👈 қаріп өлшемі 👉

Экономика | Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру

 Экономика | Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе ................................................................................................................. 3

I. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

1.1 Сыртқы экономикалық қызметтердің жалпы мәселелері ........................5

1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі .................................................9


II. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру


2.1 Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі ............11

2.2 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операцияның есебі.............15

2.3 Толлингтік операциялардың есебі ................................................................18

2.4 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі .......................................................................................................................19

III. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру мәселелері .............................................................................................................21
Қорытынды ........................................................................................................ 27
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................29


I. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

1.1 Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген Халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.
«Инкотермстің» барлық термині 4 базалық категорияға топтастырылған:
Кесте 1 - «Инкотермстің» категориялары
Топ Жабдықталудың
шартты белгілері Франкировка жағдайы (тасымалдау шарттары)
Е EXW Завод франкасы
F FCA
FAS
FOB Еркін тасымалдаушы
Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу
Еркін бортқа әкелу
C CFR
CIF
CFT
CIP
Құны және фрахтысы
Құны, сақтандыру және фрахтысы
Тасымалдауға дейін төленген
Тасмалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген
D DAF
DES
DEO

DDU
DDP Шекараға дейін жеткізілген
Кемемен жеткізілген
Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа дейін жеткізілген( баж салығы қосылған)
Баж салығын төлемей жеткізілген
Баж салығын төлеп жеткізген

«Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «F» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құрауына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген. «С» тобының шарты бойынша сатушы тасмалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жекікізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СIF тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады,фрахтысын анықтайды,жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп,оны өз есебінен мерзіміне сәйкес порт кемесіне тиеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді.Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп,СIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді. DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп теру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орнында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті. FAS жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту,фрахт) сатып алушы алады.Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады. FOB сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құны, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстары, т.б. кіреді.
«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгісі белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдалануы тараптардың келісіміне пайланысты болады. Кедендік төлем мөлшерлері мынандай түрлерге бөлінеді:
адвалорлық-салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына проценттпен есептеледі;
ерекше-салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;
аралас-салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерін екеуіне де үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:
-техникалық құжаттаулар-техникалық төлқұжаты, сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждауы, техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты және т.б.
-тауарлы-ілеспе құжаттаулары-тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы, құрастырушы тізімдемесі.
-транспорттық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары-теміржол накладнойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық накладнойы т.б.) сақтандыру полисі немесе сертификаты;
- қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілді куәлігі т.б.
- есеп айырысу құжаттаулары – шот фактурасы, аударма векселі ( тратты);
- банкы құжаттаулары – валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі.
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді.



1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі

Шетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін №9 БЕС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық операцияларында шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына: шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер; шетелдік валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б. Бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған: 431, 432, 452.Ал басқа активтерімен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 301, 333, 511, 671, 687 т.б. демек, шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жазбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарды (касса кітабында, кіріс және шығыс касса ордерлерінде, есеп регисторларында) номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін.
Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны, аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес акривтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне байланысты қайта есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табыстың және шығыстың айырмасын ажырата білу қажет. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпараттарына сүйену керек («Biomberg» немесе «Reuters»).
Бағамдық айырма бухгалтерлік есепте және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады (танылады):
-шетел валютасында көрсетілген дебиторлық және кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты, операциялар бойынша жасалған ҚР ҰБ есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың бағамынан ерекшеленетін болса;
-әрбір есептік күнге шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттарды қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса;
Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген:
-тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу кредиторлық қарыздардың төмендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша).
II. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру

2.1 Тауарлың импорты бойынша жасалатын операцялардың есебі

Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдықтарды, тауарларды, материалдық емес акривтерді және басқа да мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айрысудың есебі 671 «Мердігерлермен және жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады:
-шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу-есеп айырысу алдында инкассалық тәртіпте есептелінеді, содан соң акцептеу, акредитив, шотты ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.
-коммерциялық неисе бойынша шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу.
Есеп айырысу операциялары бойынша жүреді, онла олардың аударма векселінің акцептелген немесе акцептелмеген жағдайында импорттық тауарлар жеткізіледі.
-шетелдік валютада берілген векселдер. Есеп айырысу, шетел жабдықтаушыларына берілген коммерциялық несие бойынша есептелінеді ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы