Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру на казахском языке

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру-дың көрсеткіштерін айқындау;
Бастауыш сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1.1.Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері.
Халкымыздың перзенті М.Жұмабаев тәрбиені төрт түрге: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп бөле келе «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәррбиесі түгел болғаны»,-дейді.
Соның ішінде адамгершілік тәрбиесіне тоқталатын болсақ адамның моральдық бейнесі оның бүкіл өмірі мен іс-әрекетінде дами береді, бірақ адамгершіліктің негізгі бейнелері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік кезде қалыптасады. Одан әрі қарай жаңа адамгершілік қалыптың пайда болуынан гөрі, бойындағы бұрынғы бары дамиды немесе тәрбиедегі кемістік жөнделеді.
Ата-аналар: "Ең бастысы ұлының немесе қызының қандай маман болғандығында емес, ең маныздысы олардың нағыз адам болуында",- деген сөзді жиі айтады. Ата-аналардың бұл сөздерінен өз балаларының адамгершілік бейнесі жөнінде қамқорлық жасайтыны көрінеді.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершлік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, құлық пен адалдық, зұлымдық пен махаббат, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан, мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Ал осыны ойлаған ата-ана жастарды отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа, имаңдылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойды.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатынын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық инабаттылықты көрсететін терек мәнді ұғым.
Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.
Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.
Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті ұштасып жатады. Оқу бала үшін - қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның тұрған кезінен-ақ басталады. Мектепке дейінгі жаста балаларды бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың ең карапайым дағдылары қалыптасады. Мектепте бұл жұмыс он бір жыл бойына мұғалімдердің басшылығымен жүйелі түрде, көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде бастауыш сыныптарды адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбиенің арасында диалектикалық өзара байланыс бар.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыртқы ықпалды тез қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келетінін, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөніндегі ымырысыздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленетін психологтар анықтаған. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілкке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Адамгершілкке тәрбиелеуде балалардың онда адамгершілік тәжірибесі шешуші маңызға ие. Тәрбиенің ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көз жетеді.
Мектеп окушыларының қандай да болсын қызметі айналадағылардың қоғамдық мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және интеллектуальдық сфераларына өзек болады. Балалар мейлі мектеп ауласында ойнап жүрсін, мейлі еңбек етіп жатсын, солардың бәрінде де олардың қызметінен адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттер көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілік тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір тарауы деп те, тәрбие жұмысының кез-келген басқа тарауының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбегін, ойының ұйымдастырғанда, олардың адамгершілік тұрғыдан жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.
Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан қалыптасқан дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен іске асады.
Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары мен, моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың мәні зор.
Бала үлкендердің талап-тілегін жай ғана орындай салмай, ықыласпен өзі қалаған жағдайда адамгершілік тәрбие оқушының адамгершілік тұрғыдан өсуін бағыттай алатыны мәлім. Бұл тіпті кішкентайлардың адамгершілік тәрбиесінде жетекші роль атқаратын еліктеу барысында көрініс табады. Егер бұл жақсы өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады.
Мұғалімдердің бәрі бірдей оқушы мүддесін байқап, оны көтерлемелеп, қанағаттандырып отырмайды. Балалардың көптеген тілегіне тіпті жауап оларға тиыс салу. Жазаланудан қорыққан бала өз тілегінен уақытша бас тартуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен қайшылық жойылмайды. Жаза сейілгенде, бала өзінің тілегін қанағаттандыруға көшеді. Үлкендердің өз тілек-мүддесіне қатынасын сезген тәрбиеленуші енді қулыққа, екі жүзділікке салады. Ол үлкендерге былай деп жауап берсе, ал іс жүзінде басқаша істейтін болады. Сөйтіп бірте-бірте өзінің төңірегіндегілерді алдаута үйренеді. Мұндай мінез-құлық кейде тәрбиеленушілердің моральдық бейнесінде ауыр кемшіліктерге әкеліп соғуы мүмкін.
Баланың тілегін екі етпей орындау да кері ықпал етеді. Ж.Ж.Руссо баланы бақытсыз етудің сенімді жолы – оны "болмайдыны" естімеуге үйрету деген болатын.
Тәрбиеші баланың тілек-мүдделерін басқара білуі, яғни оның стихиялық түрде пайда болатын тілектерін ақылмен қанағаттандырып, саналы түрде жаңа мүдделерін қалыптастыра білуі керек.
Өзінің адамгершілігін жетілдіруге, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылудың үлкен мәні бар.
Оқушы өзіне міндеттеме алғызып, оны орындауға итермелептін стимул - адамгершілік мұраты. Яғни, оқушы өзін адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде өзіне міндеттеме алу әдісі. Мұрат шәкірт өмірінде жарық жұлдыз іспеттес, ол адамды үнемі жаңара түсуге шақырады. Адам өзін үнемі өз мұратымен салыстырады, өзінің кемістігін айқынырақ сезініп, оны тезірек түзетуге күш салады. Ал мұғалім балалардың өзін тәрбиелеу әрекеттерін үнемі бақылап отыруы тиіс.
Мектеп оқушысының адамгершілік мұратының қалыптасуында мұғалім маңызды роль атқарады. Өзінің барлық жұмысында ол шәкірттерді адамдар мінезіне талдау жасап, білуге шынайы адамгершілікті өтірік, жасанды адамгершіліктен ажырата білуге үйретеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны адамгершілік сапаларының кең көлемін қамтиды.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды алға шарты сынып пен мектептегі жалпы адамгершілік "климат" мұғалімдер мен балалар арасындағы қарым-қатынастың, балалардың өзара қатынастарының стилі, сонымен бірге мұғалімнің өз үлгісінің оның балаларға көзқарасының шешуші маңызы бар. Балалар тіпті ұсақ-түйек істерді де қимыл-әрекеттерін де өзінің мұғаліміне еліктеуге тырысады.
Сонымен, бастауыш сыныптағы адамгершшік тәрбиесі тұтас тәрбие жұмысының құрадас, маңызы болып табылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жу, Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін