге белінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды терендету процесіне дәлелдеу құқығының оң ыкпал етуінің негізі болып табылады; дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құкығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!