Үй шаруашылығына керек кеңестер

Үй шаруашылығына керек кеңестер

Үй шаруашылығында абайсызда болған жағдайдың оңай тәсілін табуға болады. Жай ғана шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін табиғи ұнтақ кофенің пайдасы мол.

✅ 1. Жаңа алған сыбыртқыны ұзақ қолданғыңыз келсе, тұздалған ыстық суға 2-3 сағатқа салып қойыңыз.

✅ 2. Шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін ол жерге табиғи ұнтақ кофені қойыңыз.

✅ 3. Ас бөлмедегі үстел сүртетін шүберектің майын тез кетіру үшін оны жумастан бұрын аздаған сірке суы қосылыған жылы суға салып қойыңыз.

✅ 4. Егер қолыңызға абайсызда «Момент» желімін төгіп алсаңыз, оны маргаринмен оңай кетіруге болады. Желім төгілген жерге жағып, бірнеше минут күтсеңіз болғаны.

✅ 5. Үйіңізде жағымды иіс шығып тұрсын десеңіз, лимон қабығын бірнеше минут қайнатыңыз. Бөлмелерге хош иіс жылдам тарайды.

✅ 6. Ас бөлмедегі сүлгілердің майы тез жуылуы үшін оларды жатар алдында бір түнге айранға салып қойыңыз.

✅ 7. Пластик ыдыстарға жұққан майлы дақтарды қарапайым тіс пастасымен кетіруге болады.

✅ 8. Мыс ыдыстарды тұзбен ысып, сірке суын шашып, біраздан соң жусаңыз, жарқырап шыға келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі