Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты на казахском языке
Мазмұны
КIРIСПЕ ...........................................................................3
I РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯ ........................................5
1.1 Инновация туралы жалпы түсiнiк .........................................................5
1.2 Инновациялық процесс және инновациялық қызмет .........................8
1.3 Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттiң ролi ........11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ..............................15
2.1 Қазақстан Республикасында инновацияның дамуы және оны
қолдау шаралары ........................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясы ..........................21
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................26

КIРIСПЕ
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Қ.Р-ның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.
Сондықтан мен пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi елiмiз үшiн инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып өту болып табылады.
Менiң бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым мен мiндеттерiмдi келесiдей топтастыруға болады:
• Инновация туралы жалпы түсiнiк қалыптастыру;
• Инновациялық өнiмдi iске асырудағы инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi мен оның мақсаттарын анықтау;
• Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
• Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
• Ұлттық инновациялық жүйенiң құрылымы;
• Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.
Мiне осыншама мақсаттар мен мiндеттер курстық жұмыс деңгейiнде емес, ол бүгiнде елiмiз экономикасы дамуының негiзгi бағыты болып отыр. Себебi, елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. /8/
Инновациялық саланы мемлекеттік басқару индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асырушы ғана емес, оның бағытын анықтап, сол процестердің қарқынды дамуына ықпал етіп,дұрыс орындалуын қадағалайтын бірден-бір қуатты құрал. Біздің елімізде де осы мәселе дұрыс жолға қойылып, тікелей Президенттің қадағалауында екені көңіл қуантады.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
I РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯ
1.1 Инновация туралы жалпы түсiнiк
Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану , жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:
1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. /15/
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
• экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
• экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
• интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :
1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.
Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. / (4), 29 б. /
Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.
Экстенcивтi түрiне:
• Технологияда инвестицияның артуы;
• Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
• Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;
Интенcивтi факторларға:
• Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы;
• Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;
• Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
• Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi.
Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенcивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.
Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кетен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.
Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар. Көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.
Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.
Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.
XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:
• шикiзаттық бағыттағы экономика;
• дамушы экономика;
• индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы /4, 3б./.
Кесте-1 Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы
Қоғам түрi Индустрия ға дейiнгi Индустриалды Индустриядан кейiнгi
Мақсаты Өмiр сүру Экономикалық өсу Өмiр сүру сапасын арттыру
Базалық ресурстары Табиғат күшi, флора, фауна Пайдалы қазбалар Бiлiм
Таным әдістемесі Жекеден қоғамға Қоғамнан жекеге Жүйелiк анализ
Жүйелiк сипаттамасы, бiлiм беруi Бiлiм беру практикалық тәжiрибеде Мамандандырылған дайындақ, техника-инженерлiк Жеке салаға маманданған университеттiк бiлiм
Энергияны қолдану Бiрреттi Көпреттi Энергетикалық ресурстарды қолдануды оптималдау
Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру сипаттамасы Индивидуал
ные, коллективтi Конвейер Жүйе, CALS технология
Экономика құрылымы Алғашқы Екiншi Үшiншi Төртiн- Бесiн-
шi шi
Қызмет түрi Өндiрушi Өңдеу- Инфра-
шi құрыл-
дық Сервис Ақпар-
тiк аттық
Қызмет көрсетудiң негiзгi бағыты Ауыл шаруашылығы, пайдала қазбалар өндiру Өнеркә Сауда,
сiптiк қаржы,
өндiрiс көлiк,
байланыс Денсау Жинау,
лық, сақтау
мәдени өңдеу,
ет, ком ақпар-
мунал ат беру
дық
қызмет
Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге негiзделген экономика деп атауға да болады. Ендi осы экономикалық қоғамдарды толық түсiну үшiн келесi 1-шi кестеге көз жүгiртсек болады. Бұл кестеден көретiнiмiз бiздiң елiмiз әлi де болса индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде.
1.2 Инновациялық процесс және инновациялық қызмет
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi
1. Алынған ойларды жүйелеу:
• Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
• Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн анықтау;
• Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
2. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
• Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
• Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
• Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
3. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және маркетингтiк бағдарлама құру:
• Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
• Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және тұтынушылық қасиетiне баға беру;
• Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
• Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын өтеу мерзiмiн белгiлеу;
• Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу. Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар, кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
• Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
• Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;

4. Жаңа өнiмдi дайындау:
• Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
• Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
• Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын жасау;
5. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
• Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
• Сатылудың оптималды шараларын талдау;
• Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
• Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
6. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
• Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;
• Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
• Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
• Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. / 5 /
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста болып отырады. (Сурет 1)
1-сурет. Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы
* Купешова С.Т. автореферат : Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республики Казахстан
1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 51 | 11.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Курстық жұмыс: Экономика | Инновациялық инфрақұрылым
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Инновациялық инфрақұрылым
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды  инновациялық дамуы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы
Дипломдық жұмыс: Менеджмент | АҚ Каспий Нефть ТМЕ  компаниясының инновациялық жобасын басқару
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Менеджмент | АҚ Каспий Нефть ТМЕ компаниясының инновациялық жобасын басқару
Реферат: Педагогика | Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Педагогика | Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау
Ғашықтар күніне орай астаналық өрен қымыздан "махаббат коктейлін" ойлап тапты
Qazaqstan жаңалықтары
Ғашықтар күніне орай астаналық өрен қымыздан "махаббат коктейлін" ойлап тапты

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін