АХМЕТБЕК-ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
...Патша айтты:—Мынау менің көрген түсім, Әуелі мазмұнына өзің түсін,
Түсімде алтын жиған сарайыма Барыппын жалғыз өзім болып ісім. Толтыра бір табағын салып алып, Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын. Көшені сол бойыммен араладым, Әлі жоқ қасыма ерген жалғыз кісім,
Бір-екі жолбарысқа қарсы шықтым, Көрмеген өмірінде бұрын түсін.
Өзіме екеуі де қарсы ұмтылды, Ашумен шақырлатып қайрап тісін. Шыдамай айбатына қайта қаштым, Денеден көрген кезде кетіп күшім. Төгіліп ділдәм қалды топыраққа, Басымнан аспанға ұшты қара құсым. Дамылсыз сонан бері ізденемін, Білалмай осы түстің әдірісін.
Жорығаны мынау болды:
—Түсіңде жолбарыс боп көрінгендер, Басуға аяқтарын ерінгендер— Үргеніш жұртында бар екі палуан, Қайраты бойға симай бүлінгендер.
Беклердің Жүсіп, Ахмет есімдері, Шын атын есіткенде сүрінгендер. Еліңе сол екеуі келеді екен, Зарарды патша саған берер екен, Бірнеше жан ашитын палуандарың Көшенің ортасында өледі екен.
Сары алтын сарайында жиған малың— Қара құс басыңдағы ұшқан бағың.
Шашылып топыраққа жоқ боп қалған— Еліңді сондай шашар, тақсыр ханым. ..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?