Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс казакша Декреттегі әйелдерге құлаққағыс на казахском языке

Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ ауа райы тікелей нәзік жандының мықтылығын қажет етеді. Декреттегі әйел отбасын да, өзінің денсаулығын да сақтап қалғысы келсе мына бір ескертпелерді естен шығармағаны шарт:

• Ақша үнемдей отырып, өзіңізге киім, косметика, қысқасы қажет заттарды сатып алып отырыңыз. Үйде отырсаңыз да өзіңізді жақсы көріңіз.

• Сыртқа шығып тұрыңыз. Дос-жараныңыз бар болса, тіпті жақсы. Басқосулардан қалмаңыз. Қалада достарыңыз болмаса, жаңа дос табуға тырысыңыз.

• Демалыс күндері бала қарауды жолдасыңыздың мойнына жүктеңіз. Өзіңіз де басқа шаруаларды бітіресіз әрі бала әкенің тәрбиесін алады, мейірім-шапағатына бөленеді.

• Егер сіз ата-енемен бірге тұрсаңыз, баланы олардан қызғанбаңыз. Қайта бағуға беріп қойыңыз. Баққысы келмесе, мәжбүрлемеңіз. Бала өзіңіздікі. Сізден артық оған ешкім қарай алмайды.

• Балаңыздың аман-саулығын ойлап, бүгінгі тіршілігіңізге тәубә деңіз. Ауру баласына қарап, күні-түні Алладан дертке дауа тілеп жүрген қанша ата-ана бар. Бала денсаулығы, оның тыныш ұйқысы ата-ана үшін басты байлық екенін түсініңіз.

• Үй жиналмай, тамақ жасалмай қалды деп уайым шекпеңіз. Бастысы бала қараусыз қалмау керек. Тамақты күйеуіңіз келгеннен кейін ақ жасауға болады. Бәріне уақытылы үлгеру міндет емес.

• Сіз әйелсіз, сіз анасыз. Балаға ең бастысы дені сау ана керек. Ешкім ана орнын алмастыра алмайды. Сол себепті кейде қолды бірақ сілтеп, аяқты көтеріп демалыңыз. Рухани да тынығыңыз.

• Күйеуіңізді патшадай күтіңіз. Алайда өзіңіздің патшайым екендігіңізді ұмытпағайсыз. Күйеуіңіздің де соны естен шығармауын қадағалаңыз.

• Сіз дүниеге жаңа адам әкелген анасыз. Одан асқан ұлылық жоқ. Өзіңізбен, бөпеңізбен мақтаныңыз. Бала сүйе алмай жүрген жандарға қарап барыңызды бағалаңыз.

• Күліп жүріңіз. Көтеріңкі көңіл күйде жүріңіз. Ең бірінші кезекте балаңыз үшін. Бала бәрін сезеді. Оның келешек өмірі жарқын болуы үшін сіз жайдарлы болуыңыз қажет. Бұл да тәрбие.




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Декреттегі әйелдерге құлаққағыс пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге