Курстық жұмыс: Экономика | Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

Курстық жұмыс: Экономика | Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі казакша Курстық жұмыс: Экономика | Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................................3
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі.........................................................4
Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі........................................................................8
Есеп айырысу операцияларының формалары мен құралдары..........................................12
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі........................................................................17
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі.............................................................20
Инкассалық жарлықтармен есеп айырысу есебі................................................................22
Чекпен есеп айырысу есебі...................................................................................................24
Аккредитивтік есеп айырысу есебі......................................................................................27
Қорытынды.............................................................................................................................30
Қоданылған әдебиерттер тізімі............................................................................................31

Кіріспе
Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражатары банктерде олардың қызмет сипатына сәйкес ағымдағы және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.
Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады.
Есеп айырысу міндеті болып қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету табылады.
Кәсіпорындар және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған бнктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша түрінде жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты болып банктерде болатын негізгі есеп айырысу операцияларын қарастырып және олардың есебі туралы жалпы түсініктеме беру, сонымен қатар тақырыптың мазмұнын ашуға тырысу табылады.
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу операциялары мынандай түрлерге бөлінеді:
- банктік шоттар ашу;
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
- алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
- төлемнің шартын өзгерту немесе қайтару;
- валюталық операцияларға бақылау жасау;
- шоттың архивін беру;
- шоттан қолма-қол ақша беру;
- ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассалау;
- құндылықтарды жеткізіп беру.
Есеп айырысу операциялары мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
-банктік емес сектор;
-жеке сектор;
-бантік сектор – банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
-пошта байланысы арқылы;
-телеграф-телетайп байланысы арқылы;
-телефон байланысы арқылы;
-электрондық байланыстар арқылы;
-СВИФТ (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы.
Есеп айырысу формаларына қарай:
І. Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:
-кредиттік;
-дебеттік;
-ашық шот арқылы;
-аккредитив;
-инкассо.
ІІ. Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы.
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
-толық есеп айырысулар;
-жартылай есеп айырысулар;
-өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айырысулар.
Қатысушыларға байланысты банктің есеп айырысу операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:
-клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;
-негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар (1-кесте).
Жіктелу критерийлері
1-кесте
Қатысушылар құрамы Төлем құралдары Операцияның атқарымдық бағыты Есеп айырысу нысаны
Банкаралық
Клиенттік
Ішкі банктік Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу
Чекпен есеп айырысу
Вексельмен есеп айырысу
Карточкамен есеп айырысу Шот ашу бойынша операциялар
Шот жүргізу бойынша операциялар
Кассалық операциялар
Акцептік операциялар
Талаптарды беру операциялары
Авальді операциялар Аккредитивтік операциялар
Аударым операциялары
Инкассолық операциялар
Клирингтік операциялар
Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:
-аккредитивтік операциялар;
-инкассолық операциялар;
-аударым операциялары;
-клирингтік операциялар.
Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:
-төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
-чектермен есеп айырысу;
-вексельдермен есеп айырысу;
-төлем карточкаларымен есеп айырысу;
-қолма-қол есеп айырысу.
Есеп айырысу операциялары Қазақстан Республикасының 28.07.1998 жылғы «Ақша төлемі және аударымы туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен екінші деңгейлі банктерде төлемдерді жүзеге асыру және төлем құжаттарын пайдалану туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.
Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:
- төлем тапсырмаларымен;
- төлем-талап тапсырмаларымен;
- инкассолық жарлықтармен;
- чектермен;
- аккредитивтермен;
- вексельдермен;
- банктік карточкалармен.
Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
Есеп айырысу операциялары негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.
Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозит қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №266 бекітілген «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банкті шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» нұсқаулықта көзделген. Осы нұсқаулыққа сәйкес банктерде ашылатын шоттар мынандай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерде шот ашу мынанадй құжаттарды талап етеді:
І. Резиднет заңды тұлғалар үшін:
-Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
-Статистикалық карточка;
-Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
-СТТН көшірмесі;
-Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент заңды тұлғаның басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;
-Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы Министрлігінен рұқсат қағаз;
-Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
-Қол қоюшы тұлғаға арналған бұйрықтың көшірмеі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;
-Банктік шот ашу туралы өтініш;
-Банктік шот туралы келісімшарт.
ІІ. Резидент емес заңды тұлғалар үшін:
-Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
-Статистикалық карточка;
-Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
-СТТН көшірмесі;
-Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент емес заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;
-Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
-Жеке куәлігі (көшірмесі);
-Банктік шот ашу туралы өтініш;
-Банктік шот туралы келісімшарт.
ІІІ. Шаруа қожалығы:
-Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
-СТТН көшірмесі;
-Жерді пайдалануға жер бөллімшесін беру туралы куәліктің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
-Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
-Жеке куәлігі (көшірмесі);
-Банктік шот ашу туралы өтініш;
-Банктік шот туралы келісімшарт.
ІV. Жеке кәсіпкерлер үшін:
-Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
-СТТН көшірмесі;
-Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Банктік шот ашу туралы өтініш;
-Банктік шот туралы келісімшарт.
V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттер үшін:
-ҚР Сыртқы істер министлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;
-Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
-Жеке куәлігі (көшірмесі);
-Банктік шот ашу туралы өтініш;
-Банктік шот туралы келісімшарт.
VI. Жеке тұлғалар үшін:
-Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
-СТТН көшірмесі;
-Жеке куәлігі (көшірмесі);
-Банктік шот ашу туралы өтініш;
-Банктік шот туралы келісімшарт.
Клиенттердің банктіік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі.
Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті – заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда – үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімінде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.
Есеп айырысу операцияларының формалары мен құралдары
Банктің есеп айырысу операциялары екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есепайырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.
Есеп айырсу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиенттердің банкте ашқан шоттарыкөмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегңмен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрддемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 2 сәуірде бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асатын, яғни 3884000 = (4000 х 971) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлерріне мыналар жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлем-талап тапсырмасы;
• инкассалық жарлық;
• чекпен есеп айырысу;
• вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынандай өзіне тән көрсеткіштері болуы тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коддды;
6) бенефициар-банктің толық аты-жөні және банкттік идентификациондық коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жащбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемдді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындаллу коды 199 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік класификаторы- төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен №388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бідей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштержүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:
І ІІ ІІІ IV V VI VII VIII IX X
Мұндағы:
І – ақшаны аударушының резиденттік белгісі;
ІІ – ақшаны аударушының экономика секторы;
ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі;
IV – бенефициардың экономика секторы;
V, VI, VII – валюта және бағалы металдар коды;
VIII – операция түрі;
IX – төлемнің сипаты;
X – төлемнің ашып көрсетілуі.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдалақтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:
«1» - резидент;
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономи, Курстық жұмыс: Экономика | Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін