Экономика | Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту

 Экономика | Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту

Мазмұны

Кіріспе

І. Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.1 Инвестицияның мәні, атқаратын қызметі және түрлері
1.2 Қ.Р-дағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.3 Қ.Р-дағы кәсіпорындардың инвестициятық саясаты, оның мәні мен рөлі

ІІ. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциясы және инвестицияларды тартудың тиімділігі мен олардың кәсіпорындарда тиімді бағытталуы.
2.1 Қазақстандағы инвестициялық қызметтердің тенденциясы.
2.2 Қазақстандағы инвестициялық саясаттың динамикасы мен құрылымы
2.3. Инвестициялауды тиімді бағыттау – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың
негізі

ІІІ. Кәсіпорындарда инвестициялрды тарту мәселелері
3.1. Кәсіпорындарда инвестицияларды пайдалану мәселелері және шешу жолдары


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Инвестиция, оның экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат және кәсіпорындардың инвестициялық саясаты
1.1. Инвестицияның мәні, атқаратын қызметі және түрлері

Инвестицияны тар мағынасындағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді.
Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, т.б.), жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді. Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны “тірі және затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі”. М.И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді, пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзепге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) –бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды. Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Портфельді инвестиция (қаржы инвестициясы) деп кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу сияқты жобалар тобына капиатал салуды айтады. Ол мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе, қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп - өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Олар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б. жұмсалымы. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалды қорына салынатын инвестициялар.
Нақты инвестиция инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Портфельді немесе қаржы инвестициясы жағдайында инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау” Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рөлге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негігі түрлері. Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1. Мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
2. Қаржылық инвестициялар;
3. Материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар – бұл нақта инвестициялар. Қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеу
мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2) өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағыттылған, кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар).
3) қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған
ауысттыру инвестициялары;
- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық
жабдықтарды немесе роцестерді жетілдіруге жұмсалады;
- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар
- девирсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және
жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған инвестициялар.
Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялық объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.



1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты және қазіргі жағдайдағы инвестициялық климат
Инвестициялау проблемалары әрдайым экономикалық ғылымның назарында болады.Өйткені қайта өндіріс жүйесінде өндірістік ресурстарды қайта жаңарту мен көбейтуде, яғни экономикалық өсімнің жоғары қарқының қамтамасыз етуде базалық рөл инвестицияларға тиесілі.
Экономиканы тамырынан реформалау бүгінгі таңда күрделі проблемалармен қатар келуде. Өндірістік потенциал жеткілікті ірі болса да, қалыптасып келе жатқан экономиканы бір-бірімен шамалы байланысқан, қайтаөндірістік біртұтастықты құрамайтын кәсіпорындардың жиыны ретінде сипаттауға болады.
Жалпышетел капиталын тарту мен қорғау процедурасы қазіргі кезде 20-дан астам заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Оларға сәйкес Қазақстанда шетел инвестициялары барлық рұқсат етілген ұйымдық- құқықтық формалардың (соның ішінде шетелдік фирмаларды, яғни толығымен шетел инвесторлары иелігіндегі, олардың филиалдары мен өкілеттіктері, немесе мүлігінің бір бөлігі тиесілі біріккен кәсіпорындар құру арқылы) қызметінің кез- келген объектілері мен түрлеріне салынуы мүмкін. Ел экономикасына ірі масштабты инвестициялық ресурстарды тарту, оларды рационалды және тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, Президент Жарлығы бойынша біріңғай атқарушы орган- Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша Мемлекеттік комитеті құрылды.
1998 жылдың 30 маусымында Президент Жарлығы бойынша ҚР Президенті тұсындағы шетел инвесторларының Одағы құрылған болатын.
Қабылданған заңнамалық актілер, ұйымдастырушылық шаралар қазақстандық экономикаға шетел инвестицияларының ағымына әсер етті. 2003 жылы Қазақстанның экономикалық өмірінде маңызды оқиғалар болды:
1) Дүниежүзілік қауымдастыққа ТМД елдерінің арасынан бірінші болып Қазақстан нарықтық экономикалы ел болып танылды, сондай-ақ бірінші болып инвестициялық елдік рейтингті иемденді:Заң шетелдік және ұлттық инвесторлар үшін шарттарды теңдестіреді, Әлемдік банк Қазақстанды инвестицияларға неғұрлым тартымды әлемнің 20 елінің қатарына қосты, 08.01.2003ж. ҚР “Инвестициялар туралы” Заңының қабылдануы.
“Саясат экономиканың шоғырландырылған түсінігі” болғандықтан, инвестициялық саясат инвестициялық процесстерді құра отырып, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын анықтайды. Инвестициялық саясат бір жағынан өндірістік процестермен анықталады, ал екінші жағынан оларға әсер етеді. Инвестициялық саясатты қандай деңгейде жүзеге асатындығына байланысты келесідей жіктеуге болады: халықаралық- мегодеңгей, ұлттық (мемлекеттік)- макродеңгей, жеке фирмалардың инвестициялық саясаты- микродеңгей. Ұлттық немесе мемлекеттік инвестициялық саясат- бұл мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында шектеулі инвестициялық ресурстардың айналымы, бөлінуі, тұтынылуы мәселесі бойынша өндірістік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың құрылуы инвестициялық стратегия мен тактиканы өңдеуді білдіреді. Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы- бұл анықталған мерзімге қойылған негізгі мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін шектеулі инвестициялық ресурстарды пайдалану жолымен жүзеге асырылатын ірімасштабты шешімдер мен қызметтің анықталған бағыттарының жүйесі. Инвестициялық тактика- бұл инвестициялық стратегияның белгілі - бір нақты кезеңінің мақсаттарына жету мен мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық қызметтің әдістері, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Жағымды инвестициялық климат инвестицияланатын елдің оңды саяси, құқықтық және қаржы- экономикалық жағдайында экономиканың нақты сакторына, бағалы қағаздарға, қызметтерге және т.б. шетелдік және отандық инвесторлардың тиімді әрі рационалды капитал салу мүмкіндігін білдіреді. Шетелдік эксперттердің ойынша, барлық Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда либералды заңдылық, айтарлықтай дамыған банк секторы, қарқынды дамып келе жатқан қор нарығы.
Қазақстандағы инвестициялық климатты әрі қарай жетілдіру үшін ҚР Президенті тұсындағы шетелдік инвесторлардың Кеңесі , ҚР индустрия және сауда Министрлігі тұсындағы шетелдік инвестициялар бойынша арнайы Комитет, “Қазинвест” Қазақстандық инвестицияларды дамыту орталығы әрекет етеді, сондай-ақ инвестициялық айтыстарды шешу механизмі өңделуде, инвесторлар үшін жағымды экономикалық және саяси факторлар ұсталуда және т.б. Қазақстандағы инвестициялық тәуекелдердің деңгейін сақтау мақсатында халықаралық сауда және инвестициялармен байланысты саяси тәуекелдерді сақтандырумен айналысатын “Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы” АҚ-ы құрылған болатын. Бұл мемлекетке әрекеттегі инвесторлардың тарапынан сенімді арттыруға ғана емес, сондай-ақ жаңа инвесторларды тартуға да мүмкіндік береді. Инвестициялық саясаттың инновациялық бағытталуына басты назар аударылуы қажет. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізін қалаушы принциптерінің бірі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принципі болып табылады. Инвестициялардың шикізаттық бағытталуын жекелей ауыстыру үшін Қазақстанның 2010 жылға дейінгі индустриалды- инновацыялық Стратегиясы жасалған болатын. Онда басты назар өңдеуші өнеркәсіпке аударылады, ал өнеркәсіптің өңдіруші емес салаларына салым салатын инвесторларға мемлекет түрлі преференциялар мен жеңілдіктер ретінде қолдау көрсетеді.
Мемлекеттің қолдаушы рөлінің дәлелі ретінде Үкіметтің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға республикалық быджеттің шығындар үлесін ұлғайту жолымен инвестициялық жобаларға қатынасын айтарлықтай ұлғайтуын айтуға болады.
Стратегия тұсында қазақстандық компаниялардың дамуына әсер ететін Қазақстандық инвестициялық қор, сондай-ақ инновацияларды ендіру және дамыту бойынша кең өкілдіктер бекітілген инновациялық қор құрылған болатын.
Қазіргі жағдайда ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту үшін банктердің жұмысы мен банктік емес қаржылық институттар жүйесінің (сақтандыру мекемелері, зейнеткерлік және инвестициялық қорлар, трасттық компаниялар және т.б.) дамуын жетілдіру есебінен тұрғындардың несиелік- банктік жүйеге жинақтарын тарту және салық салу жүйелерін жетілдіру негізінде бюджет табыстарын көтеру есебінен ішкі жинақтар мобилизациясының нақты бағдарламасын жасау қажет, сондай- ақ экономиканың нақты саласын көтеру бойынша бюджет дефицитін қаржыландырудың дұрыс саясатын жүргізу қажет.
Инвестициялық процестердің оперативті диагностикасының сенімді құралдарының жоқтығы басқару органдарын ақпараттық-методикалық вакуум негізінде шешімдер қабылдауға мәжбүрлейді.
Аудандық инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі басты бағыттарын анықтау үшін аудандардың инвестициялық потенциалын салыстырмалы талдауды жүргізу керек. Мұнда халықаралық практикада инвестициялық тартымдылықты анықтаудың бірнеше әдістері бар екенін айта кету керек. Олардың ішінде жиі қолданылатындары- бұл инвестициялық тартымдылықты бағалаудың рейтингтік әдісі және корреляциялық талдау.



1.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты, оның мәні мен рөлі
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясатқа тікелей байланыстыболады. Оның көмегімен мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-тің жеделдетілуіне, қоғамдық өндіріс құрылымының өзгерісіне және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне тікелей әсер ете алады.
Инвестициялық саясат – бұл инвестициялық қызметті жандандыру мақсатында шаруашылық жүргізуші барлық объектілер үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша мемлекет жүргізетін мақсатты шаралар жиынтығы.
Жалпы алғанда, мемлекет инвестициялық белсенділікке әр –түрлі әсер етуі мүмкін:
- несие – қаржылық саясат арқылы;
- өндірістің дамуы және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар салатын кәсіпорндарға түрлі салықтық жеңілдіктер беру арқылы;
- амортизациялқ саясат арқылы;
- шетел инвестицияларын тарту үшін жағымды жағдайлар құру арқылы;
- ғылыми – техникалық саясат арқылы және т.б.
Инвестициялық саясаттың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру болып табылады. Ол инвестициялық қызметті жандандыруға , сондай – ақ отандық экономиканы жене қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған.
Жалпы мемлекеттік инвестициялық саясаттан басқа салалық , аймақтық және жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық саясатын ажыратылады. Олардың барлығы өзара тығыз байланыста болады , бірақ мемлекеттік инвестициялық саясат анықтаушысы болып табылады.

Инвестициялық саясаттың құрылымы
Мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясат


Мемлекеттік инвестициялық саясат

Салалық инвести- циялық саясат

Аймақтық инвести-
циялық саясат
Жеке шаруашылық
жүргізуші субъектілердіңинвестициялық саясаты

Кәсіпорындағы инвестициялық саясаты оның бизнес – жоспарының стратегиялық мақсаттарынан туындауы тиіс. Ал егер бұл жоспар болмаған жағдайда ешқандай инвестициялық қызмет те болмайды. Бұдан бөлек кәсіпорндағы инвестициялық саясатты жасау кезіндегі көптеген қателердің алдын алуға мумкіндік беретін белгілі – бір принциптерді ұстануы қажет.
Кәсіпорындағы инвестициялық саясаттың келесідей маңызды принциптері бар :
- инвестициялық саясаттың кәсіпорнның стратегиялық жоспарлары мен оның қаржылық тұрақтылығына жетуге мақсатталуы ;
- инфляция мен тәуекел факторының есебі ;
- инвестциялардың экономикалық негізделуі (бизнес - жоспар);
- қолда бар ресурстардан туындайтын инвестициялардың маңыздылығы мен жүзеге асыру реттілігі бойынша жобалар мен инвестицияларды ранжирлеу ;
- инвестицияларды қаржыландырудың сенімді әрі арзан қайнар көздері мен әдістерін таңдау және т.б
2. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциясы және инвестицияларды тартудың тиімділігі мен олардың кәсіпорындарда тиімді бағытталуы.
2.1 Қазақстандағы инвестициялық қызметтердің тенденциясы.
Мемлекеттегі экономикалық дамудың позитивтік процесі инвестициясыз мүмкін емес. Негізгі капиталдағы инвестициялар әрбір елдің, әсіресе Қазақстан сияқты өтпелі елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуының перспективаларын анықтайды.
Қазақстан экономикасының дамуы көптеген кәсіпорындарының қайта жандандырылуын және құрылуын, сондай – ақ қазір жұмыс істеп тұрған .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі