Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")

Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")

"Қыстың қамын жаз ойла» - деген аталы сөзге құлақ асатын апа - әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына кірісіп кеткен де болар. Әр үйден табыла кететін осы бір көкөніс түрлерінен дайындалған оңай әрі дәмді салат рецептін ұсынуды жөн көрдім.

Баклажан қосылған қыстық салат (Салат "Пятерочка")
Құрамы:
2 литр банкаға арналған өлшем:
Баялды (Баклажаны) – 500 гр.
Тәтті болгар бұрышы (Перец сладкий) – 350 гр.
Қызанақ (Помидор) – 500 гр.
Сәбіз – 200 гр.
Пияз – 300 гр.
Сұйық май (Масло растительное – 50 мл.
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – қалауыңызша
Сірке қышқылы (Уксус 70%) - 1 ас қасық
Сарымсақ (Чеснок) – 6 түйір
Перец горошек – 9 шт.
Лавр жапырағы – 3 шт.

Жасалуы:
Ең алдымен баклажанды жуып алып, қалыңдығын 1 см етіп тураймыз, аштысы кету үшін1 шай қасық тұз себеміз, мұздай су құямыз да үстінен тарелкемен бастырып 1 сағатқа қалдырамыз.
Табаға сұйық майды құйып, қыздырамыз да дөңгелектеп жұқалап туралған сәбізді салып 3 минуттай қуырамыз. Пиязды турап саламыз да 3 минуттай қуырамыз, болгар бұрышын да салып 2 минут қуырамыз да баклажанды саламыз (баклажанның суын сығып салу қажет) да 5 минуттай қуырамыз. Ең соңынан қызанақты саламыз үстінен тұз, шекер, сірке қышқылын құямыз. Қақпағын жауып 20 минуттай бұқтырамыз.
Алдын ала банканы содамен ысқылап, тазалап жуып кептіреміз. Таза банкаға 2 түйір сарымсақ, 3 түйір қара бұрыш, лавр жапырағын саламыз да салатты салып қақпағын жабамыз. Салат дайын болу үшін банканың сыртынан тағы да 20 минут қайнату қажет. Үлкендеу кастрөлге жұқалап шүберек төсеңіз де салат салынған банкаларды құламайтындай ыңғайлап салыңыз, ыстық су құйып 20 минут қайнатыңыз. Кастрөл қақпағын жауып қойыңыз.
20 минуттан соң салат дайын қақпағын жақсылап бұрап жауып, суығанға дейін төңкеріп қойыңыз.
Дайындаған: Жайна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу

Ілмектер: баклажан, салат