Экономика | ҚР сындағы инвестиция

 Экономика | ҚР сындағы инвестиция

Мазмұны

Кіріспе - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 3

1. Қ.Р.-сында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың теориялық мәселелері

1.1. Инвестиция түсінігі: экономикалық мәні және түрлері - - - - - - - - - - - - - 4

1.2. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 6

1.3. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 9

2. Қазақстанда инвестициялық жағдайды бағалау

2.1. Қ.Р.-сындағы инвестициялық климат - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 14

3. Инвестициялық қаржыландыру көздері - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 18

Қорытынды - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 23

Пайдаланылған әдебиеттер - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 24


1. Қ.Р.-сында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың теориялық мәселелері

1.1. Инвестиция түсінігі: экономикалық мәні және түрлері
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
«Инвестиция» термині латынның investire – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».
Инвестициялардың экономикалық табиғатын жіктеу оны толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
∙ ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
∙ жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
∙ авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
∙ жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
∙ қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
∙ нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар-кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер-ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
∙ материалды емес активтер-лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
∙ қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы-депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар;
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
∙ тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
∙ жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар (инвестициялық қорлар және компаниялар) арқылы жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
∙ қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар).
∙ ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
∙ азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
∙ мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
∙ қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
∙ инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
∙ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
∙ табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
∙ тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
∙ тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
∙ жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
∙ шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі
∙ шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорындарды қайта құру
∙ техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
Инвестициялардың тиімділігін арттырудағы экономикалық мақсат капитал салымдарының үлесін, яғни өнімнің қор сыйымдылығын азайтуға немесе құрылыс мерзімін қысқартуға және өндіріске жаңа техниканы енгізуге бағытталады.

1.2. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың
әдістемелік негіздері
Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшу жағдайында инвестициялық үрдіс барысын және инвестиция тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағытын анықтау қажет. Атап кету керек, шетелдік теория инвестицияның зерттеу объектісі қаржылай инвестиция болып табылады. Отандық экономикалық ғылым тек нақты капитал жұмсау инвестициясымен айналысып келеді. Ғылыми ортада талданатын мәселелер тобында мән берілетіні тиімділік критериясы, экономикалық тиімділік, өтеушілік мерзімі. Пікірге атақты ғалымдар ат салысқан, мысалы, Т. Хачатуров, У. Баймұратов, А. Әлімбаев, т.б.
Жалпы алғанда, тиімділік – кірістің шығындарға, ресурстарға немесе жұмсалған күш-жігерге қатынасын көрсетеді және көзделген мақсатқа жету дегенді білдіреді.
Әр түрлі елдерде экономикалық нәтиже ретінде жылдық үнемдеу, экономикалық эффект, кіріс, таза өнім, жалпы және таза пайда, дивиденттер қабылданады. Бұл экономикалық нәтижелердің барлық түрлері алға қойған мақсат пен қызметке және іс-шараның сипаты бойынша экономикалық тиімділікті есептеуде қолданылады. Жүргізілетін іс-шаралар аз үнемдеуге себеп болған жағдайда, экономикалық нәтиже ретінде ағымдық өндірістік шығындарда жасалған жылдық үнемдеу алынады. Дивиденттер – акционерлер тұрғысынан іс-шаралардың экономикалық тиіміділігін, ал пайда – нарықтық экономика шарттарында негізгі экономикалық нәтижені сипаттайды.
Сондықтан экономикалық тиімділікті темендегідей көрсетуге болады:

Е = ТП (Y, ШЕК, ЖП)/К,

мұндағы: ТП және ЖП – таза және жалпы пайда;
ШЕК – шаруашылық есеп кірісі (кәсіпорынның шаруашылық есептегі бөлімшелері жүргізген іс-шараларының тиіміділігін есептегенде);
Ү - өндіріске кететін ағымдық шығындарда жасалған жылдық үнемдеулер;
К – капитал салымдары (сол уақытта жұмсалған).

Инвестициялардың тиімділігін экономикалық тұрғыдан негіздеудің объективті қажеттілігі нарықтық экономика шарттарында экономикалық заңдардың қолданылуынан, толығымен өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі жабдықтау қағидалары бойынша жұмыс істейтін акционерлік және жеке кәсіпорындардың толық экономикалық тәуелсіздігінен; тиімділікті арттырудың түрлері көп, ал қаржылық ресурстар шектеулі болып келетін экономикалық жағдайда материалды-техникалық ресурстардың шектеулі болуынан туындайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділік көрсеткіштері мемлекттік мекемелерді былай қойғанда акционерлік кәсіпорындарда жоспарлау нысаны, ал өткізілетін техникалық, ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы іс-шаралардың экономикалық тиіміділігі «бизнес-планның» бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, экономикалық тиімділік кәсіпорынның іс-шараларының соңғы нәтижелері бойынша норма, норматив, баға ретінде берілуі керек.
Осы себептер экономикалық тиімділікті есептеуді шартты қылады:
- құрылыс, қайта құру, жаңа техника, технология ендірудің ең тиімді нұсқасын таңдау және т.б.;
- өндіріс және тиімділік үшін маңыздылығына қарай іс-шаралардың жүзеге асырылу кезегін анықтау;
- экономикалық тиімділік нәтижелерін жоспарлы және есептік көрсеткіштерімен анықтау;
- жаңа техника мен технологияны қолданудың сыйақы көлемін анықтау;
- тұтынушы-кәсіпорынның ұйымдастырушы-техникалық мәселелердің тез арада және сапалы шешім табуында келісілген бағамен дайындаушы-кәсіпорынды экономикалық ынталандырудың көлемін анықтау.
Осылайша нарық жағдайында экономикалық тиімділікті (пайдалылықты, рентабельділікті) арттыру ең маңызды мәселе болып табылады. Бірақ, қалыптасқан үлкен экономикалық әлеует, әсіресе саласында тиімді қолданылмайды, өнеркәсіп өндірісі екі есеге дейін қысқартылды. ҒТП мүмкіндіктері қолданылмайды, мысалға, машина құрылысында инвестиция салулар тоқтаған. Сонымен қатар, қолда бар резервтер пайдаланылмайды, оның орнына ең бірінші еңбекақысын төлеуге жұмсалуда.
Инвестициялардың экономикалық тиімділігі негізгі және көмекші көрсеткіштер жүйесінің көмегімен анықталады.
Негізгі көрсеткіштер:
1. Капитал салымдары – К.
2.Өнімнің капитал сыйымдылығы (капитал салымдарының үлесі) - Өкс.
3. Өнімнің өзіндік құны - Өөқ.
4. Өндіріс шығыны – Шө.
5. Сатудан түскен пайда – Пст
6. Ағымдағы шығындардың жылдық үнемі – Ү:
7. Инвестициялардың экономикалық тиімділігі – Е(Е(н)) –есептік (нақты), Е н(ж) – нормативтік (жоспарланған) экономикалық тиімділік.
8. Кәсіпорынның инвестицияларының нормативті рентабельділігі –Рен.
9. Инвестициялардың өзін-өзі ақтау мерзімі – Т(Те(н) – есептік (нақты) және Тн – нормативті өзін-өзі ақтау мерзімі)
10.Келтірілген жұмсаулар – Шк
11. Экономикалық эффект – Эф
Көмекші көрсеткіштердің (өнім өндіру және сату көлемі - Ө, еңбек өнімділігі – Еө, қор қайтарымдылығы – Ққ, өнімнің ресурс сыйымдылығы – қор сыйымдылығы, материал сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы Өрс (Өқс, Өмс және Өес)) негізгі көрсеткіштерден айырмашылығы негізгі көрсеткіштерді анықтауда және оларға қосымша сипаттама беруде қолданылуында. Сондай-ақ, олар өндіріс тиімділігін анықтауда кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелерін көрсететін негізгі көрсеткіштерге көмекші көрсеткіштер ретіндегі жоспарлы көрсеткіштер, нормалар, нормативтер және бағалар түрінде қолданылады.
Инвестициялаудан шешім қабылдау үшін техникалық-экономикалық негіздеу барлық қажетті хабарды беруі керек.
Ұ. Баймұратов әдістемесі ақшалай қаражаттың келіп түсуі мен қайтуының жоспарланатын көлемін салыстыруға негізделген.
Осы әдістеменің инвестициялық шешімінің қаржылай бағалау құрылымын үш кезеңге бөлуге болады:

I кезең – инвестиция көлемі және болашақтағы ақшалай түсім бағаланады;
II кезең – күтілетін түсімнің инвестициялық қауіп-қатер дәрежесі бағаланады және есептелген қауіп-қатер дәрежесіне негізделініп, капитал құнына сәйкес келетіні анықталады;

III кезең – күтілінетін ақшалай түсім, есептелінген капитал құнын пайдалана отырып, нақты күнінде ағымдағы құнға әкеледі.
Әр уақыттағы шығынды, нәтиже мен тиімділікті әкелу үшін, инвестор үшін қажетті норма кірісінің капиталға теңдігі - дисконт нормасы (Е) пайдаланады.

1.3. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Қазіргі кездегі экономиканы дамыту кезеңінде Қ.Р.-сының реформалары негізінен экономикалық өсудің жоғарғы қарқындылығын қамтамасыз ететін мемлекеттің инвестициялық сакясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға бағытталған болуы керек.
Қ.Р.-сындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы қабылданған заң қалыптасқан ішкі және сыртқы жағдайда экономикалық өсу мен дағдарыстан жедел шығу, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуын, ең алдымен біздің республикамыздың еліне арналған тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды нақты өнім өндірісі мен қызмет көрсетуде белсенді ынталандыру долымен жеделдетуде маңызды қызмет атқарады. Бұл жерде соңғы кездегі оңды нәтижелер мен жиналған келелі мәселелер есебінен нарықтық қайта жаңаруларды жүргізудің жаңа амалдарын өңдеу үшін нақты экономикалық саясаттың микродеңгейде жүзеге асырылу жағдайында сөз етіледі.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты, экономиканың басымдылықты сектораларында тауар өндірісі мен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ететін, жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей шарттар қажет:
1. жаңа технологиялардың, озық техника мен ноу-хауды енгізу;
2. ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулермен қанықтыру;
3. отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
4. экспорттық бағытталған мен импорттық алмастыру өндірісінің дамуы;
5. Қ.Р.-сының шикізат базасын рационалды және кешенді түрде пайдалану;
6. менеджмент пен маркетингке қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді енгізу;
7. жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы;
8. жергілікті кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізу, олардың квалификация деңгейін жоғарылату;
9. өндірісті интенсивтендіріді қамтамасыз ету;
10. қоршаған ортаны жақсарту.
Нарықтық қайта жаңарулардың нәтижесінде республикамызда нарықтық шаруашылықтың негіздірі қалыптасты, жеке меншік сектор құрылды, экономиканың либерализациялық жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. Макроэкономикалық тұрақтылыққа жете, өндірістің құлдырауын бәсе,ңдете, инфляция деңгейін төмендете, ұлттық валютаны нығайта және бюджет тапшылығын төмендете алдық. Бірақ болаған оңды өзгерістер әлі тұрақты сипатқа ие болмады, шикізаттық бағыт, көптеген қазақстандық кәсіпорындардың өндірісінде төменгі тиімділік сақталады.
Қазіргі уақытқа дейін, тұтынушылардың тауарлар мен қызмет көрсетуге деген жоғарғы бағалардан, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауынан, еңбекақы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің тұрақты кідірісінен, тұрғын үй мәселесінің шиеленісуінен туындаған қоғамдағы әлеуметтік қауырттылықты шеше алмай жатырмыз.
Осыған байланысты, қаржылық тұрақтылық этапының аяқталуын күтпей-ақ, инвестициялық этапты жүзеге асыру бойынша күшейтілген жұмысты бастау керек. Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларды тарту арқылы экономиканың өндірістік құрылымын өзгертуді жақсарту, жоғары технологиялық өндірісті құру, негізгі қорларды жетілдіру және көптеген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыруды жүзеге асыру, республиканың білікті мамандары мен жұмысшыларының әлеуетін белсенді іске асыру, менеджмент, маркетингтің озық әдіс-тәсілдерін енгізу, ноу-хауды пайдалану, ішкі нарықты отандық өндірістің сапалы тауарларымен толтыру, бір мезгілде шетелдік мемлекеттерге экспорт көлемін ұлғайту алда тұр.
Қойылған тапсырмалардың сәтті жүзеге асырылуында Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы заңының үлкен маңызы бар, негізінде ол Қ. Р.-сы үшін берілетін ресми көмегі шегінде емес және мемлекеттік кепілдік, сыртқы қарыздар мен гранттармен байланысты емес тікелей отандық пен шетелдік инвестицияларды тарту үрдісінде туындайтын қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Берілген заң бүкіл қазақстандық қоғамның қызығушылығындағы оңды құрылымдық өзгерістерге жету үшін экономикалық жеке салаларындағы өндірістің жедел дамуына итереді.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында парламентпен бекітілген Қ. Р.-сының халық шаруашылығының даму бағдарламаларымен сәйкес іс-әрекет етуші заңнамалық база негізінде белгілі бір кезеңде жүргізіледі. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Қ.Р.-сының заңнамасы Қ.Р.-сының Конституциясына негізділеді.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау инвестициялық қызметті қамтамасыз ететін заңнамалық кепілдіктерді, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін орнатуды, инвесторлар алдында Қ.Р.-сын таныстыруға өкілетті жалғыз мемлекеттік органның бар болуын қамтиды.
Қ. Р.-сы инвестициялық қызметке қатысушылардың меншік формаларынан тәуелсіз құқықтарды мен заңды қызығушылықтардың тұрақтылығы мен теңдей қорғанысына кепілдік береді. Тікелей .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады