Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы казакша Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны құру туралы мемлекеттік жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатуға ерекше көңіл бөле отырып, азаматтардың барлық құқықтарының қорғалуына құқықтық кепілдік береді. Еліміздің құқықтық саясатының концепциясының негізгі міндеті – болашақта қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманы жетілдіру мен қатар нақты нормалардың негізін қалайтын қағидаларды бекіту, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Осындай жетістіктерге жетудің міндеттерінің бірі-қылмыстық істі қысқарту институтын жетілдіру.
Зерттелген статистикалық мәліметтер бойынша орташа алғанда әрбір оныншы қылмыстық іс алдын ала тергеуде іс бойынша өндірісті қысқарту нысанында аяқталады. Олардың көп бөлігі, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар ақтамайтын негіздер бойынша жиі қысқартылады. Құзіретті мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде көптеген қиындықтар туындайды, қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың өзгеруіне байланысты іс бойынша жеке негіздерге жіктеу негізінде қателіктер жіберіледі, қылмыстық істің қысқартылуына прокурордың заңдылықты тексеруі мен қадағалауды ұйымдастыруда кемшіліктер байқалады. Мұның себебі қылмыстық істі қысқарту жөнінде теориялық зерттеулердің жеткіліксіздігінде деп білемін.
Аталған ғалымдардың еңбектері қарастырып отырған құқықтық институтты жетілдіруге әсер етті, бірақ сұрақтардың барлығын шешкен жоқ, ол сұрақтар қазіргі таңға дейін дискуссиялы болып отыр.
Егемен Қазақстан Республикасы тарихи дамудың жаңа сатысына қадам басып, нарықтық қатынастарға негізделген жаңа экономикалық жүйе құру үстінде.
. Оны мемлекет және қоғамдық өмірде нағыз, негіз етіп қою. Өткен саяси өмірде мемлекет мүддесі халық мүддесінен басым болған, ал қазіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды.
Біздің мемлекеттің ең маңызды мемлекеті – мемлекет азаматтың алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы құқығын қамтамасыз етеді.
1.1. Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын
Қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізуші қызметінің аяқталғаны туралы шешімі. Қылмыстық істі қысқарту тек заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады, ол негіздер мыналар2:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән – жайлар.
Қылмыстық істі қысқартудың заңды негізі соттың, тергеушінің, анықтаушы органның, прокурордың қаулысы болып табылады, оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Қылмыстық істі қысқартылардың алдында сезіктіге, айыпталушыға істі қысқарту негіздері, сондай-ақ олардың заңда көзделген негіздер бойынша істің қысқартылуына қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық істің жалғастырылуына негіздердің пайда болуы қылмыстық істің тоқтатылуын бұзу туралы қаулы қабылдануын қажет етеді. Істі жалғастыру қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі шегінде жүзеге асырылады. Көріп тұрғанымыздай, бұндай қорытындыға келу алдын ала тергеудің аяқталуының жалпы түсінігінің дұрыс тұжырымдалмауымен негізделеді, егер бұл түсікті тек тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылдаумен және айыптау қорытындысын жасар алдында іске қатысушыларды істің материалдарымен таныстырудан тұрады деп шектесе, алдын ала тергеудің аяқталуының өзге нысанын қарамай тұрып, қылмыстық істі қысқартуды тек бір реттік техникалық акт деп түсінуге болмайды.
Бұл өндірісте кінәлілік немесе кінәсіздікке қатысты сұрақтар шешілмейді: тек қылмыстық істі қысқартудың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Мүмкін бұл сот өндірісін ерекше өндірістер қатарына жатқызуға болатын шығар. Негізінен «ерекше өндіріс» деген түсінікті жоққа шығаруға болмайды1. Бұндай өндірістерге кінә мәселесіне қылмыстық заңның материалдық нормаларын қолдану мәселесі қарастырылмайтын шешімдер жатады.
Қылмыстық процесуалдық заңға сәйкес алдын ала тергеу органдары қылмыстық іске қатысты бірқатар мәселелерді шешулері қажет: оқиға болған жерде қылмыс болды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, белгілі бір анықталған тұлғамен жасалды ма, ол тұлғаның кінәсі бар ма. Осы сұрақтардың біреуінің теріс болуы, алдын ала тергеу органдарының қылмыстық істі қысқартуға болады.
А.Я.Дубинскийдің ойынша істі мәнісі бойынша қарау «істің өмірін» анықтаудан, нақты тұлғаның өмірін анықтаудан тұрады2. Кінәлілік немесе кінәсіздік мәселесіне қатысты емес шешілуі мүмкін. Мәселен, егер қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартса, тергеу барысында басқа да нақты тұлғаның қатысына байланысты мәселе шешілмесе, онда істі мәнісі бойынша шешілді деп санауға болады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің тікелей сипаты бар. Тергеу органдары істі сотқа жібермей-ақ фактілерді нақтылай алады.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық әрекет,тұтас қылмыстық процесуалдық әрекеттердің бір бөлігі сияқты.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Бұл институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінде шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексінде шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
Тергеуші, прокурор қылмыстық істі іс жүргізушілік кодексінің 37 және 38-баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы. Сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиіс3.

1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.
Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.
Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл екінші акт, ал кейде ақау (брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын жазумен аяқталады. Мұндай көзқарасты қолдайтын автолардың пікіріне толық қосылуға болмайды деп есептеймін.
Себебі біз сезіктіні немесе айыпталушыны кінәсі дәлелденбесе ұзақ уақыт қамауда ұстай алмаймыз, яғни тиісті органның нақты дәлелдемелері болмаса ұстау мерзімі өткеннен кейін ұстауға құқығы жоқ.
Мұнда кінәсіздік презумпциясы туралы сөз қозғауға болады1. Әр адам оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады
Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе, онда уақытында қылмыстық істі қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.
Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады. Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады.
Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады. Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын төмендетеді.
2. Қылмыстық істі қысқартудың негізгі шарттары.
2.1. Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
Қылмыстық істі қысқартудың негіздерінің түсінігі және жүйеленуі.
Қылмыстық істі қысқартудың негізгі жағдайы мен себебі болып, істі қысқартудың негізі табылады. Әрбір негіздің өзіндік сипаттамасы бар. Олар бір бірін алмастыра да толықтыра да алмайды. Заңи әдебиеттерде қылмыстық істі қысқартудың негіздерін жүйелеу енгізілмеген .
Атақты профессор В. Случевский өндірістік істі жалғастырудың негіздерін фактілік және заңдық деп бөледі1. Осы көзқарасты ұстаушы ғалым И.Я.Фойницкий қылмыстық істі қысқартудың фактілік жағдайларына айыптауға жеткілікті негіздердің болмауын, істің мәнісі бойынша айыпталушыға ұсынған айғақтардың жеткіліксіздігі, ал заңдық жағдайларына – қылмысмтық әрекетті, жазаны жоятын жағдайларды себептерді жатқызады2.
С.А.Шейфер келесідей жүйелеуді ұсынады:
1.Қылмыстылықты жоятын немесе қоғамға қауіптілікті жоятын негіздер.
2. Жазаны жоятын негіздер
3.Бір айыптау бойынша екінші рет айыптауды жоятын негіздер5
М.С.Строгонович қылмыстық істі қысқартудың негіздерін үш топқа бөлген. Бірінші топқа:ол заңға сәйкес қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатын, жоятын негіздерді, ал екінші топқа: тергеушіге қылмыстық істі ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 16 | 2.02.2019



Загрузка...
Читайте также

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қылмыстық кодекс жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыст, Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін