👈 қаріп өлшемі 👉

Түйе арыстан қасқыр түлкі

Түйе арыстан қасқыр түлкі

Құрметті оқырмандар осы ертегіні оқымауларыңызды сұраймыз! Себебі, көбісіне ұнамауда....


Одан гөрі осыларды ұсынамыз:



Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі.

— Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді.

Түйе:

— Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі:

— Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді.

Түйе:

— Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.

— Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі:

— Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр:

— Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан келіп кездеседі.

— Е, қайда барасыңдар? — дейді. Үш жолаушы:

— Оты мол, суы мол жер іздеп барамыз, — дейді. Арыстан:

— Ендеше төртеуміз жолдас болайық, — дейді.

Төртеуі жүріп отырып, өзен-сулы, биік таулы бір жерді тауып, соны мекен қылып жүреді. Арыстан, қасқыр, түлкі ұсақ аң, тышқан аулап жеп, итшілеп күн көреді. Түйе жердің оты мен суына жардай болып семіреді.

Бір кезде қылышын сүйретіп, қыс келеді. Ұсақ аң таусылып, арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі әбден ашығады, өлетін болады. Көздеріне түйеден басқа ештеңе көрінбейді. Сонан соң үшеуі ақылдасып, түйені жемек болады да, онымен сөйлесуге түлкіні жібереді. Түлкі түйеге барып: "Қыстан сенің аман шығуың туралы кеңестік, ақылын таптық. Сені ішімізге сақтап, өзіңді сонда боталатып, қыстың қиыншылығын көрсетпей, жазға салым өріске ботаңмен өргізіп шығаратын болдық", — дейді. Түйе бұған нанып, уәдесін береді. Оны түлкі келіп, арыстан мен қасқырға айтады.

— Түйе көнді… Бірақ сендерден өтінетінім: "Үшеуің етімді теңдей қылып бөліп алмай түрып, жеуші болмаңдар деді", — дейді.

Оған арыстан мен қасқыр қуанып:

— Ойбай жарайды! Дегені болсын, — дейді. Үшеуі түйеге келеді. Келе сала, оны жығып, жара бастайды. Арыстан ішек-қарнын суға жууға әкетеді. Арыстан келгенше, түйенің етін бұзып, бөлшектеп жатқанда, қасқыр шыдамайды, түлкінің көзін ала беріп, түйенің бүйрегін асап кеп жібереді. Түлкі миын жеп қояды. Арыстан келген соң, қасқыр жамандап, түлкіні көрсетеді. Түлкі: "Тақсыр, түйенің миы әуелден жоқ екенін білмейсіз бе? Оның миы болса, осыған көнер ме еді? Қасқыр өзі түйенің бүйрегін жеп қойып, жаласын маған жауып түр", — дейді. Арыстан қасқырға тап береді. Қасқыр тұра қашады. Арыстан оны қуа жөнеледі. Қасқырды қуып, арыстанның қарасы үзіледі. Бұл кезде түлкі етті қопаға таси бастайды.

Көптен соң ентігіп, болдырып арыстан келеді. Келсе, түлкі жылап отыр.

— Не болды? Түйе қайда? — дейді арыстан. Түлкі:

— Ойбай, қор болдық, уәдеде тұрмадыңдар, бірдей қылып бөлісуге шыдамадыңдар деп, тұрып кетіп қалды, — дейді.

— Қап! — деп, арыстан түйені іздеп кетеді. Кешке қырылдап қасқыр келеді. Түлкі оған да түйенің кетіп қалғанын айтады. Қасқыр да:

— Қап! — деп өкініп, түлкінің қасына келіп, бұралып жата кетеді.

Түңде түлкі ептеп тұрып барып, қопаның арасынан түйенің ішек-қарнын әкеліп, құйрығының астына тығып жеп жатады. Түлкі ішек-қарынды жеп бола бергенде, қасқыр сезіп қалып:

— Түлкі, түлкі, не жеп жатырсың? — дейді. Түлкі:

— Ашыққан соң, өз ішегімді өзім суырып жеп жатырмын! — дейді.

Қасқыр:

— Е, ауырмай ма екен?

Түлкі:

- Әуелі ауырса да, артынан басылады екен, — дейді. Қасқыр:

— Ендеше, сен менің де ішегімді суырып берші, — дейді. Түлкі:

— Жарайды! — деп келіп, қасқырдың ішегін суырып алады. Қасқыр қыңсылап, қыңсылап өліп қалады. Түлкі оның да етін жеп алады.

Бір күні түлкі келе жатса, арыстан бір жартастың басына шығып түр екен. Түлкі оған қарап, тұра қалып күледі. Арыстан:

— Е, неге күлесің? — дейді. Түлкі:

— Сіздің атаңыз осы жартастың басынан талай секіріп түскен еді. Сіздің тұлғаңыз сол атаңыздың тұлғасынан аумаған екен. Ерлігіңіз де соңдай шығар деймін. Мынадан сіз де қорықпай қарғыр ма едіңіз?.. — дейді. Арыстан:

— Е, қарғыса несі бар дейсің! — деп, шегініп келіп, қарғиын деп қорқып, қарғи алмайды. Сонда түлкі тағы күледі. Арыстан ыза болып, қарғып кеп түседі. Жамбасы күл-талқан болады. Түлкі келіп:

— Е, неғып жатырсың? — дейді. Арыстан:

— Ойбай, өлейін деп жатырмын! — дейді. Түлкі:

— Ендеше, мен сізді емдеймін! — деп, арыстанның қоңын ойып, жей бастайды. Арыстан:

— Түлкім, түлкім, тілімді жеші! — дейді. Түлкі:

— Жоқ, батыреке, артқы қоңыңыздан бастап, тіліңізден бір-ақ шығам, — деп, арыстанды жей береді. Сөйтіп, түлкі қыстан аман шығады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022

Пікір жазу

Пікірлер 9

  1. Оқырман Сымбат
    Оқырман Сымбат 18.05.2022 22:57
    0 + 0 -
    Сұмдық қой мынау😤кім жазған өз балдарыңа оқып бере аласыңдар ма?
    1. Оқырман Алик
      Оқырман Алик 02.08.2022 13:37
      0 + 0 -
      Балама окып жатыр едим 5 те, жылай бастады ). Мен де коркып кеттим ). Ужас кой мынау
  2. Оқырман Алтынай
    0 + 0 -
    Ужастик кой мынау, ортасына келип , кызым осымен битиреик дедим
  3. Оқырман Айман
    Оқырман Айман 10.03.2022 23:44
    0 + 0 -
    Недеген қорқынышты ертегі.Оқып отырып өзім қорқып кеттім.
  4. Оқырман Ләйля
    Оқырман Ләйля 22.01.2022 21:18
    1 + 0 -
    3 жасар балаға ертегі деп іздеп едім ... мынау ертегілердің сценариы бойынша қорқынышты кино түсіруге болады екен.
    1. Оқырман Фарида
      Оқырман Фарида 20.03.2022 23:27
      1 + 0 -
      Соны айтыныз😏 менде 4 жасар қызыма іздегем, ойбай қой дедім ғой😀
    2. Гүлзат
      Гүлзат 28.06.2022 23:10
      0 + 0 -
      Масқара ертегі екен ))) өзім қорқып кеттім...ондай да болады екен ертегі
  5. Оқырман Жулдыз
    Оқырман Жулдыз 30.10.2021 19:07
    0 + 0 -
    Менымше оте катыгез ертегы екен. Сонгы жагын Оки алмадым...
    1. Оқырман Ләйля
      Оқырман Ләйля 22.01.2022 21:20
      0 + 1 -
      Соны айтам
      Мынандай ертегі оқып балаға қанышерлік, қатыгездік, қулықтан басқа не жақсылық үйретуге болады деп қалдым


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы