Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ күй философиясы

Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ күй философиясы казакша Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ күй философиясы на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ ...............................................................................................3
I КҮЙ АҢЫЗЫНЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Ежелгі музыкалық мәдениетіміздің бастау бұлақтары ...........7
1.2 Күй қазақтың ұлттық болмыс бітімі ретінде ..........................14
II КҮЙ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ АЗЫҒЫ РЕТІНДЕ
2.1 Қазақ музыкалық өнеріндегі домбыраның орны ....................25
2.2 Қазақ халқының күй жанры философиялық синтезге толы мазмұн ретінде ......................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................52

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы.
Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.
Аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы, желдің гуілі, бұлақтың сылдыры, қамыстың сыбдыры, ат тұяғының дүбірі, ботаның боздауы, қасқырдың ұлығаны, бұлбұлдың сайрағаны т.т. бірде бірі күй әлемінен тыс қала алмаған.
Күйлер адамның ішкі сезім дүниесін, оның жеке басының көңіл – күйін, қуанышы мен қайғысын, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, тіршілік дүниесін, қоршаған табиғат анасын - өзен-суын, орман – тоғайын, асқар таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Көптеген күйлер, алайық “Ақсақ құлан, “Ботасы өлген бозінген, “Саймақтың сары өзені, “нар идірген, “Ертіс толқыны, “Аңшының зары т.б. тарихи оқиғаларды баяндаса, енді бірқатары әлеуметтік өмір тынысына үн қатып, ел өмірінің қайғысы мен қуаныш сезімдерін толғады /1/.
Сондықтан да күй шығармашылығы өзінің тақырыбы мен мазмұнына қарай өз тыңдаушысының көңіл күйіне, жүрек тебіренісіне, сезім сырына айналып, ішкі жан дүниесінен терең орын алып отырады. Олар ұлт мәдениетінде өзінің құрылымы, дыбыс ерекшеліктері жағынан басқа халықтарға ұқсамайтын төл аспап болып тарихи және мәдени кеңістікте сақталып келді.
Ал, қазақтың күй сазы жөнінде Құдайберген Жұбанов “Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы” – атты ғылыми еңбегімен қазақ сазының тарихын тектеп, болашағына бағыт-бағдар сілтеді.
Кезінде Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Сапарғали Бегалин және т.б. қазақтың бір туар азаматтары қазақ сазы туралы көп әңгіме қалдырса, қазіргі таңда бұл дәстүр Мұқтар Мағауин, Ілия Жақанов, белгілі ғалым-зерттеуші Ақселеу Сейдімбеков, көне аспаптарды жинаушы, өзінің бар болмысын осы жолға арнаған профессор Болат Сарыбаевтың, Құдайберген Жұбанов, Тмат Мерғалиевтің, Сәрсенбай Бүркіттің, Орынбай Дүйсеннің, күй мұрасын зерттеуші, ұстаз, күйші-сазгер, шертпе күй шебері Уәли Бекеновтың және т.б. өз жалғасын тауып келе жатқан ғылыми еңбектерді ерекше айтып өткеніміз жөн.
Қазақтың саз аспаптары жалпы ұлттық және фольклорлық болып екі топқа жіктеледі. Ел ішінде кеңінен пайдаланып, халық күйлері мен саз әуендерін орындап ұрпақтан ұрпаққа қалдыру барысында домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары негізгі орынды иеленеді. Күй жанырында да бұлар домбыра күйлері, қобыз күйлері, сыбызғы күйлері болып жекеленіп айтылады. Ал көбіне, фольклорлық этнографиялық кеңістікте сақталған уілдек, сазген, дабыл, даңғыра, шыңдауыл, дауылпаз, дудыға, желқабыз, желбуаз, тоқылдақ, тұяқтас, асатаяқ, керней, адырна, шартылдауық, сақпан, дүңгіршек фольклорлық аспаптар тобына енеді. Бұлардың қатарына сырнай, кепшік жетіген, бұғышақ, шаң – қобыз, ауызсырнай аспаптарын да жатқызамыз.
Күйлер және оны орындаушылық міндетін атқарушы төл аспапбымыз: домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары халқымыздың өмір керуенімен бірге жасап келеді. Әр күйдің шығарушы әуен иелері болған. Күйлерді халық күйі және халық композиторының күйі деп шығарушының атымен атап жүрміз. Халық күйлері жылдар, ғасырлар өткен сайын шығарушының аты ұмытылып, ел ішіндегі дарын иелерінің орындап жалғастыруы арқылы күйдің аты сақталып, бара-бара халық күйі болып сақталған.

Зерттеу жұмысының мақсаты.
Қазақтың мәдениетіндегі күй өнерін зерттей отырып аты аңызға айналғн күй атасы Қорқыттан бастап, өмірдің қыры мен сырын күй тілімен сөйлетіп кеткен халық композиторларының күйлері мен есімдерінің ел арасында сақталып келуі халқымыздың өнерге сүйіспеншілігін, өнерпаз ұлт екендігін және күйдің құдіреттілігін философиялық тұрғыда ашып көрсету. Күйлер өзінің дәстүрлік ерекшеліктеріне орай жеке мектеп құрайды. Яғни, зерттеп отырған “Қазақтың күй философиясы” атты бітіру жұмысымыздың мақсаты да осыны меңзейді.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
• Күй аңызының тарихи дамуына шолу;
• Күй қазақтың ұлттық-философиялық бітімін көрсету;
• Күй – қазақтың рухани-философиялық маңызы, хақындағы
міндеттерді алға қойып, тереңірек ашуға міндет қойдық.

Зерттеу жұмысының жаңалығы.
Қазақтың күй философиясы - қазақ халқының ұлттық-философиялық мәдениетінің құндылығы ретіндегі ізденістер жүргізе отырып, мәдени-философиялық талдаулар жасап, қазақ халқының рухани азығы болған қазақ мәдениетіндегі күй жанрының синтезге толы мазмұнын ашу болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы.
Тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделіп, мақсаты, міндеті, ғылыми жаңалығы баяндалады.
«Күй аңызының тарихи деректілігі және құрылымы» атты бірінші тарауда ежелгі музыкалық мәдениетіміздің бастау бұлақтарының негіздерін саралай отырып, осы мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасалынып, мазмұны мен мәні ашып көрсетілді. Сонымен қатар, Күй қазақтың ұлттық болмыс бітімі ретінде сипаттама берілді.
«Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде» атты екінші тарауда қазақ халқының күй жанрының философиялық синтезге толы мазмұны мен күй мен күй аңызының арақатынасындағы философиялық маңызы мәдени-философиялық талдаулардан өтілді. Маңызы мен ерекшеліктерін барынша ашуға тырыстық.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

I КҮЙ АҢЫЗЫНЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТІЛІГІ
ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Ежелгі музыкалық мәдениетіміздің бастау бұлақтары.

Әр ұрпақ өзі ғұмыр кешкен кезең үшін өткен мен болашақ арасының жанды жалғасы. Бірнеше мың-жылдық тарихы бар қаза халқы ХХІ ғасырдың басында өзінің жаңа өмірін бастан кешуде. Бұл тарихи сәт біздің тәуелсіздігімізбен тығыз байланысты. Соңғы он жылдан бері еліміздің мәдениетіне деген көзқарас ерекше қоғамдық және саяси сипат алып, өнер саласында маңызды зор бағдарламалар жасалып, жүзеге асырыла бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (2005 жылы, 18 ақпан) “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп, өткенді пайымдау қажеттілігі айтылған еді. Осы тұрғыдан қазақ халқының болашақта адамзат мәдениетіне қосатын үлесі мол деп сенеміз /2/.
Ұлттық музыкамыз адам сезімі мен көңіл-күйін бейнелеудегі шалымдылығымен, әуездік-әуендік тілінің орамдылығымен баурап қана қоймайды, сонымен бірге, әлеуметтік – тарихи өмірімен біте қайнасып жатқан шынайылығымен де тәнті етеді. Қазақтың ғажайып фольклоры, поэзиясы, қолөнер сияқты ұлттық музыка да қоғамдық өмірдің барлық қырлары мен тарихи кезеңдерін мейлінше айқын бейнелей алған. Сонымен қатар, қазақтың философиялық – эститикалық ой-өрісі де терең талғамды музыкалық туындылары арқылы анағұрлым байып, рухани өміріміздің қайнар бұлағына айналған.
Жаңаша жыл санауға дейінгі І-мыңжылдықта көшпелі өмір салты тіршілігіне тірек еткен Ұлы Дала туындылары, ең алдымен, уақыт пен кеңістіктің не екенін танып, қабылдаған. Қазақстанның тұрақтылықты халқының көп ғасырлы дәуір аясында көшпелі өмір салтта болуы – Еуразиялық Ұлы Даласының ең енді тұсы Қазақ даласы екендігінде. Яғни, бұл ұлан-байтақ кең Далада қалың жұрт тербеле көшіп қонуға, жыл құсы сияқты мәңгілік көктемді қуалап отыруға мейлінше қолайлы еді. Ал технократтық даму бел алғанға дейін қазақтың қуаң даласында тіршілік үшін бірден-бір қолайлы өмір салт көшпелілік болды. Сонымен қатар, қазақтың бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараланып, түркі әлемінің кіндік мекенінде орналасуы да дәстүрлі салттың қалыптасуына себебін тигізді.
Белгілі археологиялық ізденістерінің нәтижелері тарихта Пазырық қорғандарының олжасы деген атпен белгілі. Пазырық қорғанында жаңаша жыл санауға дейінгі Ү-ІІІ ғасырларда өмір сүрген көшпелі тайпалардың материалдық мәдениетіне қатысты ғылым үшін мейлінше маңызды, бағалы заттық айғақтар табылған /3/.
Сол заттық айғақтардың ішінде қазақтың көне қобыз аспабы ерекше назар аударады. Қос ішегі және қос құлағы бар қобыздың айтарлықтай биік жасалған тиегі шанақ бетке керілген сірі көнге орнатылған. Мұның өзі қазіргі қазақ қобызының жасалу тәсіліне ұқсас екенін аңғартады.
Жаңа заманның ІІІ ғасырының екінші жартысында ғұмыр кешкен император Коммодтың замандасы болған грек грамматигі және софисті Юлий Полидевск өзінің “Ономастикос” атты еңбегінде былай деп жазады: “Бес ішекті музыкалық аспапты ойлап тапқан скифтер және бұл аспапты сірімен қаптайтын болған, ал шертпек ретінде ешкінің тұяғын пайдаланған ... Скифтер бүркіт пен қарақұстың жілігін сыбызғы сияқты үрлеп ойнайды...” (Белгілі түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидың еңбегінен алынған дерек) /4/.
Бұл деректерде айтылған сірімен қапталған, ешкі тұяғымен ойналатын бес ішекті музыкалық аспап ол – қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталған үш ішекті шертері, қазірге дейін сірімен қапталған, мүйіз шертпекпен тартылады. Сондай-ақ, қобыздың да шанағы сірімен қапталатыны да бұрын-соңды белгілі. Ән қосылып шырқалып, күй қосылып тартылса, ондай ортада музыкалық мәдениеттің қалыптасқан дәстүрінің болғаны. Ұлы Дала көшпелілерінің ән айту, күй тарту дәстүрі тек намыс-ссеніммен ғана болып қоймай, күнделікті тіршілікте де кең қолданылған.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында болған сырт көз жолаушылардың жазбаларында көрсетілген.
Осынау араларда бір-екі мың жылдық ұқсастық көшпелілер мәдениетінің тұрақтылығ мен өнерінің тектілігінің анық дәлелдері. Софист Леонтийдің қызы, император Екінші Феодорскийдің жұбайы (421-жылдан) грек қаламгері Эдия Евдокия көзі көріп, көңілі түйсінген әсерін былайша толғаған: “Мен Скифиядан құстың тілін жоруды, дыбыстан нышан тануды білдім, бұған қоса жан-жануарлардың шұбырынды ізінен нышан тартуды үйрендім, абыздардың ұлы сарынын, ағаш төсек пен құз-қияның теңселгенін, әлдеқашан көз жұмған адамдардың құйқылжыта шырқаған құдірет әндерін, тұлабойыңды кернеп тасқындаған сезімді көкрегіме қонақтатып қайттым” /5/
Ғұндардың ұлы көсемі Еділ дүние салғанда, қылқобыздан қаралы күй сарнап, жоқтау айтылып, аспан асты күңіренген. Еділді жоқтаудың мәтіні ҮІ ғасырда ғұмыр кешкен Жерданес еңбектерінде сақталғанын білікті зерттеуші ғалым Ардақ Нұрғали жариялайды /6/.
Еуразия көшпелілерінің арасында күйдің ерте кезден-ақ тартылатыны жөнінде, оның өзі тәңірлік наным-сеніммен байланысты екені туралы аса мәнді тарихи – этнографиялық деректер табылуда. Түркі халықтарының қағандық заманында әрбір таңды жаңа күймен қарсы алатын дәстүр қалыптасқан. Яғни, бір жыл 365 күннен тұрса, сонша жаңа күй туындап отырған. Жыл бойы туындаған бұл күйлер Ұлыстың ұлы күнгі ұлан-асар тойда тартылып, соның ішінен ұрпаққа мұра етіп қалдырарлық тоғыз күй таңдалады екен. Байырғы грек тарихшысы Р.Квинг Курций (б.з.д. І-ғасыр) өзінің “Ескендір жорығы” деп аталатын еңбегінде ұлыстың ұлы күні қаған ордасының үстінде күн бейнелі жалау көтеріліп, қағанға өңшең қызыл матадан киім киген 365 бозбалалардың мерекені қыздыра өнер көрсететінін тамсана суреттейді /7/.
Осы дәстүр туралы орта ғасырдағы түркінің музыкалық мәдениетін зерттеуші Абдулкадыр Мараги (ХІҮ-ХҮ ғғ.) мынандай дерек келтіреді: “”Түркі-Моңғол ән-күйі мынандай үш бөлімге бөлінеді: музыка құралында ойналатын бір түрі бар. Оларды “күктер” (“кукна”) деп атайды, ал дауыспен айтатын түрлерін “ыр” және “дола” деп атайды. Мұндағы қытай (қыпшақ тайпасының ішіндегі ру аты) елінде күйдің 365 түрі бар, бір жыл ішінде қанша күн болса, соның соншама күйі болады. Оның әрбіреуі күн сайын ханның алдында тартылып отырады. Бұлардың ішінде ең асылы және ең ірісі – тоғыз күй” /8/.
Оқымыстыдан келтірілген ой-пікірде “күк” сөзінің – күй, “ыр” деп отырғаны – жыр, “дола” деп отырғаны – толғау сияқты күні бүгінге дейін қазақ тілінде бар атаулар. Бұл жөнінде кезінде профессор Қ.Жұбанов нанымды түрде дәлелдеп беріп еді. Сондай-ақ, “ең асыл және ең ірі тоғыз күй” деген дерекке қатысты, күні бүгінге дейін қазақ арасында “Тоғыз тарау” деп аталатын күйлердің бар екенін де айта кету орынды.
Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде, қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениеті сөз болғанда, ең алдымен, сол заманнан бүгінгі күнге дейін музыкалық мұра ретінде Қорқыт атаның (ҮІІІ-ІХ ғғ.) күйлерін сақтап қалған бірден-бір халық қазақтар екенін айрықша атап өткен жөн. Қорқыт күйлерінің тек қазақ арасында рухани азық ретінде негізделуінде өзіндік тарихи себептер бар. Біріншіден – Қортық шыққан оғыздардың кіндік жұрты Қазақ даласы. Екіншіден – қазақтардың ХХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтта болуы иісі түркілік дәстүр мен ділдің таза ерекшеленіп, дамуына ықпал етті. Үшіншіден – көшпелі өмір салт ислам дінінің дендеп орнығу мүмкіндігін азайтты /9/.
ХІХ-ХХ ғасырға дейін бұрынғы Тәңірлік наным-сенім үстем болып, Тәңірдің жердегі өкілі деп есептелетін аспап – қобыз еді. Қобыздың ілкі мағынасы – тылсым арқылы дүниеге әсер ету, келешекті жасау, табиғаттағы оқиғалар мен әлеуметтік орта арасындағы медиатор. Қобыз аспабындағы дыбыстардың пайда болу жолы, бұл аспап қыл ішегінің алпыс талдық бірлігінен тұруында.
Сонымен қатар мұндай бір-бірімен өзара тығыз байланысты синкреттік құбылыс өнерінің көне дәуірлерде пайда болғанын аңғартады. Терең мағыналы, символикалық нышаны бар аңыздар (Қорқыт туралы аңыздардың көбісі бүгінгі күнге дейін сақталмаған, кейбіреулерінің тек атаулары ғана қалған, мысалы, Ш.У.Уәлиханов өзінің ағасы Қанқожа Уәлиханов тартқан күйлердің аттарын ғана жазып алған. Олардың арасында: “Тәңірі күй” (“Қорқыттың күйі”), “Саймақтың сары өзені”, “Қорқыт күй”, “Ақсақ құлан”, “Жошыхан”, “Суға кетті ер Қотан”, “Көк бұқа”, “Бозінген”, т.б. Бұл аспаптың рөлін, қоғамдағы ерекше орнын көрсетеді. Аспаптың семантикасына сәйкес, бұл музыка көңілді емес, байсалды да байыпты мағынасын сақтап қалған. Сондықтан ғасырлар бойы қобызшыларға да қоғам сондай көзқараспен қараған /10/.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнеріндегі төлтумалық өзінің тектамырын тым тереңнен тартады. Жаңаша жыл санауға дейінгі І мыңжылдықта, бәлкім одан да ертерек көшпелі өмір салтты тіршілігіне тірек еткен Ұлы Дала тұрғындары, сөз жоқ, ең алдымен уақыт пен кеңістіктің не екенін танып-түсінді. Уақыт пен кеңістік туралы таным-түсінік қалыптастырмай тұрып көшпелі өмір салтқа ойысу, бейнелеп айтқандаа, қайда барарыңды білмей тұрып жолға шыққандай қайырсыз тірлік болар еді.
Жыл құсы сияқты, экожүйе жаралымымен мінсіз үйлесім тапқан көшпелі өмір салт нәтижесінде барша бітім-болмысы дара шаруашылық-мәдени типі қалыптасты. Ат үстінде айдары желбіреген сахара сарбаздары қауышып, өздерін Тәңірдің перзентіміз деп санады. Олар алғашқылардың бірі болып Тәңірлік таным қалыптастырып, адамзат тарихындағы сапалық жаңа кезең – “кіндік дәуірдің” басталуына мұрындық болды. Яғни, шексіз әлем аясындағы Тәңірлік пен Адалдықтың арақатынасы бақилық пен фәнилік тұрғысында парықталып, адамға ғана тән терең трагикалық санамен қауышты. Неміс социологы А. Вебердің сөзімен айтқанда “олар дүниенің жалғандығын түсінді; ал үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагикалық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті” /11/.
Дүниеге көшпелілер қайталанбас ғажайып өнер сыйлай алды. Олар Адамдық болмысты Тәңірлік болмыспен шендестіруді армандай арқылы өнерлеріне мейлінше асқақ рух дарытты. Сол асқақ рухты өнерлерінің ішінде Тәңірдің тіліне баланған ең құдіреттісі музыкасы болды. Байырға түркілер күйді “күк” деп атап, оны Тәңірмен тілдестіретін дәнекер деп білді /12/.
Сондықтан да, Тәңір тектес қағандарға арнап күн сайын жаңадан шығарылған мадақ күйлері тартылып отырған /13/.
Байырғы түркілердің бұл дәстүріне тәнті болған қытай императорлары түркі күйшілері мен әншілерін қолқалап шақырып, алтын ұсынды сарайларында олардың өнерін тамашалауды өздеріне мәртебе санады /14/.
Еуразияның ұлы даласыцнда көшпелі өмір салттың болмысымен үндес шаруашылық – мәдени типі өз кезегінде дүниеге қайталанбас төлтума мәдениет әкелді.
Көшпелілердің төлтума мәдениеті өмір шындығын өзіндік талғам – таныммен игерді, өмір құбылыстарын өзіндік тілмен жорыды, сол жолда өзіндік әдістер мен тәсілдерді, қалыптар мен түрлерді дүниеге әкелді, сөйтіп алапат-асқақ идеяларды адам өмірінің ең биік мұраттары ретінде ұсына білді.
Нағыз мәдениет, әсіресе, рухани мәдениет тек қана ұлттық – этникалық төлтумалықта көрініс табады және сол төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамып, шыңдалады. Ал, басқа елдің мәдени-рухани құндылықтарына жалаң еліктеу өзінен - өзі қайталау болып шығады.
Демек, әртүрлі этностардың саяси бірлестіктерінің уақыт аясындағы белгілі бір тұрақтылығына қармастан этникалық дегеніміз – адамзат баласының өмір сүруінің біірден-бір орнықты қалыбы болып табылады /15/.
Ұлы дала көшпелілерінің мыңдаған жылдар аясында шыңдалған ғажайып мәдениеттің кіндік жұрттағы мұрагері қазақтар болды. Тек қазақтар ғана өз төңірегінде бірыңғай түркі тілдес халықтармен шекараласты. Және олар сол ұлы мәдениеттің арқауын үзіп алмай бүгінгі күнге дейін жеткізе алды.
Енді, сол ұлы мәдениеттің ізін суытпай бүгінгі ұрпақтың зердесіне қондыру, келер ұрпаққа жұғысты ету жер басып жүрген қазақ атаулының ең бір киелі мұраты болуға тиіс.
Яғни, осының бәрі қазақ музыка мәдениетінң тек-тамырының бастамасы байырғы скиф, сақ, ғұн закмандарынан осы күнге дейін қалыптасуының айқын дәлелдері. Өте көнеден қаланған дәстүрлік музыкалық өнер үш мың жылдық тарихы бар көшпелілер қоғамында ұрпақтар сабақтастығы нәтижесінде біздің заманымызға дейін жеткен. Қазіргі орындалып жүрген күйшілік өнер, әншілік, жырау-жұртшылық дәстүр бізге көшпелілердің ұзақ уақыт бойы қалыптасып, эволюциялық дамудың нәтижесінде сұрыпталған рухани мәдениет. Көне түркілік ұлы мұраттарды серілік етіп, алыстан көздеген өнерпаздар қоғамдағы әлеуметтік қажеттілік тізбегінен өз өміршең тұлғалар. Олар заман үніне үн қосып, келешекті жасаушылар тізбегінен өз өмірін адамзат жүріп өткен шиырлы жолдың табиғатын түсінумен қатар, өзінің қилы тағдыры мен ауыр өткелдің нәтижелерін, тәжірбиелерін пайымдау арқылы ертеңгі күнімізді айқындауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Тарих көшінің ұлы шеруінде әр ұрпақтың өзіне ғана тиесілі міндеті болады. Ол міндетті тек сол ұрпақ қана келістіріп атқара алуға тиісті. Себебі, кез келген ұрпақ, өзі ғұмыр кешкен кезең үшін өткен мен болашақ арасының жанды көпірі. Оның тал бойында өзіне дейінгі сан ғасырлардың жүгі бар. Сол жүктің сабақты жібіне дейін қалдырмай болашаққа қол жалғау – жер басып жүрген тірілердің ең киелі міндеті. Тарих көпірінен өткізіп үлгене алмай, артта қалдырған асылдың кез келгеніне енді қайтып болашақ ұрпақтың қолы жетпейді. Қолы жетпегені былай тұрсын, арттағы жолда қандай асылдардың шашылып қалғанын білместен, қолына іліккенді малданып ғұмыр кешеді. Ғұмыр кеше жүріп бұрын болған, әлдеқашан ата-бабалары дүниеге әкелген асылдарға қол жеткіземін деп тер төкпек.
Жиырмасыншы ғасыр қазақ халқы үшін ерекше ғасыр. Жо-жоқ, көрген қорлықты, тартқан азапты, жоғалтқан ұрпақты айтпаймыз. Немесе, жеткен жеңіс, тапқан табыс та емес. Оның бәрін тіршіліктің бұйыртқан сыбағасы деп көңіл жұбатуға болар. Жиырмасыншы ғасыр қазақ халқының тарихи-әлеуметтік және мәдени-рухани тағдыры үшін айырық ғасыр болды. Үш мың жыл бойы, бәлкім, одан да ұзақ уақыт аясында қалыптасқан салт атты көшпелілер өркениеті /цивилизациясы/ артта қалды. Алда базистік болмысы мүлде бөлек өмір салт күтуде. Еуразияның апайтөс даласында айдарынан жет ескен көшпелілердің қайталанбас өмір салты жиырмасыншы ғасырда бөлек арна тартты. Технократтық даму жеңді, табиғаттың өзіндей табиғи бөлек арна жеңілді. Тұтас бір ұлттың тарихи тағдырындағы бұл сияқты ұлы өзгеріс табиғи даму барысында жүзеге асқан жоқ, жедел түрде, зорлықпен сырттан таңылып, әлеуметтік-экономикалық жойқын реформа жасалды. Мұның өзі тұтас этностың тарихи жадының көмескі тартуына себепші болды /16/.
Демек осынау тарихи дерттің дендемеуі үшін тегеурінді әрекетке көшіп, халықтың ғасырлар бойы қатталған ұлы мұрасын бүгін мен болашақтың игілігіне айналдыру ең киелі мұраттардың бірі болуға тиіс. Бұл тарихи дамудың қатал талқысында өз болмысыңды сақтап қалудың, келер күндері ұлттық – этникалық төл қадір-қасиетіңмен қарсы алудың бірден-бір кепілі. Уақыт мейлінше күрделі. Соңғы тынысқа дейін рухани мәңгүрттікке қарсы күресуден басқа жол жоқ. Технократтық даму ұлттық атаулының бәрін кеміріп, жалмап, обып, құртып барады. Ішіңнен шыққан балаңа “біз осындай болып едік” деп нандыра алмайсың. Ал, өзіндік қасиеттен айрылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан бұл жолда еткен еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберу қажет.
Міне, осындай ойдың түрткісімен ұзақ жылдар бойы ел аузынан, архив қойнауларынан, жазба мұралардан қазақтың күй өнеріне қатысты деректерді сүзе жинап, кәдеге жарата отырып, осы зерттеу жұмысымызды жазудамыз....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Қазақ күй философиясы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар философия жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Қазақ күй философиясы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар философия жобалар дипло, Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ күй философиясы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін