Курстық жұмыс: Экономика | Ағымдағы міндеттемелер есебі

Курстық жұмыс: Экономика | Ағымдағы міндеттемелер есебі казакша Курстық жұмыс: Экономика | Ағымдағы міндеттемелер есебі на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттемелерінің экономикалық-құқықтық маңызы 5
1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі 7

2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ, СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ («ЖАРАСЫМ» ЖШС НЕГІЗІНДЕ) 14
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу 14
2.2 Кәсіпорынның бюджетке салық және басқа да төлемдер бойынша берешек есебі 17
2.3 Жеткізушілерлермен және мердігерлермен есеп айырысу есебі 20
2.4 Алынған аванс бойынша есеп айырысу есебі 21

3 АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 22
3.1 Ағымдағы міндеттемелер есебін жүргізуде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктері 22
3.2 Салық төлемдері бойынша бюджетпен есеп айырысудың автоматтандырылуы (Соно , Салық төлеушінің кабинеті бағдарламалары) 23

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттемелерінің экономикалық-құқықтық маңызы


Шаруашылық жүргізуші субъектілер деп пайда табу үшін қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын коммерциялық ұйымдар.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсан N 269-XIII Азаматтық кодексіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъекті заңды тұлға болады, егер :
1) Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар болса;
2) сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса;
3) атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алса;
4) өзі сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады
5) Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс;
6) Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Міндеттемелердің тууы, олардың түсінігі және орындалуы Азаматтық кодекстің 3-бөлімі « Міндеттмелік құқық» бөлімімен реттелі отырады.
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады . Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;
2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;
4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.
Бухгалтерлік есепте «міндеттеме» терминін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы былай тұжырымдайды: «Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
В.Л.Назарова өзінің «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтердік есебі» оқулығында міндеттмені былайша түсіндіреді: Міндеттеме - бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордьң нақты эрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартынау (бас тарту), ал кредит беруші борьшқорынан өз міндетін орьндауын талап етуге құкылы.
Міндеттеме - өткен кезең окиғасыынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағымына әкеп соғады.
Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
ақшалай қаражатпен төлеу;
активтерді табыстау: қызмет ұсыну;
міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру; міндеттемені капиталға аудару.


1.2 Ағымдағы міндеттемелер есебінің жіктелуі


Халықаралық қаржылық есеп сандарты және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бойынша міндеттемелер келесі топтрға бөлінеді. Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жьшдан көп) болып жіктеледі.
Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің жіктелуіне толығырақ тоқталайық. Бухгалтерлік есепті жүргізу мақсатында ағымдағы міндеттемелердің құрамын төмендегі міндеттемелер құрайды:
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
2) Салықтар бойынша міндеттемелер»;
3) Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер;
4) «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек», оның құрамы:
- Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
- Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
- Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
- Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек,
- Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі;
- Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар
- Алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуы;
- Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек.
Сонымен әр-біріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
І Қаржылық міндеттемелер. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер қаржылық қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның банк алдындағы қаржылық міндеттемесі алған несиесін қайтару және оған пайдалан ғаны үшін пайызын төлеу, сондай-ақ банк қызметтерін төлеу. Сондай-ақ қазіргі таңда шаруашылық жүргізуші субъектілердің несие алудағы маңызы сөзсіз.
Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық зандылығымен байланысты..
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Банктен несие алу ушін 6ipінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмемін, ережелерін, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана несиелендірілетін шаранығ техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқара деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т.б.) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.
Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.
Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.
Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-Жеткізушілерлер мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 "Банк несиелері" шоты кредиттеледі. Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.
Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 "Банк несиесі" шотына: "Мерзіміңде өтелмеген ссудалар" немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.
Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және 3380 "Төленуге тиісті процснтгер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
ІІІ Салықтар бойынша міндеттемелер. Салық міндеттемесі мемлеқет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады жөне ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2008 жылдың 10-ы. № 99-ІV ҚРЗ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі кабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
Мемлекеттің салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
1) салық органында тiркелу есебiне тұрады;
2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;
3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердің сомасын есептейдi;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.
3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме салық кодексінің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.
Салық кодексі республикалык және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салыктың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен баска да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сөйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және баска да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құкьіғы Қазакстан Республикасының зан органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек ғана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінІң міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердін мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ағымдағы міндеттемелер есебі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Ағымдағы міндеттемелер есебі, курстык Ағымдағы міндеттемелер есебі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық, Курстық жұмыс: Экономика | Ағымдағы міндеттемелер есебі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін