Сірке суының қолданысы

Сірке суының қолданысы казакша Сірке суының қолданысы на казахском языке

Сірке суы – үй шаруасындағы әйелдің таптырмас көмекші құралы. Оны асқа қосып, дәмін келтіруге, дақтарды кетіруге, кір жууда, тіпті жөтелмен күресуде қолдануға болады екен. Әмбебап сірке суының басқа да қасиеттерімен таныс болайық.

Сонымен, әр ас үйде табылатын қарапайым сірке суы сізге мынандай жағдайларда көмекке келе алады:

1. Арамшөптермен күресте сірке суын қолдануға болады. 40%-дық сірке суын сумен араластырып, арамшөптер көп өскен жерді суарыңыз.

2. Терлегенде киімде қалатын сарылау дақтарды кетіру үшін дақтарды 10 минутқа ақ ас сірке суына малып қойыңыз. Артынан киімді жуып жіберсеңіз, дақтар оңайлықпен кетеді.

3. Сірке суы көмегімен жөтелден тезірек сауығуға болады екен. Бір стақан жылы суда 1 ас қасық алма сірке суын ерітіңіз. Ерітіндімен тамағыңызды шайыңыз.

4. Сірке суы шаш саулығы мен сымбатына да жақсы әсер бере алады. Шашты жуып, артынан оны алма сірке суының ерітіндісімен шайыңыз (бір стақан суға жарты ас қасық сірке суы).

5. Бұлшық еттің ауруын басуға да сірке суы көмектесе алады. Көп жүріп, қатты шаршаған күндері адамның бұлшық еттерінде сүт қышқылы көп жиналып қалады. Бұл ауруды 20 минуттық сірке суының компресі баса алады (бір стақан суға 2-3 ас қасық сірке суы).

6. Жиі жағдайда заттың баға белгісін байқатпай алу өте қиын болады. Ол үшін шүберекті жылытылған ақ сірке суына малып, баға белгісіне басыңыз. Ол оңайлықпен кетіп, жабысқақ іздерді қалдырмайды.

7. Тотталып қалған кішкене заттарды сірке суының ерітіндісінде қайнатып, артынан сумен шайып жіберіңіз.

8. Көгерген иістен арылу үшін тоңазытқыш, сөрелер ішін сірке суына малынған шүберекпен сүртіп шығыңыз.

9. Шәйнектің қақталған дақтарынан арылу үшін, оған сумен бірге сірке суын қосып қайнатыңыз.

10. Тағамның дәмін құртып алсаңыз, алма сірке суын қолдансаңыз болады. Мысалы тым тұздалған не бұрышталған сорпаға 1 шай қасық алма сірке суын қосыңыз.

11. Кір жуғыш мәшиненің ішіне 0,5 стақан сірке суын қосып жүрсеңіз, киімнің түсі ұзаққа сақталады.

12. Ас сірке суымен бөлменің сөрелерін сүртіп, әр жерге шашып қойсаңыз, бөлмедегі ауа тазарып, жағымсыз иістер кетеді.

13. Жаққышта қатып қалған бояуды қайнаған сірке суымен кетіріп көріңіз.

14. Ықылықтан арылу үшін қант кесегін сірке суына малып, жеп алыңыз.

15. Шыны ыдыстарды, әйнек есік-терезелерді сірке суы ерітіндісімен таза қылып сүрте аласыз.

16. Сүйіктіңіз сыйлаған гүл шоқтарының ғұмырын ұзарту үшін, 1 л суға 2 ас қасық сірке суын қосыңыз. Осы суға қойылған гүл ұзағырақ сақталады.




KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Сірке суының қолданысы кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Сірке суының қолданысы, пайдалы Сірке суының қолданысы кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Сірке суының қолда, Сірке суының қолданысы пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге