Курстық жұмыс: Әдебиет | Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері казакша Курстық жұмыс: Әдебиет | Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері на казахском языке

Мазмұны
І. Кіріспе 2

1.1. Өмірі мен шығармашылығының бастапқы кезеңі 5
1.2. Жаңа заман жырлары 10
1.3. Әлемге арналған ақындық үн 11
ІІ. Негізгі бөлім. Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері 15

2.1. Ілияс поэзиясының ерекшеліктері 22
2.2. Ілияс Жансүгіров поэзиясы лекискалық жағынан бай 25
2.3. Поэтикалық синтаксистің негізгі түрлері 31
а) ұйқастың түрлері, үлгілері 33

ә) өлең құрылысы жөніндегі жаңалықтар 39

ІІІ. Қорытынды 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 43


1.1. Өмірі мен шығармашылығының бастапқы кезеңі
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамыр күні бұрынғы Қапал уезі, ақсу болысы, 4 – ауылда ( қазіргі Талдықорған облыс, ақсу ауданында ) туған. Оның туған елі – Ақсу өзенінің бойын мекен еткен, негізінде мал баққан, көшпелі ел еді.
Бұл елдің көшіп – қонатын жерлері бір жағы тау, бір жағы құба жон дала, құмды, қопалы, қоңыр шатқал, кең атырап болған. Осы туып өскен жерін Ілияс 1927 жылы жазған «Отарба» деген өлеңінде ыстық сезіммен әдемі суретейді.
Аспанның ұлы ала асқар,
Асқардың жүгі құз тастар,
Көргені – оның жалғыз жел.
Ағыны – боран ұлы өзен,
Ақ дауыл аспас аш кезең,
Қарта – қатпар бұйра бел.
Шырышы шұбар жыландай.
Жаужұмыры құмандай,
Қолқа қолат, құба құм.
Өлеңді өзек, тұзды сор,
Өзенді өрлей ұзын жол,
Төбеде топ – топ тораңғы.
Жыңғылы жыныс, жиделі ой –
Ой – қой, біздің мекен ғой!
Сағынам қатты соларды.

Ілиястың төрт жасында шешесі өліп, бірыңғай әке тәрбиесінде қалады. Туған анасынан жастай жетім қалуы және көз алдында сол анасының қайтыс болуы ақын жүрегіне өмір бойы өшпес із тастайды. Бұл жөнінде Ілияс есейіп, ер жеткен кезінде де есінен шығрмай, шер етіп шертетін еді.
Ал енді әкесі Жансүгір – Берсүгір баласы, көптен озбас, көштен қалмас, шағын шаруасы бар, ескіше азын – аулақ оқыған, арабша сауатты адам болған. Халықтың бай ауыз әдебиеті үлгілерін, ел ақындарының жырларын, айтыстарын көп тыңдап, көп жинаған кісі екен. Оның қадағалап, айрықша сүйіспендікпен көшірген қолжазбаларының ішінде шығыстағы Абайдың, батыстағы Шернияз бен Махамбеттің, Базардың, Арқадағы Ақан мен Біржанның сөздері және Жетісудағы Сүйінбай мен күнбаланың, Әсет пен Ырысжанның тағы да басқа Жанақ пен Түбектің, Кемпірбай мен Шөженің, біржан мен Сараның айтыстары болғаны анық көрінеді. Бұлардың бірсыпырасын Ілияс кейін совет тұсында альманахтарға енгізіп, журналдарға жариялаған да болатын.
Жансүгір осындай туған елдің асыл сөз қазынасын жақсы көріп жинаған әдебиет сүйгіштігімен қатар, көптеген қолөнеріне жетік, шебер, еңбекшіл адам екен. Аяқ киімді көк суырлап тігетін етікші, темір мен ағаштан түйін түйетін ұста болыпты. Мінезі қатты, бала тәрбиесіне қатал әкесі өз білгенінің бәрін баласына үйретеді. Сондықтан да Ілияс жас кезінен – ақ әкесінен оқып хат таниды, етік тігеді, ұсталық етеді, қоңыр даусымен ән салады, құбылтып домбыра тартады. Зерек, ұғымды бала, әкесі сықылды, халқының ән өнері мен сөз өнерін сүйеді, оларды жас, тебіренгіш жанымен беріле күйттейді, бойлай зертейді. Бұл кезін Ілияс «Құлагер» поэмасында өте орынды еске алады:
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін.
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін,
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр
Құлақты қырғ түріп жүрген кезім.

Бірақ үздіксіз оқып, жүйелі білім аларлық жағдай Ілияста болмайды. Мектеп дегенде оның революциядан бұрын оқыған жері қарағаштағы қазақ – татар тіліндегі бастауыш мектеп қана болатын. Оны Ілияс бес жыл оқып, 1911 жылы бітіріп шығады. Сонан ол 1920 жылға шейін ауылд болады. Ауылда жүріп жас жігіт жастық шаққа лайық, балғын, ыстық лепті, сырлы, лирикалық өлеңдер жазады. Оның дені – махаббат, сүйіспендік өлеңдері. Бірақ, не керек, бұл өлеңдер әзір түгел табылып болған жоқ. 1918 жылы жазғн бір дәптер өлеңі со күйі қолға түспей келеді. Соның өзінде ақынның алғашқы қадамын аңғартатын деректер бар. Мысалы, Ілиястың ақындық қаіблетінің ауыл көлемінде белгілі болғандығына «Бисекенің жоқтауы» деген жыр да айғақ бола алады. Махзаббат туралы жазған «Ынтықтар» деген өлеңі оның бұл сезімді Абайша, жүректі кірден арылтатын ең таза, ізгі сезім деп қастерлейтінін көрсетеді. Бұл өлең Ілиястың шебер суретші, нәзік сыршыл ақын боатынын да танытады.
Ілияста Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлең үлгісімен жазылған шумақтар да бар.
Ашылар ма көз,
Іс болар ма сөз
Көп көксеген күн туып?
Жауын, сел қайнап.
Дауыл, жел айдап,
өз еркінше жүр қуып.
Алу үшін теңдікті,
Сағынамыз кендікті, -

деп көксеген күнінің теңдік пен бостандық екенін айтып жырлайды, елдің еңсесін басып келген қу мен сұмдарды сынайды. 1917 жылғы ақпан революциясын ілияс қуанышты сезіммен қарсы алады да, «Тілек» деген өлең жазады.
Сонымен қатар 1915 – 1916 жылдары жазған «Бұлбұлға», «Әншіге», «Өзіме», «Сәлемдеме», «Көңілдің жүгірісі», «Жанды сөз» деген өлеңдер Ілиястың ақындық өресі мен аяқ алысының әжептәуір жетілгендігін аңдатады. Өлеңнің сарыны, құрылысы жөнінен Абайға еліктегені көрініп – ақ тұр. Тіпті әлеуметтік тақырыпқа жазған «Қалпымыз» атты өлеңінде де біз оның кең тынысты ақындық өріске шыққанын байқаймыз.

Жан сүйісіп, тән ысып,,
Ынта айрылмай жалындар.
Сыбырласып, сырласып,
Кірден жүрек арылар.

Революция мен азамат соғысы жылдары Ілияс ауылда болады. Ескі әдетпен шырмалып, әкесі әперген қызға сүймей үйленеді де, көп азап шегеді; үй болам, шаруашылық құрам деп, қысқа дәулетті оңына келтіре алмай, тағы қиналады. Осының салдарынан оқи алмай, аулынан ұзап шыға алмай, едәуір уақытын зая кетіріп, алғанын ақын үлкен өкінішпен еске түсіргені белгілі.
Оның үстіне талапкер де таланты ақын жігіттің оқи түсуіне, әлеуметік өріске шығып, әдебиетке белсене ат салысуына екі жылдай қазақ даласына аласапыран, ауыр заман орнатқан ақ бандылар мен алашордашылардың әлегі бөгет жасайд.
Міне, осы қыспақ кезеңнің өзінде жас ақын домбырасынан, өлеңінен тіпті қол үзіп кетпепті. 1919 жылы атаман Анненковтың тырнағына түскен ағайындарына жаны ашып, қабырғасы қайысып шығарған «Не күйде?» деген назалы өлеңі сақталған.
1920 жылы Орта Азия контрреволюциядан тазартылысымен, Ілияс іле – шала ташкентке барып, сондағы мұғалімдер даярлайтын қазақ – қырғыз институтының екі жылдық курсына түсіп оқи бастайды. Оқып жүріп, бір жағынан, «Ақ жол» газетінде корректор боп істейді. Сөйтіп, аз да болса, газет жұмысынан тәжірибе алады. 1921 жылы әлгі курсты бітіріп, Ілияс Жетісуға қайта оралып келеді де, Талдықорған уезіндегі Белтоған ауылдық мектебінде мұғалім болып істейді.
Ташкентте әрі оқып, әрі қызмет істеп жүргеннің өзінде Ілияс өлең жазуын тастамайды. Ол екі жыл ішінде жазған өлеңдерінің кейбіреуін Алматыда шығатын «Тілші» мен «Кедей еркі» газетіне жіберіп бастырады. Соның ішінде айрықша атап айтуды қажет теетін өлең – 1920 жылы «Тілші» газетінде жарияланған «Ортақшыл партия» деген өлең. Мұны Сәкен шығармаларынан кейін жалпы қазақ поэзиясында Коммунистік партия тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің бірі десе болар еді. Бұл тарихи елеулі өлеңінде ақын Коммунистік партияға:

Жөнің түзу, жолың ашық, ойың шын,
Алысқанның ауызына құйдың құм,
Мейірім, шапқат, әділеттің өзісің,
Есіт даусын біз езілген сорлының, -

деп қазақ аулының бұрын езілген, артта қалған қараңғылық халін мұң етіп шағып, көз қырыңды сала гөр деген тілегін білдіреді. Сол жылы жазылған «Еңбекшілерге» деген өлеңінде Ілияс Совет өкіметінің еңбекшілер өкіметі екенін түсіндіріп, ендігі жерде оларды кеңесіп, бірлесіп, еңбек істеуге шақырады. Жоғарыда айтқан «Арыным» деген өлеңінде ақын «Жарлы, жалшы, жақыбайды жарылқау, жандағы ауру, жүректегі жалыным» дей келіп, осы мақсаты бірлескен күресте ғана орныдалатынын айтады.
1924 жыл – Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығында ерекш орын алатын жыл. Бұл – оның Коммунистік партияның қатарына кандидат болып енген жылы. Коммунист ақынның шығармашылығы сол жылы ала – бөтен кең қанат жайып, өлеңдерінің мазмұны мен тақырыбы молыға да тереңдей, саяси жағынан ұштала да өткірлене түскенін байқаймыз. Азасы бүкіл елімізді тітіреткен Ленин өлімінің ауыр қайғысына басқа ақындармен бірге Ілияс та үн қосып, арнаулы өлең жазды. «Ленин – өлді» деген өлеңінде ол ұлы көсемді еңбкші халыққа жарық таң атқызған дана, дауылға ұшыраған жұртты жарыққа алып шыққан капитан бейнесінде суретей келіп:
Еткен іс, айтылған сөз, салған ұран,
Қорыды қорғасындай жүрекке иман.
Өмірдің тербетілген кемесінде,
Адасад сілтеуіңнен ауытқыған, -

деп түйді. Мұнда ақын бұдан былай адаспай, бақытқа жетудің бірден – бір жолы Ленин сілтеуінен ауытқымау, Ленин ісін, Ленин сөзін, Ленин ұранын жүректе сақтау екенін жақсы түсінеді де, жақсы түсіндіреді. [10 – 235]

1.2. Жаңа заман жырлары

1928 жыл Ілияс шығармашылығында елеулі кезең боп табылады. Бұл жылы Қызылордада оның тұңғыш рет «Сағанақ» атты өлеңдер жинағы шықты. Одан бір жыл бұрын «Бет ашар» деген кіші – гірім жинағы жарық көрген болатын. «Сғанаққа» ақынның 7 – 8 жыл ішіндегі газет – журналдарға жарияланған және жарияланбаған өлеңдерінің таңдамалылары енген. Бұрын өлеңдерінің дені «Тілші» газетінде, бірсыпырасы «Лениншіл жас», «Ауыл», «Жаршы», «Кедей еркі», «Әйел теңдігі», «Жаңа мектеп» және басқа сол сияқты күнбе – күн, айма – ай шығып тұратын баспасөз бетінде көрініп келген ақын енді бүкіл Қазақстан көлемінде өзінің дербес кітабымен танылды.
Ілияс Жансүгіров Мәскеудегі оқуын бітіріп қайтқаннан кейін, «еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер болып істей бастайды.
«Еңбекші қазақ» газетінде істеген үш жыл (1928 – 1931) Ілияс шығармашылығының тағы бір басқыш жоғарылаған маңызды белесі болғаны даусыз. Мұнда ақын бұрынғы тақырыптарына қайта оралып, сол тақырыптарды жаңа жақтарынан толықтыра да тереңдете ашады, бұрынғы сарындарын одан әрі күшейте және үдете жырлайды. Мысалы, Жансүгіров бұл жылдары да Қазан күнін ардақтап, совет тұсындағы ұлы жеңіс пен табыстарымызды баяндап жаңа өлеңдер шығарады. Октябрьдің 11 жылдығына жазған «Ұлы Октябрь» деген өлеңі – Октябрь тақырыбын бұрынғыдан гөрі қомақтырақ толғап, партияның совет дәуіріндегі басшылық ролін айқынырақ көрсеткен өлең.
Сондай – ақ Ілиястың бұрын өндіріс тақырыбына жазған «Заводта» деген өлеңі оның Мәскеудегі заводты көргенде алған әсерінен туса, «Жаңа дала», «Алтын қазан» сияқты өлеңдері – қазақстанның өзіне орнаған өндірістерді көргендігі қуаныштан туған өлеңдер. «Жаңа дала» деген өлеңінде ақын Қазақстандағы ұлы өзгерістерді, оның ішінде өндіріс орындарының өсуін толғайды, бірақ бұл – жалаң толғау емес, нағыз көтеріңкі шаттық сезімге (пафосқа) бөленген образды толғау. Ал енді «Алтын қазан» өлеңін алсақ, мұнда нақты бір – ақ өндіріс бейнеленген. Ол – советтік Риддер (қазіргі Лениногорск кені).
«Алтын қазан» - Ілиястың әдемі, әсем шыққан өлеңінің бірі. Мұнда Риддерді қоршаған табиғаттың көркі, Алтай тауының суреті, бойындағы бар асылын иесіне – халыққа – иіп тұрған Риддердің ішкі – тысқы сипаты және кеше ғана ауылдан келіп, бүгін социалистік өндірісті игеріп жатқан жас қазақ жұмысшыларының пішіндері көркем жасалған. Ауыл әнімен айтуға лайықтап жазылған «Алтын қазан» - қазақтың он бір буынды қара өлең түрін кемеліне жеткізген жатық, жұмыр, әуезді әрі әшекейлі өлең.
Орыс жерін туған жерім деп, жанымен суйе суреттеу, орыс адамдарының еңбекшілдігін үлгі етіп сүйсіне жырлау, орыс жұмысшылары мен шаруаларының және қазақ еңбекшілерінің ұштасқн ұлы тілегін қастерлеу Ілиястың бұрынғы өлеңдерінде де ұшырасатын. [1 – 243]

1.3. Әлемге арналған ақындық үн

Халықаралық жағдай мен жер жүзілік оқиғалар, империалистерге қарсы өршіген жұмысшы қозғалысы мәселелері - әр жылдары – ақ ақынның назарын аударып келген тақырыптың бірі. Жансүгіров поэзиясында бұл тақырып әжептәуір орын алады. Капиталистік елдердің ала ауыз дипломатиясын мазақтап, ол – 1922 жылдың өзінде «Тілші» газетінде «Саясат қошқарлары» деген сықақ өлең жариялаған болатын. Оның бер жағында капитализм дүниесін сұр жылан образында алып жазған «Қос аяқ» деген өлеңін 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналына бастырды. 1926 жылы мамыр айында Англияда күшпен басылған көмір кеншілерінің көтерілісіне арнап жазған «Кім үшін?» деген өлеңі 1928 жылы «Сағанақ» жинағында шықты. 1925 жылы «Тілші» газетінде «Коммуна» деген өлең жазып, ақын бейнелі сөздерімен Париж Коммунасы қаһармандары бастаған ұлы істі Совет Одағы жүзеге асырып отырғанын, Коммунаның жарқын идеясы күндердің күнінде дүние жүзін нұрға бөлейтінін айтып, жалынды жыр қозғады. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері, курстык Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар ж, Курстық жұмыс: Әдебиет | Ілияс Жансүгіровтің аударма өнеріндегі ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін