Мысал ертегі: Үш дос немесе аққу, шаян, шортан

Мысал ертегі: Үш дос немесе аққу, шаян, шортан

Ніл дариясындағы пәлен мың жасаған бір жайын Сүлеймен пайғамбардың ат басындай гауһарын жұтқан екен. Сол жайынға бір кездерде ажал уақыты жетіпті. Ол өте есті жайын екен, мендегі гауһар кісі ақысы еді, соны ақыретке арқаламай беріп кетуім керек. Ол үшін қайранға шығып өлейін. Бір кездерде жемтік арасындағы гауһарды бір адам көріп алар. Адам алса мен борыштан құтылғаным ғой деп ұйғарады. Сонымен жайын жағадағы қайранға шығып қаза табады. Бірнеше жыл ішінде оның жемтігін алдымен құс жеп тауысады. Жеуге келмейтін тек қана гауһар тас қалады. Бұл гауһардың жартысы су ішінде, жартысы бетінде көрініп жатыр. Су ішіндегі жарымын шортан мен шаян көреді. Су бетіндегі жартысын мойны ұзын аққу көреді. Бұлардың әрқайсысы да оны өздері алмақ болып қызығады.

Шортан ойлайды: «Шіркін-ай, бұл тереңірек жерде болса су астында шам жанғандай жарық болар еді де, көзім бұдан да жақсы көрер еді. Соның арқасында тамағым тіпті тоқ болар еді. Жемді қиядан көрер едім», –дейді.

Шаян өзінше пайдасын малданады. Ол: «Осы гауһар судан шығып тұрмай, жер астына қарай түссе, жер ішінде де сәуле болар еді. Менің балшық арасындағы балаларыма үлкен пайдасы тиер еді. Өзім де ұядан адаспай, тап басып отырар едім», – деп арман қылады.

Аққудың ойы бұлардан басқаша:

– Гауһар менің арқамда не мойнымда болса, сұлулығым бұдан да артар еді. Көл бетінің, көк жүзінің күні мен болар едім. Шынында бұл гауһар маған ғана лайық, маған ғана жарасады, – деп сеніп, гауһарда алайын деп келсе, шортан мен шаян да келіп, өзді-өзі алмақ болып керілдесіп жатыр екен. Аққу оларға:

– Сендер босқа арам тер болмаңдар, гауһарды мен аламын, ол маған ғана лайық, – дейді.

Олар оған көнбейді. Үшеуі жақ болып жанжалдасады. Ақырында олар:

– Осы қазына үшеумізге де жетеді. Бірлесіп бөліп алайық, пайдасы бәрімізге ортақ болсын, – деген тұжырымға келеді. Сонымен үш дос бірлесіп алатын болып, гауһарға жегіліп тартады.

Ә деп тартқанда аққу көкке қарай, шортан су түбіне қарай, шаян балшық арасына қарай үш тарап болып, үш жаққа тартады. Бірақ гауһар орнынан қозғалмайды. Осы ретпен, осы үшеуі көп уақыт үлкен машақат көреді. Не істесе де жүкті қозғай алмайды. Ақыр соңында олар ала алмай қояды. Себебін өздері де білмейді.

«Бірліксіз іс – бос, жұмсалған күш» болып қала береді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі