Ертегі: Түлкі тасбақа және кене

Ертегі: Түлкі тасбақа және кене казакша Ертегі: Түлкі тасбақа және кене на казахском языке

Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.

Үшеуі ойласып:

— Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді.

Түлкі бір жарды көріп:

— Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.

Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны жиып, егіп, әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет шегіп, піскен соң, ол тарыны орып алады. Бастырғанда, бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні шақырып келеді. Түлкі келе сала:

— Бұл тарыны үшеуімізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін, бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуіміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді.

— Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге келіп, қатарласып тұрады.

Түлкі:

— Ал, кеттік! – деп, жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп, барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене:

— Ай, сорлы, мені басып өлтіресің бе? – дейді.

— Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі.

— Сен бағана «Ал, кеттік!» дегенде-ақ мен келіп қалғамын! – дейді кене.

Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа келеді. Келе сала:

— Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп келдім! Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, қара бүркіті бар және екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағы қасыңдағы түлкі жолдасыңды тауып бер деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды. Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

Түлкі:

— Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза болайын. Олар келсе: «Білмейміз, қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті.

Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Түлкі тасбақа және кене туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Түлкі тасбақа және кене для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Түлкі тасбақа және кене, ертегилер Түлкі тасбақа және кене казакша оку, Түлкі тасбақа және кене, ертегі Түлкі тасбақа және кене туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Түлкі тасбақа және кене для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Түлкі тасбақа ж, Ертегі: Түлкі тасбақа және кене ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн