Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс?

Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс?

Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс? казакша Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс? на казахском языке
Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа түскен келіннің бетін оқтау байланған орамалмен ашса, Батыс Қазақстанда қамшымен ашады. Қазақстанның әр өңірі беташарды өзгеше өткізуінде қандай сыр бар? Неліктен қамшы немесе оқтау таңдалады? Қазақтың күнде көріп жүргенімен, аса мән бермейтін ырымының астары жайлы nur.kz жазады.

Еліміздің оңтүстік өңірінде жаңа түскен келіннің беташарында оқтаудың ұшына ақ немесе қызыл орамал байлайды.

Оқтауға орамал байлаудың мағынасы - жас келін үй шаруасына пысық, берік болсын дегенді білдіреді. Оқтаудың екінші басын жаңа түскен келіншектің үйленбеген қайнысы ұстап тұрған. Беташардан соң оқтауды енесі келінге аманаттаған.

Ал ақ жаулықты жолы ашық, қадамы оң болсын деп байласа, қызыл орамалды жас келінді тіл-көзден сақтау мақсатында жапқан.

Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс?


Қазақстанның Батыс өңірлерінде (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе) қамшының басына бірнеше орамал жалғанады. Қамшыны 5-6 жастағы ер балалардың біріне ұстатады.

Келіннің бетін ашқан адам кейін қамшыны үйленген жігітке ұстатады. Бұл "Үйіңде қамшы ұстайтын ұл дүниеге келсін" деген ырыммен жасалады.


Еліміздің солтүстігінде жаңа түскен келіншектің қолтығынан абысындары сүйемейді. Олар жаулық орнына жабылған матаның төрт ұшынан ұстап тұрады. Сәлем салатын уақыт жеткенде орамалдың ұшын көтереді.

Айта кетейік, "беташар" рәсімі өткеннен кейін келіннің келген қонақтарға шай құюы басталады. Бұл салтты "келін шай" деп атайды.

Автор: Серік Қозыбаев | 152 | 29.01.2019



Загрузка...

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс, пайдалы кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен аш, Оқтау мен Қамшы: Келіннің бетін немен ашқан дұрыс? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге