Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?

Кейбір ерлі-зайыптылар бір-бірінің арасында сезім қалмағанын, араларында салқындық пайда болғанын айтып жатады. Оның себептері де әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі – бір-біріне «сені жақсы көремін» деп айтпау. Кейбір ер адамдар әйеліне сезімін білдіруді артық санайды, «ол дұрыс емес», «ондай жастан өтіп кеттік», «айтқанда не пайда» немесе «әйеліне бағынышты еркектер ғана айтады» деп ойлайтындар да аз емес. Шынында, ер адамдардың әйеліне сүйіспеншілігін білдіріп, жылы сөзін айтуы керек пе? Ол дұрыс па?

Негізінен, Алла тағала ерлерге әйел адамға мейірімділікпен қарауға, жақсы қарым-қатынас жасауға бұйырады. Бұл жайлы Қасиетті Құранда: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар» делінген («Нисә» сүресі, 19-аят).

Әйел адам табиғатынан нәзік болғандықтан күйеуінен жылы сөзін, қамқорлығын, мейірімділігін көруді қалайды. Ал ерлі-зайыптылардың, бауырлардың, жақындардың бірін-бір жақсы көріп «сені жақсы көремін» деп айтулары да сауапқа жатады.

Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала қиямет күні: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген құлдарым қайда? Менің көлеңкемнен басқа пана болмаған осынау күні оларды Өзімнің көлеңкеме саялатамын», – деп айтады», – деген (Муслим, бирр 37).

Бір ғана жылы сөз жүректерді жылытып, ерлі-зайыптылардың сүйіспеншіліген арттырады, оларды жақындастыра түседі, әрі сауапқа кенелтеді. Сондықтан бір-біріңізден жылы сөздеріңізді аямаңыздар, «сені жақсы көремін» деп жиі айтыңыздар!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Жыныстық қатынасты қаламаған әйелді үш СМС-пен қоздыруға болады
» Ерлерге арналған әшекей: Қол сағаты
» Қызбен танысу тәсілдері
» Қызбен жүру күнә ма?
» Әйел адамдарға берілетін сыйлық түрлері
» Қыздың жүрегін жаулаудың 7 амалы
» Қызбен алғашқы кездесу

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 1
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Пікір жазу

Пікірлер 3

  1. Керім
    Керім 26.01.2021 04:36
    0 + 1 -
    Жақсы кенестер
  2. Әдемі
    Әдемі 09.01.2021 06:09
    0 + 0 -
    Пайдалы ақпарат
  3. Оқырман Сымбат
    Оқырман Сымбат 23.12.2020 13:39
    0 + 0 -
    Маган 2-токсан тжб орыс тили керек отинем бериндерш


Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы