Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең… » ZHARAR © 2016 | бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңес, бала тәрбие туралы ата ана, ата-анаға кеңес беру




  • »

Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең…

Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең… казакша Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең… на казахском языке

Кейбір жағдайда ата-ананың сабырға келіп, сабасына түсіп, өзінен: «маған баламның өзіне сенімді, мықты болып өскені, тығырықтан жол тауып кетер шешімтал болғаны, ұрыс-керісте өзін лайықты ұстай білуі, жасаған ісі туралы ойлана алуы, өз ақылымен өмір сүргені, өз өмірін өзі дұрыс жолға салғаны, ізгілікті тани алғаны керек пе, әлде, тек мені тыңдап, тілалғыш бала болғаны, оған өз билігімді жүргізгеніме мәз болғаным керек пе?» деп сұрауы тиіс.

Бала мықты, сенімді, ойлы болып өсуі үшін ата-ана оған бірнеше нәрсені үйретуі керек:

Қателіктен сақтануды емес, қателік жасап, содан сабақ алу керектігін білдіртсін;
Мектеп оқулықтарын бастан-аяқ жаттатып емес, ең керек ақпаратты таба білуді, өмірде маңызы болады деген жаңалыққа құмар ету, соны өмірде қолдануды, қолда бар мүмкіндікті пайдалануды үйретсін;
Ұрыс-керістен қашуды емес, сондай жағдайда өзін лайықты ұстауды, парасатты шешім қабылдауды көрсету;
Өзіңді қинап сабақ оқуды, жұмысқа ерісіз жегілмей, бәрін ынтамен, зейінмен жасауды үйрету.
Осының бәрін үйрету үшін ата-ана баласына көмектесіп отыруы қажет. Баланың көңіл-күйін меңгеруіне, шамамен қандай жағдайда қалай еткені дұрыстығын айтып, түсіндіруі керек. Егер балаңыздың бір нәрсеге ренжігенін, ашулы екенін көрсеңіз, сол бастан кешіп тұрған сезімінің атын түстеп атауды үйретіңіз. «Ашуланып тұрсың ба? Әлде өкпеледің бе?» деген сияқты көп баланы сол ізденістің өзі тоқтатады. Бала мұны ата-анадан естіген кезде өзінің күйін түсінеді. Ата-анасы оны түсінетінін, еш сөкпейтінін сезінеді. Мұндай ата-анаға сенуге болатынын біледі. Өзінің қиындығын сеніп, тапсырады. Бала не айтса да, тіпті өзіңіз оныкі дұрыс емес деп шешсеңіз де, оны сынамаңыз. Кері пікір айтпаңыз. «Мен саған айтып ем ғой», «Ылғи осы ғой», «Тірлігіңнің бәрі әкеңдікіндей», «Өскенде кім болар екенсің?», «Кімге тартқаныңды Құдай білсін» деген сөздерді айтпаңыз. Бұлай десеңіз, бала тұйықталып кетеді. Өзін кінәлі сезінеді. Кінә сезіну баланың ойлануын тежейді, дамытпай, жетілдірмей тастайды. Кейін ата-анасына шынын айтпайтын болады.

«Бірдеңеге налып тұрсың ғой», «Не болды? Айта қойшы?» десеңіз, ол бірден шешіліп сөйлейді. Айтқысы келмесе, бұдан артық мазаламаңыз. «Ештеңе айтқың келмей тұр ма, онда кейін сөйлеселік, құлыным, мен әрқашан сенің жаныңдамын, маған қай кезде де сенім артуыңа болады», — деңіз.

Егер бала бірдеңе айтқысы келсе, сөзін бөлмей тыңдаңыз. Басқа істі қоя салып, бетіне қарап бәрін мүлтіксіз тыңдаңыз. Басыңызды изеп, мақұлдаңыз. Тек бағаламаңыз. «Жағдай былай екен», «солай екен» дегенді қоя тұрыңыз. Сөйлеп алсын. Бала кішкентай болса, керек сөз таппай тұрса, қолдап жіберіңіз. Бала ойын ашық айтып үйренсін. Ол сіздің көмекке келгеніңізге қуанады. Соны қадір тұтатын болады. «Бәрі жақсы болады» деп сендірмеңіз. «Басқа ойыншық әперем» деп алдандырмаңыз. «Мені ұятқа қалдырдың ғой» деп ұрыспаңыз. Бұлай десеңіз, баланың қобалжығанын түсінбегеніңіз. Ол қиналып тұр ғой. Оны ең жақын адамы түкке тұрғысыз деп тұрса, екі ортаға дуал орнай бастайды. Ол бұдан кейін ата-анасына да, сезіміне де сенбейтін болады.

Бала ішіндегісін ақтарып айтып, ата-анасы жанында болып, қолдау көрсетсе, жағдайды шиеленістірмей, балаға ақыл айтқыштамай, өзінің шешім қабылдауына мүмкіндік бергені дұрыс. Бірден оның тілегін орындай салу шарт емес. «Енді не істемек ойың бар? Менің көмегім керек пе?» деп сұраңыз. Бұл жерде ең маңыздысы балаға ұрыспай, салмақты сөйлесу. Дұрыс-бұрыстығын бетіне баспау. Мұндай әңгімелесу кезінде бала сезімді қалай сезіну керектігін үйренеді. Ойлауды, шешім қабылдауды меңгереді.

Егер бала мен ата-анасы кикілжіңге келіп қалса, бірден шешім іздеп әуре болудың қажеті шамалы. Одан да сәл де болса тыныштық сақтап, үндемей қалған жөн. Балаға сол жайсыздықты бастан өткеріп, тыныштанғаны пайдалы. Ата-ана оның сезімін түсіне алатындығын, өзінің тілегі маңызды екенін сезінуі керек. Сол арқылы ол көңіл-күйін көрсетуді, басқаруды үйренеді.

Бала жылап, ойыншық сұрап мазаны алса, оған зекіп, қорқытып, әр нәрсені айтудың керегі жоқ. Жанында болыңыз. Сабырлы болыңыз. «Саған ойыншық ұнағанын көріп тұрмын. Бірақ бүгін оны ала алмаймыз. Жылағаныңды қойсаң, үйге қайтайық» деңіз. Жанында тұрып, біраз күтіңіз. Өзге баламен салыстырып, ұрысып, қоқан-лоққы көрсетпеңіз. Басынан сипап қойыңыз. Құшақтаңыз.

Ойыншық туралы әңгімені бала жылауын доғарған соң жалғастыруға болады. Сол кезде оның жылағанына, орынсыз ойыншық сұрағанына наразылығыңызды айтсаңыз әбден орынды. Қашан, қайда әперетініңізді уәде етіңіз. Уәдеңізде тұрыңыз. Келісіп алыңыз. Келісімді орындамаса, ойыншық әпермейтініңізді айтыңыз. Әдетте өзіңіз істейтін істі оған тапсырыңыз. Қорытынды шығарып үйренеді. Не ексе, соны оратынын түйсінеді. Әрекетке сай жемісін көріп дағдылансын. Бірақ ұрыспай, қаталдық танытпай, кемсітпеу айту керек. Бала бұрыс қылығы үшін не болатынын алдын ала білуі қажет. Бала ата-анасының көмектесетінін білсе, оны сіз қалай жасағаныңызды сезінсе, ол өзіне-өзі көмектесіп үйренеді. Сол арқылы өзгеге көмектесуге дағдыланады.
Бала сіз оның әрекетін бұрыс деп санаған күннің өзінде оны жақсы көретініңізді түсінуі керек. Ата-анасына деген сенімді сезінген бала ғана өзіне сенімді бола бастайды.

Аударған: Шынар Әбділдә
дереккөз


Санат: Қазақша Әкелерге пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы | | 383
Рейтинг:
(голосов: 0)

Қазақша Әкелерге пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы, керек, ойыншық, болады, сенімді, болғаны, болып, айтып, деген, шешім, үйренеді, дұрыс, жағдайда, өзіне, өзінің, анасы, бәрін, кезде, десеңіз, келіп, күйін, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңес, бала тәрбие туралы ата ана, ата-анаға кеңес беру, ата аналарға кеңес, ата аналарға психологиялық кеңес, ата аналарга кенес казакша, жас ата анага кеңес, бөбек, анасының, сондай, үйретіңіз, төсегіне, өздігінен, Сәбиді, жақсы, айынан, жастан, көңіл, төсекке, Сондықтан, Төсегіне, сәбиді, баланы, көріңіз, Сонда, Халық, баланың, тәрбиелеу, мінез, балаға, халық, тәрбие, олардың, қайта, үлкен, туралы, рухани, педагогикасында, ананың, құлық, Тәрбие, тәрбиесі, тәрбие әдістері, керек, ойыншық, болады, сенімді, болғаны, болып, айтып, деген, шешім, үйренеді, дұрыс, жағдайда, өзіне, өзінің, анасы, бәрін, кезде, десеңіз, келіп, күйін, бала тәрбиесі туралы, бала тәрбиесі туралы баяндама, бала тәрбиесі туралы кеңес, бала тәрбие туралы, Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең… пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге

.

. .