Ертегі: Залым түлкі

Ертегі: Залым түлкі казакша Ертегі: Залым түлкі на казахском языке

Бір күні Арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып Түлкі келеді.

— Сәлеметсіз бе, Арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді.

— Жай ма? – деп сұрайды Арыстан.

— Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар. Қасыңызға біраз нөкер ертіп алып барсаңыз, шіркін-ай, шылқа майға бір кенелер едік-ау!

— Мынауың ақыл екен! – дейді, қарны ашып отырған Арыстан.

— Сол қойларға тезірек жетейік. Қасымызға кімдерді алсақ екен?

— Жүректіден Жолбарысты, білектіден Аюды, қарулыдан Қасқырды алайық! – дейді Түлкі.

— Өңкей батырдың ортасында бір қорқақ та керек болар. Қоянды да ерте кетейік.

Арыстан Түлкінің тілін алады. Сөйтіп, Арыстан, Жолбарыс, Аю, Қасқыр, Түлкі, Қоян жолдас болып, сапарға шығыпты. Кешке қарай орманның ашықтау бір алаңқайына жетіп, түнемекші болады.

Арыстан қанталаған көзімен серіктерін бір шолды да:

— А-а-а, қарнымыз ашты ғой. Не жейміз? – деп ақырады. Сонда Түлкі Арыстанның алдына келіп, қол қусырып тұрып, былай дейді:

— Арыстан біздің ағамыз, ағамызға кім тисін! Аю - біздің жолым би, жолым биге кім тисін! Қасқыр - біздің қабан би, қабан биге кім тисін! Түлкі - біздің түмен би, түмен биге кім тисін! Қоян біздің қойымыз, қойымызды сойыңыз!

Қарындары ашып отырған аңдар қоянды тарпа бас салады. Ол күні қоянды бөліп жеп, «барымен базар» десіп жатады да, ертеңіне тағы да жол жүреді. Күнімен дем алмастан жүріп, кешке қарай қонаға бір сайдың басына келіп тоқтайды. Арыстан Түлкіге қарай бұрылып:

— А-а-а... Қарнымыз ашты, не жейміз? –дейді. Түлкі қол қусырып тұра қалып, былай дейді:

— Арыстан біздің ағамыз, ағамызға кім тисін! Жолбарыс - біздің жолым би, жолым биге кім тисін! Қасқыр - біздің қабан би, қабан биге кім тисін! Түлкі - біздің түмен би, түмен биге кім тисін! Аю - біздің қоңыр қой, қоңыр қойды жық та сой!

Түлкінің сөзін естісімен, Жолбарыс Аюды алып ұрып, жәукемдей бастайды. Төртеуі Аюдың етіне тойып алып, ұйықтайды да ертеңіне тағы да жолға шығады.

Төртеуі қас қарая бір өзеннің жағасына келіп тоқтайды. Арыстан тағы да үйреншікті әніне басып:

— А-а-а... Қарнымыз ашты, не жейміз? – дейді. Сонда Түлкі орнынан ұшып тұрып, былай депті:

— Арыстан біздің ағамыз, ағамызға кім тисін! Жолбарыс - біздің жолым би, жолым биге кім тисін! Түлкі - біздің түмен би, түмен биге кім тисін! Қасқыр біздің қасымыз, бүгін жейтін асымыз!

Түлкі сөзін аяқтасымен-ақ, Жолбарыс қасқырды жарып салады. Таңертең тағы да жолға шығады. Күнімен жүріп отырып, кешке қарай бір таудың етегіне жетеді. Сол арада түнемекші болады. Үшеуі үш жерге шоқиып отырады. Сол кезде дәндеген Арыстан тағы да Түлкіге қарап:

— А-а-а... қарнымыз ашты ғой, не жейміз? – дейді. Түлкі Арыстанның ар жағына шығып, қол қусырып тұрып былай дейді:

— Арыстан біздің ағамыз, ағамызға кім тисін! Түлкі - біздің түмен би, түмен биге кім тисін! Жолбарыс - бізге жол азық, бүгінгі таңға мол азық.

Осы сәтте Арыстан ағаң Жолбарысты бас салады. Жолбарыс тыпырлауын қойған кезде, Түлкі де келіп, терісін сыпырысуға кіріседі. Екеуі Жолбарысты жеп болып, ұйықтайды.

Таңертең екі дос арып-ашып, таудың басына өрмелеп шығады. Арыстан солықтап шаршап тұрса, Түлкі бір биік шыңның басына келіп:

— Арыстан аға, тезірек бері келіңіз, – деп шақырады.

— Не боп қалды?

— Төменде қаптаған қой жайылып жүр. Ентігіп Арыстан жетеді.

— Кәне!

Түлкі алақанын шапалақтап:

— Жап-жақын тұр, әнекей!

— Секірейік, кәнекей, әуп! – дегенде, Арыстан шыңнан секіріп кетеді де тастан-тасқа соғылып, қызыл жоса қан болып мертігеді.

Мұны көрген Түлкі:

— Арыстан аға, дос едік қой, өлімтігіңді қарға-құзғынға жем қылмайын, – деп, арыстанның терісін сыпыра бастайды.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Залым түлкі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Залым түлкі для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Залым түлкі, ертегилер Залым түлкі казакша оку, Залым түлкі, ертегі Залым түлкі туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Залым түлкі для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Залым түлкі ертегилер Залым түлкі казакш, Ертегі: Залым түлкі ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн