Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Мазмұны

Кіріспе.................................................................3-4
I. Негізгі бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру.
I.1 Коммерциялық банктер туралы түсінік және оның қызметтері................................................................................5-10
I.2 Банктердің пассивтік операциялары..............................11-17
I.3 Банктердің активтік операциялары................................18-23
II. Бөлім. Коммерциялық банктердің басқа да операциялары
II.1 Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары.........24-30
II.2 Банктің комиссионды-делдалдық операциялары.......31-34
III. Бөлім. Қорытынды.............................................35-36
Пайдаланылған әдебиеттер....................................37


I. Негізгі бөлім. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру.
I.1. Коммерциялық банктер туралы түсінік және оның қызметтері

Ең алдымен біз коммерциялық банктен бұрын, банктің қайдан шыққаны, қай ғасырларда, қай қалаларда пайда болғаны, банктің қандай ұғым беретініне біраз тоқтала кетсек.
Банктің маңызды элементі банктер болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализімнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғасырларда пайда болған. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталық болғандықтан, әр елдің ақшалары тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Сонымен банк сөзіне анықтама беретін болсақ.
“Банк” сөзі “ banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” таурлармен сауда жасалатын алаңдаррда құрылған. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, елдің ақшаларына айырбастауға маманданған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңға сәйкес, “банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Сонымен қазіргі түсінікте “коммерциялы банк” - бұл еркше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақша төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30-наурызда қабылданған “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31-тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республика заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылыққ қызметтерді жүзеге асырады. Коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты. Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның стандартты фоамасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамығаны шет елдермен айырмашылығы әмбебапта. Сонымен қатар коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жузеге асыру үшін Ұлттық банк лицензия береді. Банк ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
Банк операцияларын жургізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ғана ашуға құқылы.
Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға,
ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде екінші деңгейдегі банктер туралы айтылады.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланыст жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
 мемлекеттік;
 акционерлік;
 жеке;
 пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
 аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
 әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына
бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
 маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін
банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
 халықаралық;
 мемлекетаралық;
 ұлттық;
 аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
 өнеркәсіптік банктер;
 ауыл шаруашылық банктер;
 сауда банктері;
 құрылыс банктері;
 басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
 филиалсыз;
 көп филиалды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктеік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімімен алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттрды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік бантердің Қазақстан Республика аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдылық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттармен тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- Қазақстан Республика аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органның жазбаша расталымы;
- өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республика аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органның жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ-касса) - Қазақстан Республика аумағындағы банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Қазақстан Республика Ұлттық банкті екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құру немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап; бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операциялрды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап, бір жылға дейінгі жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.
Қазақстандық тәжірбиеде басқа дамыған шетелдік тәжірбиелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазастандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50%-дан астам бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған соммасы, яғни 50% - ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50 % - ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады
I.2. Банктердің пассивтік операциялары

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылғандықтан, оған анықтама баерген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: ”пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары”, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немес активті - пассивтің шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасы білдіретін оперцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе де болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік оперциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алды.
Пассивтік операциялардың мынадай фоамалары болады:
коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
банктің пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
басқа да заңды тұлғалалардан несиелер алу;
депозиттік операциялар.
Сондай-ақ банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
банктің жарғылық капиталы;
банктің резервтік капиталы;
қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
сақтандыру резервтері;
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – заңды тұлғасы ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары соммасынан тұрады.
Банктің меншікті қаражаттарының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивидиендтер төленеді.
Банктің тартылған қаражаттары – заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Әлемдік банктік тәжірбиеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ – депозиттер;
II топ – депозиттік емес тартылған қаражаттары.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді