Абдолла ханның түсі
Ұлы мәртебелі Абдолла ханның дәуірінің бастапқы кезе- ңінде көрген түсі бар. Бірде ол түнде қадірлі басына тынығу жастығын жастанады. Оның ми алаңын ұйқының ауыр қолы жайлап, түсінде әлдебір жерге екі қадірменді кісі келген екен. Мұның ұлы мәртебесімен (Абдолла ханмен), патшалы- ғы мәңгі жасай бергей, бірге жоғары мәртебелі әулие марқұм Хұсрау-сұлтан тұр екен дейді. (Ханның айтуы бойынша)
«Әлгі қадірменді екі кісінің бірі Хұсрау-сұлтанның қолына
жалаң жүзді жалаңаш қылыш берді. Бұл екі алып тұлғалы кісінің енді біреуі маған екі қылыш ұстатты: біреуін сол қолыма, біреуін оң қолыма. Екі қылыштың әрқайсының екі жүзі бірдей өткір еді».
Ұлы мәртебелі хан (Абдолла хан) ұйқысынан оянғанда бұл түсін ешкімге айтпады.
Хасан Қожа айтады: «Мен оның (Абдолла ханның) хандық ұлылығының аяғын жалау құрметіне ие болғанымда былай дедім: «Жарық нұрға бөленгір, қасиетті Қожа Жойбара, Сізге дұға арнап: «Ұлы мәртебеліге айта барыңыз: біз өзгеге жалаң жүзді жай ғана қылыш берсек, оған екі жүзі де өткір екі ал- мас қылыш бердік. Екі ойлы болатын не жөні бар?»—деп айт- ты.
Оның хандық ұлы мәртебесі: «Бұл түсті мен әлдеқашан көр- ген едім, әрі ешкімге айтпаған да едім»,—деді.
Абдолла хан Бұқараны, Ташкент, Балх пен Ферғананы, Хорезмді және тағы басқа жерлерді жаулап алып, үлкен мем- лекетті басқарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?