Курстық жұмыс: Кеден ісі | Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру

Курстық жұмыс: Кеден ісі | Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру казакша Курстық жұмыс: Кеден ісі | Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе ...................................................................….......3
І ТАРАУ. Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері
1.1. Кедендік бақылаудың түсінігі, мақсаттары мен міндеттері ...........................6
1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары .......................................16
ІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау Департаменті мысалында)
2.1. Әуе көлгінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері ..................27
2.2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау ..........45
2.3. Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану .....58
ІІІ ТАРАУ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары ............65
Қорытынды .......................................................................................................…....69
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ......................................................................72

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі атты бірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкімет алдына мынадай міндеттер қойған болатын: «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарламасын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет нарығын реформалауды жалғастырсын» [2].
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің Ү сессиясында кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.
2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.
2004 жылдан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасын дербес жүргізуге және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қол жеткізілді. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр, сонымен қатар барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары ашылды. Бұл алдағы уақытта, біріншіден кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетсе, екіншіден оның ашықтығын қамтамасыз етеді, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.
Сыртқы сауда қызметі – шетелдік мемлекетермен экономикалық байланыстын негізгі нысаны болып келеді, бұл ең алдымен, Қазақстан Республикасымен кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Сыртқы Экономикалық Қызметтін дамуы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауар және жолаушылардың ұлғаюына әсер етеді.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін, кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауы мен кедендік ресімделуін ұйымдастыруды талдау, сондай-ақ кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды ұйымдастырудың кедендік негіздеріне тоқталу;
- кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандарын ашып көрсету;
- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау;
- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану;
- кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу;
- әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыруды дамыту болашақтарын атап өту.
Жұмыстың дерек көздері. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, әр жылдары жарық көрген кеден ісіне байланысты әдебиеттер, Қазақстан Республикасы кеден органдарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінің материалдары, Астана қаласы бойынша Кеден бақылау Департаменті негізіндегі материалдар пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кедендік бақылаудың түсінігі, мақсаттары мен міндеттері
Кедендік бақылау – кеден органдарының заңдар мен халықаралық шарттар орындалуы үшін мемлекеттік кеден саясатына сәйкес жүргізілетін іс-әрекеті.
Кедендік бақылауға Қазақстан Республикасы кедендік шекарасынан өткізілетін, заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа, барлық тауарлар мен көлік құралдары жатқызылады. Кедендік бақылау белгілі бір ережелер бойынша құжаттар мен мәліметтерді бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау, жеке бақылау нысанында жүргізіледі.
Кедендік бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валютааралық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен осы кодекспен белгіленген тәртіпте және нысанда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексімен кеден органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасы мен халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеледі. Егер кеден заңнамасы және халықаралық шарттар сақталмаса немесе толығымен сақталмаған жағдайда, кедендер және Қазақстан Республикасы жоғары тұрған кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметтерін тексеруді, сондай-ақ кеден делдалдары немесе оларды бақылау қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарына жүктелген қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғаларды тексеруді жүргізуге құқығы бар.
Кедендік бақылау кедендік ресімдеу орындарында немесе кеден органдары орналасқан орындарда немесе кеден органдарымен белгіленген өзге де орындарда құрылатын кедендік бақылаудың белгіленген аймақтарында жүзеге асырылады. Осы аймақ ішінде тауарларды жылжыту, коммерциялық қызмет жасау тек кеден органының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Тауарлар осы немесе басқа кедендік режиммен босатылатын мерзім ішінде кедендік бақылауда болады. Қазақстанның кеден аумағынан тауарларды шығарған уақытта кедендік бақылаудың басталуы кеден органының кедендік декларацияны қабылдау сәтінен басталады. Қазақстанның кеден шекарасынан осы тауарлардың өткізілу сәтінен кедендік бақылау аяқталады.
Заңнама кедендік бақылау аймағында болудың рұқсат ету сипатын қарастырады, ол үшін кедендік бақылауға жатқызылатын тауарлар мен көлік құралдары, оған қажетті құжаттар болатын немесе оны бақылау кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын аумақтар мен орындарға кез-келген тұлғаның қол жетімділігі үшін кеден органының алдын-ала хабарландыруы талап етіледі.
Кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер мүдделі тұлғалармен ұсынылады. Бұдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы тұлғалардың операциялары мен шоттарының жағдайы туралы мәлімет алуға, кеден мақсатында қаржы және сыртқы экономикалық қызметті тексеруге құқығы бар, бұл тәжірибеде күрделі мәселені туындатады.
Кедендік бақылаудың негізгі қызметтеріне:
- кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету;
- азаматтардың, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың кеден ісін жүзеге асыру кезінде құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдау;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттің тәуелсіздігінің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- кеден бажы, салықтар мен өзге де кедендік төлемдерді алу;
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің рұқсат ету тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар (тауарлар – кез-келген қозғалатын мүлік, оның ішінде валюта, валюта құндылықтары, электрлік, жылу, өзге де энергия түрлері) және көлік құралдарына (Қазақстан Республикасы кеден аумағына тауарлар немесе көлік құралдарын әкелу немесе әкету бойынша әрекеттер жасау) қатысты тарифтік емес реттеу шараларын әзірлеуге және осы шараларды іске асыруға қатысу;
- кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жетілдіру, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауар айналымын тездетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау жатады [3, 184].
Жалпы кедендік бақылауды оның мынадай заттарға байланысты жіктеуге болады:
- тауарларды кедендік бақылау;
- көлік құралдарын кедендік бақылау.
Тауарларды жылжыту бағытына байланысты импорт (Қазақстан аумағына әкелінетін) және экспорт (Қазақстан аумағынан әкетілетін) тауарларын кедендік бақылаудың айырмашылықтарын көрсетеді. Кедендік бақылауды жүзеге асыруға әсер ететін тауарлардың жеке маңызды сипаттарын есепке ала отырып, оның түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- қол жүгін кедендік бақылау;
- иесімен бірге жөнелтілетін жолжүкті немесе иесімен бірге жөнелтілмейтін жолжүкті бақылау.
Кедендік бақылау кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын;
- оларды ұсыну Кеден кодексімен қарастырылған, кеден декларациясы, тауарлар мен көлік құралдары туралы құжаттар мен мәліметтер;
- кеден делдалдары, кеден тасымалдаушысы, сондай-ақ жекелеген кеден режимдері шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты тұлғалардың қызметі;
- тауарларды пайдалану және басқару құқығына белгіленген шектеулерді сақтау;
- кеден төлемдері мен салықтарды аудару және төлеу [3, 186].
Кеден органдарына жүктелген қызметтер кешенін жүзеге асыру үшін, ең алдымен, сыртқы экономикалық қызметі қатысушы мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру қажет.
Бұл қызметтер кеден органдарына тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу кезінде негізделген шешімді қабылдау үшін бір орында, бір органда өткізілетін тауарлар туралы ақпаратты жинап алу мүмкіндігі және осы тауарларды, құжаттардағы бар мәліметтерді тауарлар туралы нақты деректермен салыстыру, екі түрлі деректер арасында кездейсоқ немесе қасақана сәйкессіздікті табу және мемлекет үшін мүмкін болатын зиянды болдырмау, заңдар мен кеден ережелері бұзылуының себептерін айқындау және жою, оған қатысты тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылдау, осы бұзушылықтардың заңды біліктілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Кедендік бақылау объектілері: Қазақстанның кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары; олар туралы құжаттар мен мәліметтер; осы тауарларға қатысы бар жеке және заңды тұлғалар – тауар иелері; олардың тапсырмалары бойынша әрекет ететіндер – кеден делдалдары; декларанттар, кеден тасымалдаушысы және т.б., олардың құжаттары; нақты жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізудің белгіленген тәртібінің нақты жағдайына сәйкес келуі; тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден органдарының келісімен декларанттармен таңдап алынған кеден режимдерін ұсыну және таңдау мүмкіндігі болып табылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау Қазақстан Республикасы барлық кедендік аумағында ең алдымен, кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ еркін аймақтар мен еркін қоймаларда ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
Кедендік бақылау тауар қозғалысының, оның өндірісі, сақтау, сатып алу, сату, тиеу, түсіру, орау, тасымалдау, сақтандыру, пайдалану және т.б. сатыларына қатысты болады. Бұл тауарды шығарған мемлекеті, тауардың кедендік бағасы, оның сапасы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкестігіне жіктеу дұрыстығы, саны және т.б. туралы мәліметті тексеруде көрініс береді. Аталған мәліметтерді білу Қазақстан Республикасының заңнамаларын және кеден режимімен белгіленген халықаралық шарттарды сақтау туралы немесе тауарлар иелерінің немесе өзге де тұлғалардың тауарларды өндіруде, оларды кедендік шекара арқылы өткізуде немесе оларды шығарылуынан кейін пайдалану кезінде бұзушылықтары жөніндегі мәселелерді шешу үшін қажет.
Кедендік бақылау субъектілері болып Қазақстан Республикасы кеден жүйесінің органдары, тауарлар мен қызметтерді кедендік шекара арқылы өткізумен байланысты, сондай-ақ өзге де тұлғалардың кедендік шекара арқылы көлік құралдары мен жеке заттарын өткізумен байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастарында билік өкілдерінің функцияларын орындайтын лауазымды тұлғалар болып табылады.
Кедендік бақылау субъектілері сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен өзге де тұлғалардың осындай тексеріс процесінде кедендік заңнама талаптарының орындалуын, белгіленген фактілер бойынша шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асырылуын бақылау үшін ақпараттық негіздерді әзірлеумен байланысты нақты әрекеттерді жүзеге асыруға белгілі құзыреттермен (құқықтар, міндеттемелер және жүргізу пәнінің жиынтығы) ерекшеленеді.
Кедендік бақылау субъектілерінің қызметіне, басқаша айтқанда кедендік бақылауға кеден шекарасы арқылы тауарларын өткізуге қатысы бар бақылаушы тұлғалардың белгіленген құқылы және құқылы емес әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне әрекет ету ережелері мен кедендік нормаларды нақты сақтауды тексеру, бақылау объектілерін бақылау шараларының жиынтығы енеді. Осы шаралардың жиынтығы нақты жағдайларға байланысты болады, бірақ жалпы алғанда нақты объектілерді кедендік бақылауды және оларды басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді іске асырумен байланысты ұйымдастыру-басқару шаралары енеді. Кедендік органдардың ұйымдастыру-басқару шараларына:
- кедендік бақылау және тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу орны мен уақытын анықтау;
- кедендік бақылау жолымен әкелінетін тауарларға бірдейлендіру белгілерін салу;
- технологиялық бақылаудың технологиялық сызбасын әзірлеу;
- тауарларды өткізуге әзірлеу, оларды кеден органдарына ұсыну, сол не басқа кеден режиміне сақтауға орналастыру процесінде туындайтын түрлі мәселелер бойынша шешім қабылдау;
- кеден органдары қызметкерлерінің сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларымен кедендік бақылау объектілерін, олардың тауарларды орналастырудың белгіленген тәртібін сақтауды тексеруге қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
- өткізілетін тауарлар, осыған қатысты тұлғалар туралы мәліметтерден тұратын құжаттарды тексеру бойынша шаралар;
- түрлі тұлға санаттарының тауарлары өткізілетін сол тауарлар, көлік құралдарын нақты тексеру, сондай-ақ киімінде, денесінің үстінде немесе өзінің ішінде сол немесе басқа да контрабанда заттарын жасырғаны туралы күмән туындаған жекелеген адамдарды жеке тексеру бойынша шаралар;
- осындай жолмен бақылау объектілері туралы мәліметтерді, оларды сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларының кеден органдарына ұсынылған құжаттарында көрсетілген деректермен салыстыру, осы мәліметтерде түрлі өзгешеліктерді айқындау, шындықты нақтылау бойынша алдағы уақыттағы әрекеттер туралы немесе кедендік бақылаудың аталған кезеңінің аяқталғаны туралы шешімдер қабылдау;
- валюталық бақылау субъектілерін алынған нәтижелер туралы ақпараттандыру;
- оның әрекеті негізінде кедендік ресімдеу және өзге де процесте тауарлар орналасатын кедендік режимдерді сақтауды бақылау жатқызылады [7, 58].
Кедендік бақылауды өткізу мыналарды қамтамасыз етеді:
- сыртқы экономикалық айналымды жылдамдатуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау;
- тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекаралары арқылы орналастырудың рұқсат беру тәртібі;
- контрабандамен, кеден ережелері мен салық заңнамасының бұзушылықпен күрес жүргізу; сондай-ақ кеден шекарасы арқылы есірткі заттарын, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды, халықтардың шығармашылық, тарихи және археологиялық құндылықтары заттарының заңсыз айналымын кесу;
- кеден баждарын, салықтар және өзге де кеден төлемдерін уақытылы және толық алу;
- Қазақстанның сыртқы сауда кеден статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргізу;
- кеден органдары құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы мен т.б. жүргізу.
Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу қызметтерін орындау арқасында жүзеге асырылады.
Осы қызметті тағайындау мәліметтерді есепке алу және тіркеу, өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы толық, шындыққа сәйкесетін құжаттамалық ақпараттық негізі қалыптастыру болып табылады. Мұндағы алға қойылған мақсаты: тиімді құжаттық және нақты кедендік бақылау, сондай-ақ валюталық, сараптамалық, ветеринарлық, экологиялық және өзге де бақылау түрлері үшін жағдайларды қамтамасыз ету; сыртқы сауда кедендік статистикасы және арнаулы кеден статистикасы жүргізу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тиісті кедендік режимді дұрыс таңдауда, онда тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруда, осы режимнің дұрыс сақталуы мен оның әрекетінің уақытылы аяқталуы.
Кедендік бақылау сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық тауарлар мен көлік құралдарына міндетті декларациялау туралы (кеден органдарына өтініштері, мәліметтері) заңнама талаптарын орындаумен база............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар кеден ісі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курст, Курстық жұмыс: Кеден ісі | Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін