Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау

 Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлауды теориялық негіздері
1.1 Инновацияның мәні, белгілері және түрлері..................................................4
1.2 Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.....................................................7
2 Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау
2.1 ҚР – сы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметінің
маңызы және саясаты............................................................................................10
2.2 ҚР - ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі және инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері...................................................................14
3 ҚР – да өнеркәсіп кәсіпорындарының индустриялық – инновациялық даму стратегиясы
3.1 Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті басқарудың жаңа тәсілдері..................................................................................................................21
3.2 Қазақстандағы индустриялық – инновациялық 2003 – 2015ж.ж
даму стратегиясы...................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................35


1 Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлауды теориялық негіздері
1.1 Инновацияның мәні, белгілері және түрлері
Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми – техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
1) Өнімділік;
2) Үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға, негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
Кәсіпорынның қызметін әзірлеуде, енгізуде жаңалықтарды:
- Жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізі;
- Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
- Жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- Қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
- Жаңалықтарды іс - жүзіне асыруда бағытталған ұйымдастырушылық басқарушылық шешеімдерді әзірлеу және енгізу;
- Қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- Қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметтерді арнайы әдіспен іріктеу;
- Лицензиялау, патенттеу, ноу – хоу жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
- Инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
1. Жаңалық идеяны әзірлеу, ғылыми – зертханалық жұмыстар, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми – зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
2. Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу.
3. Жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
4. Қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
5. Жаңалықтарды іс – жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
6. Қажетті ғылыми – зерттеу конструкциялық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
7. Қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
8. Лицензиялау, патенттеу немесе қажетті қаражаттарды ал
1.2 Инновациялық процестің негізгі кезеңдері
Жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу:
Біріншіден, өзіміздің бәскелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып, технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек. Сырттан жаңа технологиялар әкеліп, оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай – ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен шұғылданатын конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет.
Екіншіден, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар жасақтау.
Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу шарт. Ғылыми – зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш – жігер жеке меншік сектордың еншісіне тигені жөн.
Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың нақтылы секторында сұраныс туатын болады.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.
Дүниежүзiлiк Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн екендiгін көрсеттi.
Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар
Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндiрiстiң кеңеюiне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге сұраныстың көлемiн бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестiру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп жүзеге асыру кезiнде ғана компанияларға пайда түсiредi.
Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану мемлекеттiк және жеке институттарда белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген дамушы елдердiң қолы жетпейдi.
Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар
Іскерлiк ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк саясат шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-қатынасты нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:
сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат көзi болып табылады;
жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк тәжiрибе жинайды;
ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң пайда болуына ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi болып табылады.
Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс iстейдi.
Рыногы жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудiң және iскерлiк ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа келтiру үшiн ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке болуы мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.
Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерiмен байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн беру үшiн мемлекеттер нарықтық бағалауды ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.
Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке кәсiпкерлердiң беделдi топтары үкiметке күшті ықпал еткен кезде не болуы мүмкiн екенiн көрсеттi.
2 Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау
2.1ҚР – сы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметінің маңызы және саясаты
Қазақстанның өнеркәсіпөндірісі жылдар бойы күйзеліс - дағдарысқа ұшырап, құлдыраудан кейін 1999 жылдан бастап даму жолына түсті. Ал қай елде болмасын экономиканың дамуы өнеркәсіптің жағдайына байланысты болатыны белгілі. Кейінгі жылдары дами бастаған Қазақстан өнеркәсібі — кен өндіру өнеркәсібінің, оның ішінде шикі мұнай өндіру есебінен өсуде.
Сондықтан да оның сипаты шикізат өндіруші болып отыр. Бұл, әсіресе, экспорт жәие импорт құрамынан да көрінеді. Мәселен, 2003 жылы Қазақстан экспортының құрамында минералдық өнімдердің үлес салмағы 65 пайыз, жай металдардың үлес салмағы 20 пайыз, осы екі шикізаттардан тұратын өнімдерді бірге алғанда, олардың үлесіне барлық экспорттың 85 пайызы келеді.
Осы жағдайлар ескеріле отырып, экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы» бекітілген.
Көптеген себептерге байланысты Қазақстандық өнеркәсіп өндірісі 90-жылдары үлкен күйзеліске ұшырап, аса қатты құлдырап кеткені белгілі. 1995 жылдан бері оның көлемі жыл сайын өсіп келеді. 1995 жылғы өнеркәсіп өндірісінін көлемі 1990-жылғы көлемнің жартысындай ғана болса, 2002 жылы ол 72,9 пайызын құрады. 2003 жылы 1990 - жылдың деңгейіне жақындай түсті.
Енді 2003 жылғы өнеркәсіп өндірісінің жағдайын нақты деректермен талдап көрелік. Өткен жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?