Банк ісі | Ақшаның маңызы мен қажеттілігі шығуы

Қазіргі жағдайда ақша, шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айрысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады. Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғанды, ол, оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы