ХАРОН АР-РАШИД ПАТШАНЫҢ ТҮСІ



Менің естуімше, Харон ар-Рашид түс көріпті: түсінде оның аузындағы барлық тісі түгел түсіп қалған екен. Таңертең ол түс жорушысын шақырып алып:

—Бұл түстің жоруы не болмақ?—деп сұрайды. Түс жору- шысы былай дейді:

—Мұсылмандардың әміршісінің өмір жасы ұзақ болғай! Туысқандарыңның бәрі сенен бұрын өліп, қасыңда олардан ешкім қалмайды екен.

Харон ар-Рашид қасындағыларға:

—Мына түс жорушыға жүз шыбық соғыңдар. Мұндай аза- лы сөздерді ол менің бетіме несіне айтады. Егер менің туыс- қандарымның бәрі менен бұрын өліп қалса, онда менің кім болғаным!—дейді.

Одан соң ол басқа түс жорушыны алдырып, көрген түсін енді соған айтып береді. Түс жорушы:

—Мұсылмандардың әміршісінің көрген түсінің мәнісі мы- нада: ол өзінің туысқандарының бәрінен де ұзақ ғұмыр кешеді.

Харон ар-Рашид сонда:

—Ақылдың көрсетуі бірдей,—деп айтыпты.

Кейінгі жору алдыңғы жорудан мағынасы жағынан алшақ кетпейді, бірақ айтылу жағынан мүлде бөлек. Кейінгі жору- шыға патша жүз динар сыйға тартқан екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу