» » » Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы

Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы

Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы казакша Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы на казахском языке
Мазмұны
I. Кіріспе ......................................................................................................3
II. Бирма мемлекетінің қысқаша тарихы…………………………........ 5
2.1. Табиғаты,Халқы,Орналасқан жері…………………………..5
2.2. Қысқаша тарихы......................................................................7
III. Бирманың XVI-XIX ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы.............9
3.1. Бирма халқының отаршылдыққа қарсы күресі......................9
3.2. Экономикалық дамуы.............................................................14
IV. ХХ ғ. 40-70 Бирма халқының әлеуметтік экономикалық дамуы.17
4.1. Экономикасы...........................................................................17
4.2. Мәдениеті..............................................................................................24
V. Қорытынды бөлімі.........................................................................29
VI. Қолданылған әдебиеттер………………………………………….32

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Оүңтүстік Шығыс Азиядағы орналасқан Бирма мемлекеті бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алады.Себебі бұл мемлекет кезінде көптеген қиыншылықтар кездесті. Алғашқы кезде мұнда көрші алып Қытай мемлекетімен талай жылдар бойы тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. XVI ғасырда Португалдықтар кейін ғаламдықтар келк бастады.Португалдық Бриту XVII ғасырдың басында Сирианда мемлекет құрды. XVII ғасырдың I ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны астана жасады. XVII ғасырдың 40 жылдары Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 жылы Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін ⁿқұлатты.
Бирма Мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен Француздардың Ост – Үнді компаниялары қол сұқты. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 жылы конбаундар әулетін құрушы Бирманың ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады.
Мінекей, Бирманың кішкене болсын тарихын келтіре тұра мен тақырыптың өзектілігін осыдан туу керек деймін. Басқаша айтқанда Бирма халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ұлт азаттық күресі арқылы жалпы Азия халықтарының отаршылдыққа қарсы күресін көрсетуі болды.Сондай-ақ қазіргі Бирманың халықаралық қатынастарда алатын орны мен ролін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі.
Курстық жұмысты жазу барысында көптеген жалпы теориялық және тікелей жұмысыма Ресей ғалымы В.В Василевтің «Очерк истории Бирмы» атты еңбегі үлкен көмек көрсетті. Мұнда Василев Бирманың бүкіл тарихына қысқаша шолу жасаған. Сонымен қатар А.С. Кауфманның»Рабочий класс и националность Бирмы»атты еңбегі үлкен көмек берді. Өкінішке орай тікелей тақырыбыма байланысты әдебиеттерді таба алмадым, сондықтан еңбегім көбінесе Василевтің еңбегі негізінде жазылды. Бұған қарамастан курстық жұьысымдағы мәселені көрсетуге тырыстым. Сондай – ақ осы курстық жұмыс жазуыма біздің Елбасшы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері жалпы әдістемелік нұсқау ретінде маған үлкен көмек берді. Себебі бұл еңбектерде көптеген әдістер бар. Мысалы: салыстырмалы тарихи әдісі, хронологиялық әдісі, болжау әдісі және тағы да басқа.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Курстық жұмыстың мақсаты өзектілігінен шығады. Яғни XVI – XIX ғасырдағы Бирма мемлекетінің әлеуметтік – экономикалық дамуын көрсете тұра халқының отаршылдарға қарсы ұлт – азаттық қозғалысын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері.
1. Бирма мемлекетінің тарихын қысқаша шолу.
2. Бирма халқының XVI – XIX ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық дамуын көрсету.
3.Бирма халқының XVI –XIX ғасырдағы отаршылдарға қарсы ұлт – азаттық қозғалысын көрсету.
Құрылымы.
Титулдық беттен, жоспардан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
II. Бирма мемлекетінің қысқаша тарихы.
2.1.Табиғаты, халқы, орналасқан жері.
Бирма одағы (бирмаша Мьянма (Бама), Пьидаунзу мьянмайнган) - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Бирма федеративтік республика. 1962 жылғы марттағы мемлекеттік төңкерістен кейін, 1947 жылғы конституция тоқтатылып, тұратын және жоғары заң шығару органы қызметін атқаратын Рев. советке көшті. Мемлекет басшысы - Революциялық советтің председателі, ол әрі Министрлік Советінің Председателі, қорғаныс министрі және Қарулы Күштер Бас штабының бастығы. Жоғары атқару өкіметінің құрамында Министрлік Советінің Председателімен министрлері бар Министрлік Советі жүзеге асырады. Ұлттық мемлекеттерде Революциялық совет тағайындаған мемлекеттік жоғарғы советтер құрылған. Жергілікті жерлердегі басқару органдары - әкімшілік пен қауіпсіздендіру комитеттері. Сот өкілдігін Бас сот атқарады.
Табиғаты. Бирманың жері негізінен таулы. Батысындағы Ракхайн тауының (биікт. 1500-3000 м) Паткай, Кумун жоталары (биікт. 5881 м-те дейін) елдің солтүстігін, Шан және Тенассерим (Танинтайи) таулы қыраттары шығысын алып жатыр. Орталық бөлігінде белесті Иравади жазығы бар. Климаты субэкваторлық, ыстық, ылғалды1. Ең ыстық кез - сәуір айының орта температурасы 30-32° С, ал январьда 15-25° С. Таудың теңіз жақ беткейінде түсетін жауын-шашын мөлшері 6000-6500 мм, жазық бөлігінде 500
_________________________________
1Л.И.Луракова.,Бирма.Природные райоры и ландшафты, М., 1967;
5
мм. Ірі өзені Иравадидің (1440 км бойында кеме жүзеді) басты салалары: Чиндуин, Салуин, Ситаун. Таулы өңірі орманды, құнарсыз сары, құба, кейде қызыл топырақты, ал жазық жерлері сортаңды қызғылт және қоңыр топырақты келеді. Жерінің 60 % -і мәңгі жасыл, қарағайлы, қылқан жапырақты орман (таулы бөлігі мен теңіз жағалауында). Орманында сусар, виверра, даласында жабайы бұқа, керік, жолбарыс, қабылан, піл мекендейді. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер өтө көп.
Халқы. Бирмада 70-ке тарта халықтар мен тайпалар тұрады. Олар тіліне қарай тибет -Бирма (Бирмалықтар, карендер, кая, нага т. б.), тай (шандар т. б.) тіл топтарына, монкхмер (мондар, палаун, ва) тіл семьясына жатады. Халқының көбі Бирмалықтар (20 млн-ға жуық, Бирма халқының 73 %-і), олар елдің оңтүстік және орталық бөлігіне қоныстанған. Мемлекеттік тілі - Бирма тілі. Дінге сенушілердің көбі буддистер мен мұсылмандар. Халықтың орташа тығыздығы. 1 км2-те 41 адамнан, бірақ барлық жерде біркелкі орналаспаған. Иравади өзенінің бойында 1 км2 жерге 500 адамнан келсе, солтүстік таулы бөлігі мен Шан таулы қыратында 4-10 адамнан аспайды. Халқьның 20%-і қалада түрады. Үлкен қалалары: Рангун, Мандалай, Моламьяйн. Жыл санауы б.з. 638 жылынан басталады.
6
2.2. Қысқаша тарихы.
Тарихы. Неолит дәуірінде Бирманы осы күнгі мондардың арғы тегі монкхмер тайпалары мекендеген. Сірә, б.з. Бирма 2-мың жылдықта Бирмаға солтүстіктен осы күнгі аракандықтар мен чиндердің арғы аталары – тибет-бирма тайпалары, сонан соң пьюлер жылжи бастаса керек; Б.з. Бирма 2 және 1-мың жылдықта тай халықтарының топтары келе бастаған, ал біздің заманымызда Бирмада шандар т.б. пайда болған. (Біздің заманымыздың басында рулық құрылыс ыдырап, Бирмада алгашқы мемлекеттер құрылды. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Бирманың оңтүстік жағалауында мондардың өз алдына мемлекеті болған құл иеленуші қалалары дүниеге келді2. Араканда мемлекет құрылды. 4 ғасырдағы алғашқы деректерге қарағанда, пьюдің Шрик-шетр мемлекеті өмір сүрді, гүлдену дәуірінде (7 ғ.) ол Солт. және Орт. Бирманы қамтиды. Халқы негізінен егіншілікті кәсіп етті. Алғашқы мемлекеттердің діні буддизм мен брахманизм болды. 832 ж. Наньчжао (Қытайдағы мемлекет) әскерлері Шрикшетрді талқандады. 10-11 ғасырда Бирмадағы мон қалаларының бірлестігі - Раманадеса құрылды. 7-9 ғасырда қазіргі Бирмалықтардың арғы атасы - мранмалар мен мьянмалар Солт.- Батыс және Оңт.Бат. Қытайдан ауып келіп қоныстанды. 9 ғасырда олар Иравади өзені алқабындағы Чаусхе аймағына орнықты да, мондарды ығыстырып, пьюлерді өздеріне бағындырып алды3.
_____________________________
2И.В.Можейко.,История стран Юго – Восточной Азии, М.,1968
3И.Ф.Васильев.,Очерки истории Бирмы 1885 – 1947, М.,1962
7
Бирма көсемдері арасындағы бақастық күресте Анораттар (Анарудтар) жеңіске жетіп (1044), Паган мемлекетін құрды. Бұл
Татон қалалар бірлестігін талқандап (1057), Солт. Араканмен қоса бүкіл Бирманы жаулап алды да, 11-12 ғасырда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы іргелі елге айналды. Осы тұста Бирмада буддизм біржолата орнықты. Паган кейінгі ұрпағына архитектураның өшпес үлгісін қалдырды. Елде пал, мон, пью, кейіннен Бирма тілдерінде жазбалар тарады: әдебиет, сурет, мүсін өнері дүниеге келді. 13 ғасырда Паган мемлекеті ыдырай бастады, ақыры 1283 ж. монғолдардың соққысынан біржолата күйреді. Бирмада феодалдық бытыраңқылық басталды. Аракан қайтадан дербестік алды. Орталық және Солт. Бирманы шандар басып алды. 14 ғасырдың басында олар монғолдардың шабуылын тойтарып, бірнеше князьдықтар құрды (Ппнья, Ава, Сагайн т. Бирма) 1287 ж. мон мемлекеті - Пегу пайда болды. 14-15 ғасырда Ава мен Пегу Бирмадағы үстемдікке таласты. 16 ғасырда Таунгу князьдығының билеушілері Бирманы біріктірді. Билеуші Табиншветхи Пегу қаласын (1539) жаулап алып, Төменгі Бирмаға тугелдей үстемдік жүргізді. Оның мирасқоры Байиннаун Авуды алып (1555), Солт. Бирманы өзіне бағындырды, шан князьдыктарына бақылау орнатты, 16 ғасырдың аяғында бұл мемлекет әлсіреді.
8
III. Бирманың XVI – XIX ғ.ғ. әлеуметтік – экономикалық дамуы.
3.1. Бирма халқының отаршылдыққа қарсы күресі.
16 ғасырда португалдықтар, кейін голландықтар мен ағылшындар келе бастады. Португалдық дя Бриту 17 ғасырдың басында Сириамда (Төменгі Бирма) мемлекет құрды. 17 ғасырдың 1-ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны (1635) астана жасады. 18 ғасырдың 40 жылдарында Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 ж. Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін құлатты. Бирма - мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен француздардың Ост-Үнді компаниялары қол сұқты. 18 ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 ж. Конбаундар әулетін құрушы Бирмалық ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады. 1755 ж. ол Жоғарғы Бирманы біріктіріп, монғолдарға күйрете соққы берді, 1757 ж.Пегуді басып алды; Бирмада үстемдік жасау жолындағы Бирмалықтар мен монғолдардың ғасырлар бойғы күресі мондардың жеңілуімен тынды, Алаунпая шан князьдықтарына бақылау орнатты. Конбаундар мемлекеті Үндіқытай жарты аралығындағы.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: almira777 | 50 |


Загрузка...
Читайте также
Реферат: Саясаттану | Мемлекет функциясының ұғымы
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Саясаттану | Мемлекет функциясының ұғымы
Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың XVI-XIX ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың XVI-XIX ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы
Реферат: Тарих | Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қалыптастырушы бағалау (ФО) жинағы
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақстан тарихы (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қалыптастырушы бағалау (ФО) жинағы
Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақстан тарихы (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР) жинағы
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР) жинағы
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР): Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)
Қазақша презентация (слайд): Тарих | ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Тарих | ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [дайын, тегін], курстык жумыс Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыста, Курстық жұмыс: Экономика | Бирманың(Мьянма) XVI-XIX ғғ.әлеуметтік-экономикалық дамуы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін