Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан  өнеркәсіптеріндегі  инновациялық  жобалардың  тиімділігі казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан  өнеркәсіптеріндегі  инновациялық  жобалардың  тиімділігі на казахском языке

Кіріспе
Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
Нарықтық экономикадағы маңызды факторлардың бірі – бәсекелестік. Ол адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеде анықтайды. Бәсекелестік –нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы.
2006 жылғы 1 – наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.
«Әлемнің 50 бәсекелес елінің қатарына қосылу үшін біздің еліміз қандай жұмыстар атқаруы керек? Ұлттық экономикамыздың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру қандай факторларға байланысты?» - деген сауалдар бәрімізді толғандырады.
Ең әуелі «бәсекелестік» деген сөздің мәніне тоқтала кетейік, бұл:
- біріншіден, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік жасайтын өзге бәсекелестерінен асып түсетін артықшылық жасай білу қабілетін;
- екіншіден, бәсекелестік сол артықшылықты пайдалану және ұзақ уақыт ұстап қалу қабілетін білдіреді.
Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі бұл экономиканың, соның ішінде, өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы, ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды өткізуде бәсеклестік артықшылықтарды пайдалану, сондай-ақ, өндірісті заман талабына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды.
Экономиканың негізгі қозғалысы инновацияларға тәуелді және инновациялар арқылы сол елдің қандай бір ресурстар мен факторларға деген кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар инновацияларды пайдаланып қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Елдердегі экономиканың жетекші салалары негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары есебінен артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарықтарға шығуына бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал келеді.
Қазақстанда ірі өндірістік әлеуетінің болуы оның ұлттық экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға объективтік негіз болып табылады. Бірақ Қазақстанның қазіргі жағдайындағы өндірістік құралдар шығындық экономикағасай келетіні жасырын емес. Себебі, жалпы өнімнің ұлғайған бөлігі «ішкі» айналымға жұмсалатындықтан, жеткілікті деңгейде ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде негізгі өндірістік қорлардың жоғары дәрежеде моральдық және заттай тозуы, өз кезегінде құнсыздануына әкеліп, ақыр соңында бәсекелестік қабілеттілікті арттырудың тежегішіне айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдаланатын салалар мен қызмет көрсету аясындағы өндіргіш күштерінің құрылымын өзгерту қажеттігі сапалы экономикалық өсуі мәселесінен туындайды. Ондай мәселені шешуде барлық өндірістік ресурстарды, соның ішінде негізгі өндіріс қорларының қайырымдылығын арттыруға мүмкіндік жасайтын жаңа ғылыми-техникалық және адами факторларды пайдалану қажет.
Бәсекелестік қабілетті қалыптастыратын факторлардың іс-әрекеті адам әлуетімен толықтырылады. Адамның мүмкіндіктерін іске асырудың маңызды бағыттарына еңбек, оны ынталандыру және кәсіпкерлік ресурс жатады. Нарыққа өту кезінде Қазақстанда жекеленген техникалық мамандықтарға қажеттілік болмағандықтан, оларды даярлау қысқарғаны белгілі, ал қазіргі кезде олардың тапшылығы сезілуде. Жалпы елімізде жұмысшы-кадрларды даярлаудың кәсіби деңгейі төмен.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері мен жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: өнеркәсіптеріндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобалар жүйесі.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру:
- Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері;
- Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым;
- Өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттлігінің критерийлері мен факторлары;
- Өнекәсіптің инновациялық қызметі;
- Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізу;
- Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен өнімділігін арттыру жұмыстары;
- Қазақстан өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инновациялық жобаларды инвестициялау.
1. Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің шарттары мен негіздері
1.1 Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік.
Сапа және өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі дүниеде әмбебап сипатқа ие. Кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнеркәсіп саясаты, атап айтқанда, талдап жасалатын бағдарламалар мен заңнамалық актілер, мемлекеттік қолдау шаралары басты және басым мақсаттарға – қазақстандық өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағындырылуы тиіс. Бәсекеге қабілеттілік – елдің, кез келген өндірушінің тауарлар мен қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты барлық жиынтық мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптің дамыған бәсекелестік нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады.
Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзінде туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта өткізуге жататын өімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтық механизмдердің дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сипат ала түсті, және де оны шешу нарыққа қатысушы субъектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жолдары мен әдістерін белсенді түрде іздестіруді талап етті. Осыған байланысты қазіргі заманғы экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын нығайтуүшін кез келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикалық және өндірістік өткізу стратегиясының басты бағытына айналады.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше толығырақ түсінік беру қажет.
Бәсекеге қабілеттілік – бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді: бәсекеге қабілеттік дегеніміз – бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдық болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.
Нысанның бәекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.
Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, ол елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі –бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларын адаамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:
- өнеркәсіп тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
- өндірілетін тауарлардың түрі;
- нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);
- нарыққа кірудің жеңілдігі;
- нарықтың біртектілігі;
- осы нарықта жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптердің бәсекелестік
позициялары;
- саланың бәсекеге қабілеттіліг;
- саладағы техникалық жаңалықтар;
- өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.
Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді тұжырымдағанда мынадай болады:
1.Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы.
2.Өнеркәсіптің клиентке жақындығы.
3.Өнеркәсіпте дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.
4.Адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арқасында өнімділіктің өсуі.
5.Өнеркәсіп үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету.
6. Өз позициясында бекем тұра білу.
7.Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, басқару және қызметшілер саны деңгейіненің минимумы.
8. Бір сәтте жұмсақ әрі қатаң бола білу. Неғұрлым маңызды мәселелерді қатаң қабылдауда ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын беру.
Нарық қатынастарының әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл мәселелерді өзара байланыста шешу жәнеаталған принциптерді пайдалану өнеркәсіптердің бәсекег қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді.
Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен өнім өндіруші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі өзара бөлік пен бүгін секілді ара қатынаста болады. Компанияның белгілі бір тауар нарығыныда бәсекелесу мүмкіндігі тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және өнеркәсіп қызметінің бәсекелестік күрес нәтижелеріне ықпал ететін экономикалық әдістерінің жиынтығына тікелей байланысты.
Өнеркәсіптердің нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінің бәсекелестігіне айналатын болғандықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын өнеркәсіп хабарлаған өнімнің қасиеттерінің маңызы артады. Өнімнің бәекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толығырақ ашып көрсету үшін өнім туралы толық түсінік беру қажеттігі туындап отыр.
Тауар – нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және тұтынушылық құны бар, белгілі бір сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы болады, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады. Тауар – экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуіүдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардың бәсекелес тауардан қоғамдық тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсекеге қабілеттілігіне ие болу керек.
Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттіліктің «жұмсақ» құрамдас бөліктерін қарастыратын болсақ. Өнеркәсіптердің нарықтық бәсекесі мен олар орналасқан елдердің бәсекелестігі бір-біріне өзара ықпал етеді. Интервенциялық саясаттың өзі-ақ өнеркәсіпке үлкен зиян тигізуі мүмкін және сонымен бірге Швейцария сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана саятаттың ісі бола алмайды, оған өнеркәсіптердің өзі де өз үлесін қосуы тиіс. Бәсекеге қабілеттіліктің осынау басты аспектілерінің негізінде бәсекелестік күрестің «жұмсақ» құрамдас бөліктері деп атауға болатындай нәрсе жатыр, олар ақшамен бағаланбайды және жалпы алғанда сандық тұрғыдан да анықтау қиын.
Өнеркәсібі дамыған елдерде бұл құрамдас бөліктер дамушы елдерге қарағанда, әділетті, үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге «жұмсақ» құрамдас бөліктер саяси айла-амалдарға көнбейді, ал оларды өзгерту, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру немесе инфрақұрылымды құру сияқты қиын жүзеге асырылатын шараларға қарағанда ұзағырақ уақытты талап етеді. Талдап жасалынған зерттеу әдістерінің жоқтығына қарамастан бәсекелестік күрес факторларының бұл тобын ескермеуге болмайды. Олардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
Бәсекеге қабілеттілік көп жағдайда ықылас пен еңбек ете білуге байланысты. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзінше нәрсе деген сезім жетіспейді. Егер әңгіме бәсекеге қабілеттілікті салыстыру тұрғысында болса, онда бір ғана еңбек өнімділігінің болуы жеткіліксіз.
Өзін-өзі жетілдірудегі икемділік пен әзірлік. Сөз жоқ, дәстүрлерге, шешімдердің тексерілген нұсқаларына бейімділіктің және тағы басқалардың өз артықшылықтары бар. Алайда мүлдем басқаша менталитетке ие, клиенттің кез келген қалауы мен жаңа тенденцияларға жедел назар адаруғаәзір бәсекелестермен күресте бұл басымдықтар ештеңеге жарамай қалады.
Қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге әзірлік. Мұны қаламау, әсіресе егер ол экономиканың маңызды салаларының бірі болған жағдайда, қоғамның дамуы үшін өкінішті болуы мүмкін. Жұртшылық қызмет көрсету саласында жұмыс істеп, адамның абырой-беделін пәсейту дегенді білдірмейтіндігін түсіну керек. Бұл клиент басты қалыптасушы тұлға болуды қалайтын және болуға тиісті бәсекеге қабілетті экономика үшін қажет қалыпты жұмыс.
Наразылық деңгейі. Дамыған елдердің халқы өздерінің жоғары өмір сүру деңгейін жай бір солай болуға тиісті сияқты қарауға кеткен. Мұндай позиция қоғамдағы кез келген икемділіктен айырады, ақыр соңында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Бұл мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік кепілдіктер жүйесін, жұмыс күшіне шығындар деңгейін басқаруға келмейтіндей етеді.
Сыртқы дүниеге ашықтық. Шетелдік тауарлардың ішкі нарыққа енуіне, шетел азаматтарының өнеркәсіп акцияларының бақылау пакетін алу мүмкіндігіне кедергі жасау, өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарын асыра бағалуға бейімдік , әлемдік тәжірибені үйренуді қаламау және тағы басқалар экономикаға келеңсіз әсер етеді.
Жұмыс күшінің жұмылдырушылық әзірлігі. Өмір сүрудің жоғары деңгейі, әлеуметтік кепілдіктердің дамыған жүйесі жұмыс күшін оқуға, шетелде жұмыс істеуге, басқа елдердің тәжірибесін үйренуге деген ықыласын жояды. Елдердің бұл орайдағы артта қалушылығына ішкі жұмыс күші нарықтарының сыртқы әсер мен араласудан жабық болуы септеседі.
Бәсекелестік рухы. Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік рух бар жерде қалыптасады. Мысалы, швейцариялықтардың тілі, менталитеті ондай сападан толық айырылған. Олар талас пен қақтығыстарды емес, картельдік келісімдерді артық көреді. Корпоративтілік қоғамдық келісімдер деп аталатынның негізі болды, өткендегі табыстарға едәуір дәрежеде соның арқасында қол жетті.
Бәсеке – ұсыныс сұраныстан артық болатын жағдайдағы қажетті құбылыс, және де ол әдетте өндірушілер арасында емес, тауарлар арасында туындайды. Бәсекенің мынадай түрлері бар: функционалдық, түр-тұрпаттық, заттық, бағалық, жасырын және заңсыз.
Функционалдық – бірдей қажеттілікті түрліше қанағаттандыруға болатындықтан туындауы мүмкін.
Түр-тұрпаттық – ұқсас тауарларды түрлі өнеркәсіптердің немесе бір өнеркәсіптің шығаруы, бірақ әртүрлі безендірумен. Өнеркәсіптің өзінің бет-бейнесінің болуы маңызды.
Заттық - әдетте түрлі өнеркәсіптердің ұқсас тауарлары арасында болады.
Бағалық – неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты жаулап алуға болады.
Бәсекеге қабілеттілік – бұл ең алдымен тек қана салыстырмалы, демек тауардың қасиетін салыстыра бағалау екендігін ұмытуға болмайды. Егер нарықта тұтынушылар тауарларын басқа өндірушілердің тауарларымен салыстыратын бәсекелестер болмаса, онда тауардың бәсекеге қабілеттілігі туралы айтуға да болмас еді.
Сөйтіп, өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- нысанның тиісті нарыққа шығарылған, ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруын сипаттайтын қасиетін;
- осы нарықты ұқсас нысандармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін;
- белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирманың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажетін қанағаттандыруы дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі жағынан айырмашылығын көрсететін сипаттамасын айтады.
1.2 Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен факторларына баға беру қажет.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нарықтың саралануы ықпал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үдерістен бастау керек.
Нарық сараланымы – бұл нарықтың ерекше бөліп көрсетілген бөлігі, тұтынушылардың, тауарлардың немесе өнеркәсіптердің кейбір ортақ белгілері бар тобы.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай-ақ өндіріс технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа өнертабыстарымен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандыруда осы заманғы құралдарды енгізу аса маңызды әсер етеді.
Шикізаттың тауарларын өндіруші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейі көбінесе олардың қандай тауарлар сататынына, тауарлар қайда және қалай тұтынылатындығына байланысты.
Фирманың нарықтағы бәсекелестік позициялары, сондай-ақ фирма ұлттық мемлекеттік органдар мен басқада ұйымдар тарапынан экспорттық несиелер кепілдігін беру, оларды сақтандыру, салықтар мен алымдардан босату, экспорттық жәрдем қаражат беру, нарықтардағы конъюнктуралар туралы және басқа ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы алатын қолдау мен жәрдемге байланысты болады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында бағаланады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курст, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін