Мұхаммед пайғамбардың ﴾ﷺ﴿ түс жоруы
Бір қатын келіп Мұхаммед пайғамбарға:
—Түсімде үйімнің мәткесі сынды,—деді. Пайғамбар айтты:
—Жолаушың келеді екен,—деді. Айтқандайын күйеуі келді
Екінші күйеуі тағы жолаушы кетті, қатыны тағы алғашқысындай түс көрді. Пайғамбарға жорытайын деп келсе, үйінде жоқ екен. Әбубәкір хазіретке жолығып айтып еді, Әбубәкір:
—Күйеуің өледі,—деді. Оны қанағат етпей Пайғамбарға айт- ты. Пайғамбар:
—Бұдан бұрын ешкімге айттың ба?—деді.
—Әбубәкірге айтып ем,—деді. Пайғамбар:
—Сол болады,—деді. Мәлім болды, ері опат болды. Түс жо- рушылар айтады: қашан түс көрсең ғалымға, ақыл иесі кісіге айт. Дұшпаныңа, наданға, қатындарға айтпа. Түс неге жорыса, сол болады дейді.
* * *
Пайғамбарымыз айтқан: «Бір кісі түсінде мені көрсе анық көрген болар, оның үшін шайтан менің һеш түріме ене алмайды»,—деген.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: