Тарих | Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

 Тарих | Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Тарих толқынындағы –қазақ халқы................................................................8
1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі.........................................8
1.3. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру жолында...........................................................................13
2. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан...................................................................34
2.1. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы.....................................................................34
2.2. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан.....................................................37
2.3. Н.Ә.Назарбаев феномені.............................................................................44
Қорытынды............................................................................................................50
Қолданылған құжаттар тізімі ..............................................................................53
Қосымша.................................................................................................................55

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі – Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа ұлт өкілдерімен бірлесе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өз мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін қымбат. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл тақырып тарихи құндылығымен, өзектілігімен ерекшеленеді, Қай заманда да кез келген елдiң өркендеуi сөз жоқ, оның басшысының есiмiмен тығыз байланысты болатыны белгiлi. Тарихқа тереңдемей-ақ, бертiндегiлердi айтсақ та жетiп жатыр. Әлемге «Азиялық барыстар» атымен танымал елдердiң даму тәжiрибесi де осыны көрсетедi. Сингапурдағы Ли Куан Ю немесе Малайзиядағы Мохатхира Мухаммадсыз аталған елдердiң әлемдiк экономикалық рейтингiсiнде жоғарғы орынға орнығуы әсте мүмкiн еместiгi баршаға мәлім. Ли Куан Ю мен Мохатхира Мухаммадты басқа жұрттың қадiр тұтатыны да сол. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы да осылай тұжырым жасауға болады.
Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған, демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Бұл орайда, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегi мен асқан көрегендiгi әлем назарын өзiне аударып отыр. Биыл тәуелсіздік алып, егемен ел ретінде еңсемізді көтергенімізге он сегіз жылдың көлемі болды. Бұл баршамыздың ортақ тарихы¬мыз. Ортақ тағдырымыз. Ортақ қуанышымыз. Ортақ жеңісіміз. Демек, осынау ғасырлық мәні бар ұлы оқиғалардың басты кейіпкері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев тек қана Астана қала¬сының бас сәулетшісі емес, ол жаңа ғасырдағы жаңа тұрпатты Қазақ елінің бас сәулетшісі. Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстанның мемлекеттік іргета¬сын қалаушы, орнықтырушы, орнатушы, тұңғыш ту ұстаушысы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды дархан даламыздың төрiнен орын берiп, әрқайсысының тiлiн, дiлiн, дiнiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн сақтап өркендеуiне бейбiт саяси-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн ел, жер иесi қазақтармен достық ынтымақпен терезесi тең құқықпен өмiр сүруi дана басшылығының жемiсi.
Бүгiнгi таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара, дана басшылығының арқасында Қазақ мемлекетi дүниежүзiлiк Бүкiл Бiрiккен Ұлт Ұйымнан бөлек саяси экономикалық одақтар мен ұйымдардың белсендi мүшесi екенiн дүние жүзi халықтары мойындап отыр.
Кеңес Одағы тараған соң, экономикалық, әлеуметтiк-саяси құрылымдары тығырыққа тiрелген басқа республикалардың iшiнде Қазақстан ғана барлық сыннан мүдiрмей өтiп келе жатыр десе болады. Осының бәрiне халық ел басшысы - Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенiм артып, оны дұрыс таңдай бiлуiнiң арқасында ғана қол жеткiзiп отыр. Үлкен мүмкiндiктерге ие Қазақстан бүгiнде әлемдегi өте жылдам дамып келе жатқан бес мемлекеттiң бiрi. Сырттан келетiн инвестициялармен жұмыс iстеуде, банк саласында, зейнетақы жүйесiнде елiмiз өзге республикаларға үлгi болатын биiкте тұр.
Бүгінгі Қазақстан дүние жү¬зін¬дегі дамы¬ған, өркениетті 50 ел¬дің қатарына қосылуға бет бұр¬ды. Бұл көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей еңбегінің арқасы екендігі аян. Тәуелсіздік алған мерзімнен қозы¬көш ұзамай жатып-ақ жаңа әлем¬де жаңа Қазақстан атауы пайда болды. Аузы дуалы дүние жүзі саясаткерлері, сарапшы¬лары¬¬ның өзі ел дамуының алып ады¬¬мын “қа¬зақ¬стандық модель” деп атауы Президентіміз Нұрсұл¬тан Әбішұлы Назарбаевтың есімі¬мен тікелей байланысты екендігіне дау жоқ. Кезінде Джордж Ва¬шингтон, Мұстафа Кемал Ата¬түрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұл¬ғалар... жалғасын жақсы керуе¬нін¬де Нұрсұлтан Назарбаев алдың¬ғы сапта көш бастап келеді.
Алаш ардақтыларының бірі Әлихан Бөкейханов: “Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс, рахмет алармыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. Тарих - түзу жөнді үйретуші. Тарих - түзушіліктің кітабы. Тарих - тіршілікте көшбасшы дейтініміз осы”, деп толғанғанындай, тарихын түзу жаза білген халықтың болашағы да зор болары анық. Назарларынызға ұсынылған «Президент Н.Ә.Назарбаев және қазақ мемлекеттілігінің генезисі» атты жұмыс екі тарауға бөлініп қарастырылған. Бұл жұмыс елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналады.
Зерттеу мақсаты – болашақ тарихшы ретінде Қазақстан тарихының деректік қорына үлес қосу. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алар орны мен ролін айқындау. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалап, қалыптастыру барысындағы ерен еңбегі мен сындарлы саясатын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жас тәуелсіз Қазақстан мемлекеттін құрудағы жүргізген реформалары мен ұстанған бағытын ашып көрсету;
- Тұңғыш президенттің тұңғыш істерінің мазмұны мен мәнін анықтау;
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тың идеяларын дәріптеу;
- Әлем саясаткерлерінің елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берген бағалары мен айтқан пікірлерін саралау;
Мәселенің өнделуі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі қазақ мемлекетін құру жөніндегі және ұстанған бағыттары туралы жеке авторлық кітаптары мен әлемдегі ғылыми зерттеулер негізге алынды. Сондай-ақ елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары. Баспасөз беттерінде жарияланған елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған мақалалар болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Жұмыстың ережелері мен қорытындылары курстық, ғылыми жұмыстарға, дипломдық жұмысқа, «Қазақстан тарихы», «Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты», «Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрасы», «Тарихи өлкетану», «Тарих және мәдениет ескерткіштерді қорғау» т.б. оқу курстары бойынша семинарлық және практикалық сабақтарға дайындалуға студенттер мен магистранттар қолдануға болады.
Зерттеу әдістемесі мен технологиясы. ХХ ғасырдың соңында КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Сол жас егемен елдердің бірі – Қазақстанның қазіргі жағдайға жетудегі жүріп өткен жолдары мен қалыптасу сатыларын зерттеу. Құрылымдық-логикалық талдау салыстырмалы тарихи әдіс; деректемелерді бағалау бойынша аналитикалық жұмыс, жаңа құжаттардың кең көлемі негізінде ғылыми ережелер мен нәтижелер болып табылады.
Ғылыми жұмыста алпауыт империялардың бірі - КСРО ыдыраған кезден бастап, қазіргі қазақ мемлекетінің мәселелері қарастырылады. Айрықша көңіл бөлінген, әрі тоқталған сала - елбасы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан үшін жасаған ерен еңбегі мен батыл әрекеттері. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының даму жағдайы мен Елбасының сындарлы саясаты.
Қазіргі таңдағы Қазақстанның экономикалық, саяси-әлуметтік жағдайлары мен әлемдік деңгейдегі дәрежесі, шетелдердің Қазақстанмен байланысы және елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының комплексі көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген тың бастамалары және оның мазмұны мен мәні талқыланған. Н.Ә.Назарбаевқа бағытталған шетел басшыларының пікірлері көрсетілген.
Ғылыми жұмысының қорытындысында қазіргі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы суреттеліп, әлемдік дәрежесі көрсетілген. Тәуелсіз қазақ мемлекетін құру жолындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген ұтқыр саясатына талдаудың қорытындысы жасалынған. Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегі аталып өтіліп, зерттеу қорытындысы мен негiзгi тұжырымдамалар жасалынған.
1. ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ
1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі
Тәуелсіздік туын тік ұстап, өркениетке бет алған әр халық, әрбір ел өзін-өзі терең танып білуі керек. Өзінің шыққан түбін, кім болғанын, бүгінгі деңгейге қалай жеткенін, қандай тар жол тайғақ кешулерді басынан өткергендерін білмейінше, бұл жолда қанша тер төгіліп, жан бергенін терең сезінбейінше, кез-келген халық өз құнын жете бағалай білмейді. Сондықтан да егемендік алып, еңсесін тік көтерген біздің қазақ халқы үшін де төл тарихын терең танып, өткені мен бүгініне шолу жасап, қарастыру маңызды міндет.
Егемен ел ретінде жас көрінетініне қарамастан, мәдени-тарихи тұтастық ретінде Қазақстан тақыр жерде пайда болған жоқ. Оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мың жылдық тарихынан ажырағысыз. Біздің заманымыздан ерте уақытта батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай, бірін-бірі қуалаған толқындай болып қазақ даласының төсінен көшпелі жұрттар жөңкіліп жатты. Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Шайқаса және жасампаздық таныта, ұрпақ өсіріп, тәжірибе жинақтай жүріп, олардың бәрі де өздерін мәңгілік жадында сақтап қалған осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. Уақыт өте келе буырқанған көшпелілер теңізінің жағасынан асып кетуі тоқтады, бара-бара ол теңіз тартылып та кетті. Сары теңізден Қара теңізге дейінгі аралықтағы номадтарды тартып әкеткен көне құйынның бір кездегі кең иірімі серіппедей тартыла қалып, Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапқа жиырылды, осы арада көшпелі империялардың үрім-бұтақтарын қазақ деген біртұтас халыққа біріктірді. Керей мен Жәнібектей заманында бір туар ұлы тұлғалар бастамасымен «Қазақ хандығы» атты қазақтардың мемлекеттік іргетасы қаланды, адуындай алып хандықтың Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке секілді қуатты әміршілері болды.
Алайда уақыт соңғы номадтардың қоныстарын қусырып бара жатты. Қазақ жерінің Ресей империясы құрамына біржолата енуінен кейін шын мәнінде егеменді көшпелі мемлекеттіліктің тарихы тәмамдалды. Қазақтың соңғы мемлекеттік сұл¬басы ХІХ ғасырдың орта шенінде хан¬дық құрылымның түбегейлі күйретілуі арқылы мүлдем жойылып, тынды. Оны қалпына келтірем деген кейінгі–қазақтың соңғы ханы Кенесарының жаужүрек жорықтарынан «Алашорда» ұлттық-либералдық партиясы көшбасшыларының демократиялық идеяларына дейінгі әрекеттердің бәрі сәтсіздікке ұшырады. Қайта бас көтеруге деген үміт Қазақстан аумағында Кеңес өкіметі орнағаннан және КСРО құрамында Қазақ Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін біржолата үзілді. 1930-шы жылдардан бастап тоталитаризм жүйесі этностық санқырлылықты тегістеп, жаңа қауымдастық – кеңес халқын құру жөніндегі жұмысты бастады. Жаңа қауымдастық дүниеге азап арқалап келді. Халық¬тың ділі де, өмір салты да, тарихы да, әліпбиі де, қысқасы бәрі де қиратылып жатты. Көшпелілерді отырықшылдыққа зор¬лап көшіру басталды. Онсыз да саны аз қазақтар сол тұс¬та халықтың жартысынан айырылды. Дегенмен Ұлы дала¬ның үш мың жылға үздіксіз созылған өркениет рухы айна¬ла¬сы екі-үш буынның тұсында оп-оңай жоғалып кете салмайтын еді. Дәл осы рух, өз бойына ұлттық және діни шыдамдылықты, жоғары әлеуметтік бейімделушілікті, жаһандық ауқымда ойлау мен дүниетаным кеңдігін сіңірген осы рух ұлтты сақтап қалуға ғана емес, жаңа жағдайда егемен Қазақстанды қайта жаңғыртуға да көмектесті.
1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласында тарихтың тапжылмайтындай көрінетін ағымын түбегейлі өзгертіп жіберген оқиға болды. Желтоқсанның сол бір аязды күндерінде қазақ жастары ашық түрде көшеге шығып, өздерінің ел тағдырына ықпал етуге құқылы екендіктерін мәлімдеді. Тоталитарлық мемлекет жағдайында мұның өзі саяси жарылысқа тең болатын: іс жүзінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан қатаң жүйеге .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» БАСШЫЛЫҚ ҚАНЫМЫЗДА!!! 27.09.2021, 0
» Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: Білім саласында қандай жетістік бар 21.09.2021, 1
» Мамин: Білім мекемелерінде санитария нормаларының сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек 21.09.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы