» » » Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу казакша Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
2. Салық міндеттемесінін есебі. Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
3. Корпоративтік табыс салығы.
4. Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі.
5. Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі
6. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
7. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздариен есептесулердің есебі
8. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу — ол пайыз (процент) турінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 3010 «Банк несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылады.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Улттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие неізінен оны өтеу кабілеті бар кэсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынныңөзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты аралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.
Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі етіп кеткен карыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен кауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жакты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша турінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесі оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, болса, кәсіпорынның берген өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін.
Әдетте, қарыз (ссуды) шоттары банктерде есеп айырысу шоты ашылған жерінде ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілгенөтініш-міндеттемесін ұсынуы керек.
1. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖУРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.
Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындардың құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы), сондай-ақ жоғарыда аталған нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешіін табуы мүмкін.
Алматы сауда қаржылық банкісіне несие алу тілегін білдіру
Алматы қ. «28» маусым 2002 ж.
Қарыз сұраушы: «АЛСИ» ЖШС .
Мекен жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2, үй 8 .
Реквизиті: Қазақстан Халық Банкісі, СН 600400063768, ИИК 3467726, Кбе 17, БИК 190501956
Несиенің мақсаты: ТМҚ алу .
Несие сомасы: 500000 (бес жүз) мың АҚШ доллары .
Несие мерзімі: 6 (алты) ай .
Несиенің игеру графигі .
Несиенің өтеу графигі .
Несиенің тұрі .
Қамтамасыз ету .
(кепілдік, гарантия, алынатын (алынуы тиіс) шоттары)
Қаржыландыру көзі .
(өз қаражаты, банкі несиесі)
Несиені өтеудің көзі .

Басшы:
Бас бухгалтер
М.О.
Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың.) өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.
Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.
Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады.қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған қндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «Кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандырі соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнына несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.
Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарызданушы банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі. Ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.
Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есепьтен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндег» ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.
Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануының және қамсыздандырылуын тексері нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.
Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.
Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.
Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 "Банк несиелері" шоты кредиттеледі. Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.
Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 "Банк несиесі" шотына: "Мерзіміңде өтелмеген ссудалар" немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.
Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және 3380 "Төленуге тиісті процснтгер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жылдық қарыз Несиенің
пайыздың х қалдығы х берілген : 360 күн
мөлшерлемесі күнінің саны
Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы теңге дебет кредит
1 2 3 4 5
1 03.01.2002 ж есеп айырысу шотына несие аударылды 1105600 1040 3010
2 Келісімшарттың жағдайына сәйкес несие қаражатын пайдаланған мерзіміне есептелген пайызы:
- І тоқсан
8000х141,8х20%х90/360=56720 теңге
- ІІ тоқсан
8000х142,6х20%х90/360=57040 теңге
- ІІІ тоқсан
8000х142,75х20%х90/360=57100 теңге
- IV тоқсан
8000х142,75х20%х90/360=57800 теңге
Несиенің нақты сомасы 28.02.2001 ж. өтелді, 2001 жылдың екі айына есептелген пайыз сомасы – 38100 теңге (8000х145,3х20%х59/360). Алынған несие бойынша барлық есептелген пайызы 266760теңге. (56720+57040+57100+57800+38100) 266760 7310
7320 4160
3 Есептелген пайыз сомасы төленді 266760 4160 1040
4 Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді, яғни 8000 АҚШ долларының эквивалентінде
- алғашқы алынған несие сомасы
- бағамдық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған, айырма сомасы-56800 теңге (8000х145,3-8000х138,2) 1103600 3010
7450
7460 1040
1040
Шетелдік валютада алынган несиенің есебі. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға құкылы. Несие занды тұлға-резиденттерге қолма-қолсыз, яғни акшасыз тәртіпте ғана беріледі. Валюталық құңдылыктарды өкілетті банк-кепілдік ретінде занды тұлға-резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және ол шетел және ұлттык валютада беріледі.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес, егер олардын сомасы 100 мың доллардан және 120 күннен аспаса. Бұлардын, қатарына каржылық лизингі де жатады.
Несиені алған кезде 1010 немесе 1050 шоттары дебеттеліп, 4010 шоты кредиттеледі. Ал егерде алынған несие кайтарылса, онда 4010 шоты дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі, 4010 шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі жүргізіледі.
Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.
Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге үстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.
Ипотека жагдайында кепілге салынғаң мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші түлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.
Ипотека несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды камтамасыз етеді.
Егер де келісім-шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да кұқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, кондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да кол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұракты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім-шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының кұкығы ипотекалық куәлік берілуімен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 5 | 22.01.2019


Загрузка...
Читайте также

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар к, Курстық жұмыс: Банк ісі | Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін