Экономика | Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу

 Экономика | Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу

Мазмұны

КIРIСПЕ .................................................................................................................…..3

I КӘСIПКЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ -ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ ....................................................................................5

1.1 Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi ................................5

1.2 Рыноктық экономикадағы кәсiпкерлiктiң маңызы және оны мемлекеттiк реттеу шаралары .................................................................................................12

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ................................................15

2.1 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтiң қалыптасуы және даму мәселелерi ..............................................................................................……………15

2.2 Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу саясаты ......18

2.3 Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсiпкерлiктiң алатын
орны ………………………………………………………………………………...22

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................28


I КӘСIПКЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ -ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ

1.1 Кәсiпкерлiк: экономикалық мазмұны, белгiлерi, түрлерi

Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк – рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады.
Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi – новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi – шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады. Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу болып табылады.
Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi. Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы. Iске кiрiскендн алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық болады, оны болжап, дәл айту қиын.
Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
• кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
• кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
• шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр профильдi , көп профильдi;
• шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк , агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында.
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес - бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға, тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес: коммерциялық немесе саудалық бизнес - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк , коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әр бiр бизнесмен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, содықтан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат. Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.
Сақтандыру бизннесi: сақтандыру эканомикалық қарым-қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:
• Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
• Серiктестiк немесе партнерлiк;
• Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?