Ертегі: Сүлеймен патша мен байғыз

Ертегі: Сүлеймен патша мен байғыз казакша Ертегі: Сүлеймен патша мен байғыз на казахском языке

Жер бетіндегі адам баласы мен аң-құсты түгел билеген Сүлеймен деген патша әйелін өте жақсы көреді екен. Не қаласа, бәрін орындай беріпті.

Бір күні еріккен әйел Сүлеймен патшаға былай депті:

– Маған тек қана құстың сүйегінен сарай салдырып бер!

Патша шабарманы қаршығаны шақырып алады да құс атаулыны түгел жинап келуге бұйырыпты. Патша әйелінің сөзін дуал үстінде отырған байғыз естіп қойыпты. Қаршыға ой мен қырды шарлап, құстарды тегіс жинапты.

Сүлеймен патша сыртқа шығып, алдына келген құстарды түстеп, түгендей бастайды да жұдырықтай байғыздың жоқ екенін біліпті. Патша қаһарланып:

– Байғыз қайда? – деп сұрапты. Қаршыға оның келмей қалған себебін айтыпты:

– Біраз шаруам бар еді, – деді.

– Тірі болса – өзін, өліп қалса – өлігін алып кел! – деп, Сүлеймен патша қаршығаны қайта жұмсапты.

Қаршыға зулап отырып, байғызға жетіпті. Келе сала патшаның әмірін жеткізіпті. Сонда байғыз:

– Жұмысым әлі біткен жоқ. Жұдырықтай мені патша қайтеді? Неге шақыртады, несіне керекпін? – депті қаршығаға.

Патшаның бұйрығын орындамай қайтпайтын қаршыға күш көрсетіп:

– Егер өз ықтиярыңмен жүрмесең, зорлап алып кетемін, – депті.

Басқа амалы құрыған байғыз еріксіз көніп, қаршығаның соңынан ілесіпті. Алдына келген соң, Сүлеймен патша ашуланып:

– Бір шақырғаннан неге келмедің? – деп сұрапты.

– Үйде жатып ой ойладым, тақсыр, – деп, жауап беріпті байғыз.

Оның не ойлағанын білгісі келген патша тәптіштей түсіпті:

– Не ойладың сонда?

– О, патшам, дүниеде өлі көп пе, тірі көп пе? Соны есептедім, – депті байғыз.

Сүлеймен патша таңданып қалыпты:

– Иә, қайсысы көп екен?

– Қанша есептесем де өлінің біреуі артық бола береді, – депті байғыз.

Дүниенің есеп-қисабы қолында тұрған Сүлеймен патша бұған келіспей дау айтыпты:

– Олай емес, тірінің біреуі артық. Сен қалай есептедің?

– Тақсыр, – депті, байғыз бас иіп, – мен түске дейін ұйқтап жататындарды да, ояу болса да қалғып жүретіндерді де өліге қостым. Өйткені олар ештеңені де бітірмейді, ештеңені де ойламайды ғой.

Сонда Сүлеймен патша:

– Бұл қулықпен құтылмайсың. Мұны сенсіз де білеміз. Егер өзіңді ақтайтын дәлелің болмаса, қаршығаға мойныңды үздіремін! – депті қаһарланып.

Зәресі ұшқан байғыз:

– Дат, патшам, – депті сауға сұрап. Патша ырық береді:

– Айт датыңды!

– Бұдан басқа да есеп-қисабым бар еді.

– Ол қандай есеп тағы?

– Дүниеде еркек көп пе, ұрғашы көп пе деп, соларды да есептедім. Сонда ұрғашының біреуі артық шықты.

– Бұл да мәлім жай. Әйелден еркектің біреуі артық екені маған да белгілі. Сен әйелдің біреуі артық дегенде қалай есептедің? – деп сұрапты патша.

– Тақсыр, мен еріккен әйелдің тіліне еріп, ермегіне елігіп, өзі ойланып іс істемеген еркекті де әйел қатарына қостым, – депті байғыз.

Сонда Сүлеймен патша ойланып отырып қалады да былай деп бұйырады:

– Байғыз рас айтады. Ойыңды ұқтым. Мен еріккен әйелдің ермегіне айналған екенмін. Соған бола кінәсіз құстарды қырып, соның сүйегінен сарай салдырмақ болып ем. Оным орны толмас ағаттық екен. Құстың сүйегі сарай салуға шыдай ма, оны да ойға салмаппын. Не істесең де ойға салғаның дұрыс екенін ұмытыппын.

– Ойлан, тақсыр, ойлан! – депті байғыз.

Сонда Сүлеймен патша қаршығаға мойын бұрып, былай бұйырыпты:

– Құстардың бәрін босатып қоя бер. Оларға ұқтыр, байғызға алғыс айтсын. Ол өз басын ажалға тігіп тұрып, құстарды қорғап қалды. Барлық құстарды қырғыннан құтқарды.

Сөйтіп, құстар ажалдан аман қалыпты. Содан бері құс атаулы байғызды қастерлеп жүреді екен. Осы оқиғаны құстар ұмытпасын деп, байғыз түн ішінде ызыңдап, ұйқы көрмейді екен.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Сүлеймен патша мен байғыз туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Сүлеймен патша мен байғыз для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Сүлеймен патша мен байғыз казакша оку, Сүлеймен патша мен байғыз, ертегі Сүлеймен патша мен байғыз туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Сүлеймен патша мен байғыз для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Сүл, Ертегі: Сүлеймен патша мен байғыз ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн