Миға қуат беретін 19 тағам

Миға қуат беретін 19 тағам

Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын м 199;лік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.

Диета с 199;йер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз 199;шін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды.

Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам к 199;теді екен?

✅ Шикі бадам. Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар.

✅ Кешью. Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай.

✅ Грек жаңғағы. Ойлау қабілетіне жағымды әсерін тигізетін омега-3 майлы қышқылына бай.

✅ Қара шоколад. Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра т 199;сетін кофеин де бар.

✅ Алма. Құрамында антиоксиданттар мен талшықтар бар. БОНУС: талшық бізде көп уақытқа дейін тоқтық сезім сақтайды да, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

✅ Авокадо. Жоғарыда атап өткен омега-3 майлы қышқылына қанық. Ал бұл, өз кезегінде, ойлау қабілетіне жағымды әсер береді.

✅ Қаражидек. Бұл жидек антиоксиданттар мен антоцианға аса бай. Антоциандар қаражидекті қара-көк түске ғана бояп қоймай, сонымен бірге диабетке қарсы белсенді күрескерлердің біріне жатады.

✅ Даршын. Дәмдеуіштердің түгелі дерлік антиоксиданттарға бай, ал осы тізімдегі бірінші орынды даршын иеленеді. Антиоксиданттар есте сақтау мен ойлауға көмектеседі.

✅ Орегано. Антиоксиданттарға тек дәмдеуіштер ғана емес, шөптер де өте бай келеді.

✅ Қырыққабат, шпинат және басқа да жасыл жапырақтылар. Темір мен фитонутриенттер (өсімдіктердегі табиғи-химиялық заттар) көптеген аурулардың алдын алып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

✅ Кофе. Шоколад сияқты, кофенің құрамында антиоксиданттар мен кофеин бар.

✅ Тәтті картоп (батат). Фитонутриенттер, талшық және А дәруменіне толы.

✅ Кокос майы. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау миға жақсы әсер беретінін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

✅ Зәйтүн майы. Антиоксиданттар, қанықпаған майларға бай. Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алуға да пайдалы.

✅ Балапан еті. Протеинге өте бай, бірақ дене бітіміңізді қалпында сақтайды.

✅ Жұмыртқа. Ақуызға өте бай, сонымен қатар салмағыңызды бірқалыпты етіп сақтауға көмектеседі.

✅ Албырт. Миға күшті қуат беретін омега-3 тұнып тұр.

✅ Ширатаки кеспесі. Жабайы ямс тамырынан дайындалады. Талшыққа бай, ал калориялары өте аз.

✅ Көк шай. Антиоксиданттар мен метаболизм үрдісін тездететін эпигаллокатехин галлатына бай. Құрамында босаңсу және тонусты сақтауға көмектесетін L-тианин да бар. Ал кофеин, кофемен салыстырсақ, әлдеқайда аз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?