Банк ісі | Ақшаның маңызы мен қажеттілігі шығуы

 Банк ісі | Ақшаның маңызы мен қажеттілігі шығуы

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлөрі және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктерідүрлері және
атқаратын қызметтері
1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша
жүйесінің ерекшеліктері
1.3 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері
2. Ақша айналысы жәнө Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының
тәртібі және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу
қағидалары
2.2. Қолма-қолсыз ақшалармен есеп-айырысу формалары.
және ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КОСЫМШАЛАР

. Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
1.1 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктерідүрлері және атқаратын қызметтері
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жек адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жүмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да, бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас қүны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін түтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс. Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған: Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән қүнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасына бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.
Ал, екінші формасы - бүл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне, бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға: 1 қап бидай = 1 қойға = 1 балтаға = 1 құмыраға және т.б. Үшінші формасы - бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріме қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар ролін, кей халықтарда мал (ертедегі гректе, римдіктерге, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және

өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Ал, құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар - ақшалай формасы қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен, ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын белгілейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2) айырбас құнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану)
формасы.
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жео. ооман. жео

қойнауын және т.б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын уақымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындары әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
1.2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
Әр елдің өзінің қалыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1) құн өлшемі және басқа масштабы;
2) айналыс құралы;
3)төлем құралы;

4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арарсында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндетемме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Таүарлар мен акша арасындағы

уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне мартеиал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бүгінгі тақца тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақашалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналасы мынадай процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада келесідей түрде беруге болады: Т (тауар) - А
а\ — Т (та\іап\

Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі - бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы - бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілген нарықтық бағаға айналады.Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады. Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем қүралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: М (міндеттеме) - Т (тауар).
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері

• сақтандыру мшдеттемелері;
• әкімшілік және сот алдындағы және басқадай
міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлдықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген. Біздің елімізде, алтын қоры ҚР Ұлттық банкінде жинақталған.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және
депозиттік шоттардағы, сол сияқты банктегі басқадай
шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде
қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда
жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын қүрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану қүралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақашалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе сүбсидиялар берүі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?