Ат қою рәсімдері » ZHARAR © 2016 | ат қою дәстүрі, азан шақырып ат қою дәстүрі, балаға азан шақырып ат қою, балаға азан шақырып ат қою рәсімі, сәбиге есім қою, сәбиге ат қою рәсімі, Мұсылманша ат қою, мусылманша ат кою ул балага, мусылманша ат кою кыз балага




  • »

Ат қою рәсімдері

Ат қою рәсімдері казакша Ат қою рәсімдері на казахском языке

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.

Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқызса, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы»,- дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс.
Ат қою рәсімдері Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп, әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қа-луы ықтимал деп жорыған» (Ю.Бошняков, Денсаулық, 1991, № 11, 25 бет). Иә, баласының атын ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұру деп қабылдаған. Өмірінде күрт өзгеріс болған, мысалы, күйеуге шыққан қыздардың тегін өзгертуі де осындай түсініктен шыққан дейтіндер де бар. Бәрі мүмкін. Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғ- ни, 8-9 атты бірақ қою дәстүрі қалыптасқан. Оны Бразилия мен Мексиканың телевизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе - Игнасио деген шұбалаңқы есім айтылмайды ма? Бұл жақта өзіне осындай шұбалаңқы есім қойылған бала өсе ке-ле солардың ішінен бір атты таңдап алып, туған-туыс, жолдас-достарына сол есіммен өзін атауды өтінетін көрінеді. Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болғанда шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген). Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тә-різді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айналдырған.
Республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған бір мақалаға арқа сүйесек, 24 жылда 20 баланы дүниеге әкелген Қамаш апай қыз бала тоқтап, орнына ұл келсін деген ырыммен 8 қызының есімін Тоқтар деп атапты.
Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қоярда ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.

Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр

Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
1. Балаға артық сауса- ғына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай. 3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.
Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірі- мен ыстық қарым-қатынасы-ның нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып, сол халықтың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан.
Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай: Ежелгі түркі есімдері Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат
(«бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын,
таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»),
Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).
Бұрындары қазақ халқында біріккен сөздерден тұратын, яғни, әрбір сөз, есімнің бірінші әрпін бір-біріне қосып қойылатын есімдер де болатын. Солардың бірі – МЭЛС. Ол Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген есімдердің бірінші әрпінен тұрады. Сондай-ақ, қала аттарымен (Ирак, Бағдат) балаларды атау да орын алды. Құдайға шүкір, қазір балаларын орысша атау (Мила, Света, Тимур) да тиылды.
Адам атына планеталардың ықпалы Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол.
Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туған-дарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән. Есімдері түрлі әріптен баста- латын жас жұбайлар есімдері ұқсас, бір әріптен басталатын адамдарға қарағанда бақытты өмір сүреді екен. Мәселен, Марат, Хасен. 4+1+2+1+4=12. 5+1+3+5+ 5=19. 12+19=31. Қорытынды сан (31). Яғни, 1-9-ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкес-тендіріледі. 31-бұл (3+1=4).
Міне, осы 4 саны сіздің есіміңіздің саны болып есептеледі. Назар аударыңыз!
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қа- лыптасатын ерекше қасиеттер:
1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: кө- семдер, асқақ көңілді тә-каппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.
2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшыл-қиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар.
3. Юпитер. Кеңпейіл, оп- тимист, адамның тілін та-ба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар.
4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады.
5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды.
6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш.
7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар.
8. Сатурн. Ішкі жан-дү-ниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады.
9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді.

А-Ә-1 Е-5 Л-2 Р-2 Х-5 Ы-І-1
Б-2 Ж-2 М-4 С-3 Ц-3 Ь-1
В-6 З-7 Н-Ң-5 Т-4 Ч-7 Э-6
Г-Ғ-3 И-Й-1 О-Ө-7 У-Ұ-Ү-6 Ш-2 Ю-7
Д-4 К-Қ-2 П-8 Ф-6 Щ-9 Я-2



Санат: KZ портал » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы | | 1 649
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .