Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері казакша Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................3

І. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы...................4

1.1. Ақшаның пайда болуы және оның мәні...........................4
1.2 .Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі................6
1.3. Ақшаның теориясы...............................................................11
а) Ақшаның металдық теориясы.
б) Ақшаның номиналистік теориясы.
в) Ақшаның сандық теориясы.

ІІ. Ақша айналысы және ақша жүйесі...................................16
2.1. Ақша айналысының сипаттамасы.....................................16
2.2. Ақша жүйесінің ұғымы, элементі және типтері...............18

ІІІ. Қазақстанның және шет елдердің ақша жүйесі.................25
3.1. Қазақстанның осы заманғы ақша жүйесі.........................25
3.2. Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі..................27

Қорытынды...........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................30

. Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы.

1.1. Ақшаның пайда болуы және оның мәні.

Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т. б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т. б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ.. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық..
Біріншісі ( ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті ) ақшаның туындауын мемлекекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн – бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін обьективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны ( оны өндіруге кеткен еңбек шығындары ) болады. Тауарлардың пайдалылығына ( үй, машина ) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездойсоқ форма, ол алғашқы қауымдық
құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде ( 1 қой = 1 қап бидай ) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар ;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланысқан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір немесе бірнеше өтімді тауарлар ( тұз, мал, астық ) айқындалады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым ( кездейсоқ ) түрінен жайылыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен ( тұз, мал, астық ) өрнектеледі. Әр түрлі тауарларды айырбастау кездейсоқ форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады;
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты, қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т. б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады.
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
- ақшаның жалпы тікілей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
- ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстырады;
- ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді

1.2. Ақшаның қызметтері және экономикадағы ролі.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және баға масштабы;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша;
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: « мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру » қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар ( алтын және күміс ) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнелеуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі – бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы – бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнелебейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғандардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ.. Одан фирмалар мен корпорациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды;
Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыста болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бір – несие тауар мәмілеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақшаның төлем құрал қызметі. Әр түрлі жағдайардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т ( тауар ) - М ( міндеттеме ), келісілген мерзімнен кейін: М ( міндеттеме ) – Т ( тауар ).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
- тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
- банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелері;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер
- сақтандыру міндеттемелері;
әкімшілік және сот алдындағы және басқадай міндеттемелер;
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ.. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында;
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысы ғана мүмкін.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүнижүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді » - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ – доллары, неміс – маркасы, ағылшын – фунт стерлингі, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты СДР атқарады.
Бреттон –Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі «еуро» айналысқа шықты.
1.3. Ақша теориясы

Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша-несиелік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.
Ақша теориясының үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы, номиналистік және сандық.

а. Ақшаның металл теориясы.

Ақшаның металл теориясы XV – XVII ғғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда – У. Стэнфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда – А. Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық – табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы қшада адамдардың өндірістік қтынастарын назардан тыс қалдырады.
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады – дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді – деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі – біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы еме, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.
Германияда XIX ғ. екінші жартысында алтынмоне арлық стандарттың енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді. Бұл оның бірінші метаморфозасы болды, неміс экономистері (К. Книс және т.б.) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.
Екінші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғытан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қаржы курстық жұмыстар, Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері, курстык Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Қарж, Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесінің ұғымы элементі және типтері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін