Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
I. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Инвестициялық қызметті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
II. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану . . . . . . 16
2.3. Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау . . . . . . . . . . . . 19
III. Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары . . . . .. . . . . . . 24
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30

Кіріспе
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары қарастырылады. әлемдік тәжирибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектеле отырып
Үшінші тарау қазіргі таңдағы еліміздегі кәсіпорындардың инвестициялық қызметімен, белсенділігімен және олардың инвестициялық қызметін қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысты мәселелері және оларды шешудің жолдарына арналады.
I. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.
Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.
1.2. Инвестициялық қызметті басқару
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
- инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
- жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
- жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (1.3-сурет).
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді:
- осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;
- бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда болу мүмкіндігі;
- өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем қабілеттілігі;
- осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау, инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап, инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі – инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:
- кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
- өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;
- инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздері
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялы жобаларды  қабылдау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялы жобаларды қабылдау
Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі
Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық қызметтің экономикалық тиімділігін бағалау
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық қызметтің экономикалық тиімділігін бағалау

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курсты, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін