Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы

Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы

Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы казакша Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы на казахском языке
Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Адамдар арасындағы қарым –қатынас. Топтар. 3
2. Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері. 5
3. Психологияның жаратылыстык – ғылыми негізі 9
4. Иррадиация, концентрация және индукция – жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары. 17
ІІІ.Қорытынды
Әдебиеттер

1. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ТОПТАР.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат - әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметттік тұлға. Сондықтан, оның өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдар, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған негізделген адамдардың бір-біріне және осы топқа тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның объектісіне жатады.
Байланысты топ – белгілі кеңістік пен мерзім арасындағы мақсат- мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы – мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы – адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар құрады. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті нәрселер сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың әңгімелер айтып, қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы өз арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді. Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бірін-бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп арасындағы өндіріс бригадасының ұйымдасып еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншік ретінде құралған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым. Оның шығу тегі - отбасы. Отбасы – белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеуметтік өмірінің тірегі де – осы отбасы. Ұрылар мен гангстерлердің бандысы да – топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдастыруының ішкі және сыртқы мақсаттары – жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдану нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ – бұл аралас топ деп аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым –қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә) ассоциация – бұл күрделі топ, топтың іс- әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек; в) ұжым – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дара түрде қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.
2. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘН - ЖАЙЫН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.
Американдық психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарам-қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) әр қилы. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының үйлесімді болуы немесе бір-бірін ұнату, ұнатпауы олардың сезімдік-эмоциялық күйлеріне байланысты.Топ ішіндегі қатынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін матрицалық кесте –«А», «Ә» суреттерінде берілген.
Матрица кестесінде I, II, III деп көсетілген рим цифрлары таңдалған серіктер ретін білдіреді, ал «-» белгісі партада бірге отырғысы келмейтін құрбыларды көрсетеді. I цифр бойынша таңдалғандарды Ә-суретіндегідей етіп социограмма жасап көрсетуге болады. Ол үшін сыныптағы экспериментке қатыстырылған оқушыларды таңдау алған санына сәйкес 5 топқа бөлу керек. 1-топқа таңдауды көп алғандар жатады. Олар – топ ішіндегі «ұйытқы». 2-топтағылар құрбылары арасында беделді. Олар 25-75 % таңдау алған. 3 - топтағылар – ішінара, 25 % таңдалғандар. 4-топ – бірде-бір таңдау алмай, елеусіз қалғандар. 5-топтағылар – құрбылары жаратпай не менсінбей, бір партада отырғысы келмейтіндер.
Социограмма құрастыру үшін ұлдар ,қыздар белгісімен таңбаланады, социограммада ұлдарды шеңбердиаметрінің оң жағына, қыздарды сол жағына орналастыру керек.
Кіші топтағы оқушылардың өзара қарым-қатынасының тұрақтылығы оқу –тәрбие істерін тиімді әдіс-тәсілдер қолдана отырып жүргізгенде жемісті болмақ. Социометриялық зерттеу әдісін 4-6 айда бір қайталап, шәкірттердің өзара қатынасын анықтап отыру белгілі бір нәтиже береді. Бұл социограммада оқушылардың топ ішіндегі өзара қарым-қатынас түрлері көрсетілген. Қойылған сұрақтар таңдау критерийлері делінеді. Топтағы адамдардың жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін сыналушыға, мысалы, «Сен туған күніңе кімдерді шақырар едің?» деп сұрақ қойып, «1-кімді, ол келе алмаса, 2- кімді, оның жағдайы болмай қалса, 3-кімді қалар едің?» деп анықтау керек. Сыналушыға теріс жауап беруді талап ететін сұрақтар да қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен кіммен бір партада отырғың келмейді?» деген сұрақ қойылады. Таңдаудың дұрыс және теріс түрлерін белгілеу 5-«Ә» суреттегі сызбалар арқылы бейнеленеді.
Жоғарыда айтылған диффузиялық топтың тағы бір ерекшелігі – бұл топтағы адамдардың өзара үйлесім тауып, бір – бірімен сыйысымды болатындығы. Мәселен, ұзақ сапарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік кеңістікте ұзақ мезгіл бойы бірге болып, өзара тіл табысуы. Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары арқылы зерттеледі. Бұл тәсілде адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның қиын жағдайына икемделу мүмкіншіліктері арнайы жасалған үлгі бойынша қарастырылады.
Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекеттерінің мақсат-мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып отыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт – жеке адамның топтың атқаратын іс-әрекеттеріне илануы. Бұл – психалогиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады.
Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахуалы дифференциалдық диагностика тәсілімен зерттеліп, олардың бағыт-бағдарынан, іс-әрекет түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген мәселе негізгі мақсат етіп қойылады. Дифференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы әр қилы іс-әрекеттер мен құбылыстардан нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып білу деген түсінікке саяды.
Рет саны Фамилиясы мен аты Таңдалғандар және тыс қалғандар
Әлия А. II I III -

Сая Ж. I III II -

Гүлім Ә. I II - III

Дәмелі С. III I II -

Ерік А. III - II

Әнуар Ғ. I - III

Тимур Д. III I II -

Бақыт Б. III I II
Таңдалғандардың жиынтығы
I 0 1 3 0 3 1 0 0
II 0 1 1 1 0 4 0 1
III 0 2 2 2 0 0 0 2
Таңдаудан тыс қалғандар 0 0 0 0 1 0 6 1
Екі жақты таңдаулар 0 2 2 2 2 2 0 2
А-сурет. Топтағы адамдардың өзара таңдауын көрсететін матрица-кесте
қыздар ұлдар
5 –«Ә» сурет. Топ ішіндегі өзара қарым-қатынас социограммасы.
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ (б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешіліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни, олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса – сангвиник (латынша – сангуис); сөл көп болса – флегматик (грекше – флегма), өт көп болса – холерик ( грекше – холе) және күшті пропорция қара өтте болса – меланхолик – грекше – мелайнехоле – қара өт) деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды
3.ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ –ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән- жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажеттті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ , ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне беймделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі ( перифериялық) және ішкі (вегативтік) жүйке жүйелерінің өн – бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әртүрлі шеткі нервтер жатады. Орталық жүйке жүйесінің бөліктері көп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысының қызметі төменгілеріне қарағанда барынша күрделі болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын жуандығы 1 см – дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см –ге дейін жетеді. Жұлыннан жан - жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп –созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстарымыздың орталығы болып саналады.
Миға сырттан келген әсерледі жеткіткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім – шеткі (перифериалық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі – сыртқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. Екіншісі- ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфференттік (әкетуші) жүйке талшықтары.
Ішкі (вегетативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі – адамның ішкі мүшелерін әрекетін басқару. Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі секреция бездері т.б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесін симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын боса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсіре бастайды. Вегативтивтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда антагонистік қайшылық тудырып отырады. Мұндай әрекет адамның сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.
Адам жүйке жүйесінің құрылымы өте күрделі әрі нәзік. Ми қабығының қалыңдығы – 2 -5 мм-дей. Ми қабығында 200- дей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әр алуан.
Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің әрекеті мен ұштастырады. Сондай-ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап, реттеп отыратын мүше ретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адамның миының қабығын сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы метрге тең болар еді. Адам миының салмақ құрылысының аса күрделі және кемелденіп жетілегн материа екендігін мынадай салыстырмалы мысалдан да айқын аңғаруға болады.
Кит Піл Жылқы Ит Маймыл Адам
1/ 20 000 1/ 5000 1 / 400 1 / 250 1 / 100 1 / 46
Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың өзіндік салмағы мен салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының жиырма мыңнан бір бөлігіндей, маймыл салмағы денесінің жүзден бір бөлігіндей ғана екен. Ал адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір бөлігіндей. Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік ететін жан-жануарлардың бәрінікінен де артық екендігін көрсетеді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар психология жо, Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін