Музыка | Музыка сабағының тәрбиелік мәні

 Музыка | Музыка сабағының тәрбиелік мәні

Мазмұны

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------3

І ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЛЕТІН ДАМЫТУ
1.1. Музыка сабағы - өнер сабағы --------------------------------------------8
1.2. Ұлттық музыканың тәрбиелік мәні -------------------------------------22
ІІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Тәрбие берудің міндеттері мен мақсаттары --------------------------34
2.2. Сабақтың әдіс-тәсілдер -------------------------------------------------46
ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ ------------------------------------53
ҚОРЫТЫНДЫ -----------------------------------------------------------------60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------ 61

Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кіруге заңды құбылыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестиің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003) «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту иісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды ттүгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету-«Мәдени мұра» бағдарламасы ның басты мақсаты болуы тиіс»-деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда өнер пәндерін оқытудың білімдік, өнерге деген тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Олар «Білім туралы заң», «Қазақстан Республикасында білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айырықша көңіл бөлінген.Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлар өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықтарын саралай отырып меңгерту, сөйтіп, оқушы жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге кемделген, жан-жақты жетілген, қаблетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.Ауыз әдебиеті үлгілі мен халықтық өнер арқылы халқымыз өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі, шынайы ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеп келеді. Жалпы білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан Сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка бағдарламалары жасалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында ұлт мәдениетіне көңіл бөлу, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған халықтық педагогиканы зерделеу және оның дәстүрлерін орта мектептер мен орта және жоғары оқу орындарында пайдалануға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жазу ісінде шұғыл бетбұрыс басталды.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен байланысты қоғамымыздағы экономикалық, саяси–тәуелсіздік мәдени өзгерістер жүзеге асуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы қабылданып, еліміздегі барлық жалпы орта білім беретін мектептерге арналған білім мазмұны айқындалуда.
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұра сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсысының жеке тұлғалық саналарын жан – жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.
Бұл аса маңызды педагогикалық мәселелер Ел басы Н.Ә.Назарабаевтың
«Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие», «Этномәдениет тәрбиесі», сияқты құжаттарда: «Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Респуликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республика-ның басқа халықтарының тарихын, әдетғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілін меңгеру», - деп айырықша атап көрсетіл-ген. Бұқаралық ақпарат құралдарының жас ұрпақтың тұлғалық бейнесіне ықпал ету мүмкіндігінің артып отырған кезеңде оқушыларға рухани – мәдени тәрбие берудің зәрулігі барған сайын айқындала түсуде. Бұл мәселе Қазақстан Респубикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы Қазақстан Респуб-
ликасында Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік құжаттарда көрініс тапқан. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп Реформа-сының негізі бағыттарында: «Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдалансын»,- делінген. Мұнда өнер туындылары жас ұрпаққа көркемдік жайында білім берумен қатар адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мәселесін жетілдіруде ықпалды тәрбие құралы ретінде қаралып өнерге ерекше көңіл бөлу талабы қойылған. Өнер шығармаларының идеясы жас ұрпаққа заманымыз бен замандастарымыз, олардың еңбектегі табыстары ой – арманы мінез – құлқы, адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер береді. Осыларды қабылдау арқылы, эстетикалық талғамы дамиды, өмір құбылыстарының мәнін ұғынып оған үңіле байыппен қарауды үйренеді, адамгершілік қасиеттері мен мінезқұл-қы қалыптасады.
Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құру жағдайында бұл маңызды мінде-ттерді іске асыру үшін оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасына қол жеткізетін білімнің жаңа ұлттық үлгісін жасау және дамыту көзделіп, ұлттық мәдениеттке, халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен даму жолдарына қайта оралып, өнер мен мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Республикамыз егемендік алып жатқан жағдайда халқымыздың рухани өміріне қазақ халқының мәдени, тарихи мұралары қайта оралып жатқаны мәлім. Ол мұралардың қатарына халық музыкалық шығармашылығын толығымен жатқызуға болады. Сондықтан жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие ісінің мазмұны да жеткіншектің әр жақты дамуына даңғыл жол ашатын оны дүниежүзілік прогрестің жетістіктерімен қоса өз халқының ғысырлар бойы тұнып тұрған рухани мөлдір бұлағынан сусындатып, адамзат мәдениетінің биігіне жетелейтін сан – салалы әрі терең мағналы болуы шарт. Қазіргі заман білім беру жүйесінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – ұлтық музыкалық өнерді одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ұлттық танымы мен білім деңгейін көтеру қажет.
Егеменді еліміз, бүкіләлемдік эканомикалық мәдениет пен өнер саласында-ғы және информациялық болашағы – жас ұрпақтың, өнер арқылы, көркемдік білімі мен шығармашылық ой - өрісін, рухани мәдениетін «сұлулық заңдылық-тарын» сәйкес дамыту, ұлттық педагогика негізінде – туған халықтың тағы-лымдықдық салт – дәстүрлерін игерте отырып, ізгілікке, әдептілікке, туған ел мен жер тарихына, мәдениетіне деген өркениеттік көзқарасын тәрбиелеу, балабақшадан бастап, білім мен тәрбие беретін педагогикалық мекемелердің алдындағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелер. Халыққа білім беру жүйесіне ұлттық мәдениетті енгізуге әлеуметтік қажеттілік туып отырғаны айқын. Сонымен бірге педагогикалық ғылым шеше қоймаған қайшылықтарда бар. Атап айтқанда: қазақ халық музыкалық шығармашылығының педагогикалық мүмкіндіктері мен оны мектеп жасына дейінгі мекемелерде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы; қазақ халық музыкалық шығармашылығын пайда-лана отырып балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие беру үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету қажеттілігі мен ондай жағдай-дың тәжірибеде жасалмай отырғандылығы арасындағы қайшылықтар. Ұлттық сананы көтермей, жетілдірмей тұрып, ұлтымыздың рухын көтеру мүмкін емес. Ол үшін жас ұрпақтың ана тіліне, туған елінің рухыни мәдениетіне, өнеріне, бүкіл данышпандығын бойына жинақтаған ұлтымыз-дың эстетикалық, этика-лық дәстүрлеріне деген ұлттық санадағы сапалы қатынасын тәрбиелеуіміз жөн. Халықтық дәстүрлі өнер, бейнелеу, би, музыка т.б. өнер түрлерін арқылы көркем – эстетикалық тәрбие жүйесін – этноэстетикалық, этнопедагогикалық тәрбие негіздерімен ұштастыра жүзеге асыру, жас ұрпақты ұлттық мәнде тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешуге зор ықпал жасайды. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындылары-мен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру, мектеп оқушысының әсемдікті түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте қазақтың ұлттық музыкалық өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыруда музыка жанрларының сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Тікелей қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің әр түрлі салалары арқылы оқушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие беру проблемасын да бірқатар ғалымдар зерттеген. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына музыкалық – эстетикалық тәрбие беру Қышқашбаев Т.Ә, бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына қызығушы-лығын қалыптастыру өз еңбектерінде қарастырған.
Сонымен бүгінгі күннің кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде баланы музыкалық өнердегі, ерекшелікті сезіне білуге баулып, оның музыка шеберлерінің шығарған әсем де сырлы ән–күйлеріне үңіліп, сол өнерге деген қызығушылығын, талғамын талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, жас жеткіншектердің қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыру мәселесі арнайы зерт-теуді талап ететіні ақиқат. Сол себептен жоғарыда айтылғанның негізінде оқушыларға музыкалық тәрбие беруде бұл мәселені шешуге жағдай жасау керек екендігін дәлелдейді. Осы аталған қажеттіліктердің шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды анықтап, диплом жұмысының тақырыбын: «Музыка сабағының тәрбиелік мәні» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Мектепте музыка сабағының тәрбиелік мәні қызығу-шылығын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Музыкалық оқу–тәрбиелік жұмыстары арқылы, оқу-шылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Музыкалық оқу–тәрбие жұмыстары арқылы, оқушылардың қазақ ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу ғылыми болжамы: Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмыстарындағы оқушылдардың музыкалық өнерге деген қызығу-шылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриоттық са-на сезімін, музыкалық көркемдік талғамын қалыптастыра аламыз.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылармен жүгізілетін музыкалық оқу тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың негіздерін анықтау:
- музыка сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушы--лығын қалыптастырудың маңызды рөлін анықтау:
- оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу – тәрбие жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптасты-
руда музыкалық іс – шаралардың үлгі жоспарын дайындау:
Зерттеудің мазмұны мен міндеттері:
- Жалпы орта білім беретін мектептегі музыка сабағында қазақ халқының ұлттық музыкасын жан - жақты аша түсіндіре білу;
- Мектептегі музыкалық оқу тәрбие жұмыстарындағы қазақ халқының ұлттық музыкасының ғылыми - теориялық маңызын, олардың атқаратын мін-деттерін анықтау;
Зерттеудің әдіснамалық - теорилық негіздері
- Оқушылармен жүргізілетін музыкалық-эстетикалық оқу-тәрбие жұмыстар-дағы қазақтың ұлттық музыкасының ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделіп халықтық музыка сабағына пайдаланудың әдістемелік-теориялық негіздері қарастырылады;
- Музыкалы-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісіндегі қазақтың ұлттық музыкасы арқылы музыка пәнінің мүмкіндіктері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықтала-ды;
- Оқушылармен жүргізілетін музыкалық - эстетикалық оқу-тәрбие жұмыс-тарындағы ұлттық музыканы қолдану іс-шаралары жасалады, тәрбиелік эксперимент барысында нәтижелері анықталады;
Зерттеудің базасы: Зерттеудің базасы Қапшағай қаласы, № ? орта мектебінде тәжірибелік ғылыми-практикалық есебінде өтілді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-педагогикалық, психо-логиялық, музыкалық, мектеп пәндік оқулықтарға, әдебиеттерден іздену, мектеп оқу үрдісін бақылау, әңгіме, сауалдамалар, музыкалық-тәрбиелік іс-шаралар жүргізу, эксперименттік нәтижесін бақылау.

Зерттеудің тәжірибелік мәні:
Зерттеу нәтижелерін мектептегі музыка пәнін оқытуда, мектептен, сыныптан тыс музыкалық тәрбиелік іс – шараларға, жоғарғы және орта оқу орындарында-ғы «Музыкалық білім» мамандығында дәріс алып жатқан білімгерлермен жүргізілетін жұмыстарға пайдалануға болады:
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, тұжырымдардан, эксперимент нәтижелерінен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізі-мінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде: зерттеу жұмыстарының көкейкестілігі, мақсаты, обьек-тісі, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснамалық-теориялық негіздері, басзасы, әдітері, ғылыми практикалық маңызы, диплом жұмысының құрылымы қамты-лады.
Бірінші тарауда: Музыкалық тәрбие жүйесіндегі өнерге деген қызығушы-лықты қалыптастыру негіздері көрсетіледі.
Екінші бөлімі: Оқушылардың қызығушылығын музыкалық өнер негізінде педагогикалық тәжірибе кезінде қалыптастыруы қарастырылады.
Қорытынды: Жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.

І «ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЛЕТІН ДАМЫТУ»

1.1 Музыка сабағы - өнер сабағы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері экономикалық, әлеуметтік, рухани - мәдениеттік және т.б. үлкен жаңаруларды жүзеге асыру-
да. Ел басы, Н.Ә.Назарбаев құндылықтар жүйесінің қоғам үшін маңыздылығы жайлы зиялы қауыммен кездесуде: «Қандай қиын – қыстау жағдайда да адам-дар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым – қуат жылдарды өзіміздің басты құндылықтарымызды сақтап қала білгендігі-міз біздің басты жетістігіміз болар» - деген. Әр халықтың эстетикалық дүние танымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы.Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлтттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланың әсемдікті түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда халық өнері мен мәдениетінің саналуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Бүгінгі оқушы – ертеңгі біздің болашағымыз Қазақстанның келешегі жеткіншектерінің қолында екені бәрімізге мәлім. Олай болса, ХХІ ғасыр жас жеткіншектердің жан – жақты терең білімді, интелектуалды деңгейі жоғары болуын талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының» 8 - бабында былай делінген. «Білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығарма-шылық рухани мүмкіндіктерін дамыту; жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ителлектісін байыту». Сондықтан да бүгінгі күні әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан – жақты дамыған, білімді азамат етіп тәрбиелеу - біздің парызымыз. Олай болса музыка саласында халқымыздың өскенініе терең үңіліп, сол өнер қазынамызды оқушыларға белгілі бір жүйелі бағатта теория-лық және іс тәжірибеде қолдана білсе, сонда біз жас жеткіншектердің рухани байлы-ғын шығармашылық бағытта тәрбиелей алуымыз мүмкін. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқы-мызды көркемдік мәдениетін, өнердегі салт - дәстүрін зерттеу мәселесі де ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығарма-шылықпен қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық құралдармен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқарасты, дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы эстетикалық мәдениетті қалыптас-тыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу - бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе. [1]
Әл - Фараби өзінің «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымы-ның мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка-мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан – жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәлелдейді. Ы.Алтынсарин қазақ музыкасын өте жоғары қастерлеген, ол әсіресе, жас буын жеткіншектерге музыкалық тәрбие беруге зор көңіл аударған. Ол бірінші рет музыкалық сауат жоқ кезде ән сабағын мекткепте міндетті пән ретінде енгізген. Ы.Алтынсаринның ұстаздық тәжірибесінде көрініс тапқан жас жеткіншектерге музыкалық тәрбие беру идеясы балалар мен жас өспірімдердің рухани өсуіне көп себептігін тигізді. Сондайақ ірі ғалым-педагог Н.К.Крупская: «Балаға музыка арқылы өзінің ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуіне, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуіне көмектесу қажет...», - деп сипаттаған болатын. В.А.Сухомлинскийдің: «Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсек, егер дыбыстардан бала адам сезімінің санқырлы реңін сезіне білсе, ол мәдениеттің ешқандай құралдармен жетуге болмайтын сатысына көтеріледі... Музыкалық тәрбие бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәр-биелеу» - деуінде үлкен шындық жатқанын көреміз. Жоғарыда аталған ғалым – педагогтардың айтып өткендерін талдай келе шыққан нәтиже–музыкалық тәрбиені жанұядан кейін мектепке дейінгі мекемелерден бастап қалыптасты-рып, бала мектепке келместен бұрын алғашқы музыкалық тәрбиені бала бақшаларынан музыка сабақтарынан алып, оларды музыка әлеміне терең бойлатып, түсініп қабылдауына, талғамдары артып, эмоциялық сезімдерін қалыптастырып, жан – жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ете-
тін музыка сабағының орны ерекше. [2]
Музыка сабағының мұғалімі – шығармашылық фантазиясы мол, арнайы бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан – жақты ғылым- білім-нен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жас жеткіншектерге жүйелі музыкалық білім бере алады. Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану; сөздік (баяндау, түсіндіру, әңгімелеу), көрнектілік (музыкалар иллюстрациялар, диафильм, бейнефильм-дерден үзінділер) көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би қимылдарын көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында жағдаяттар туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері іскерлік ойындар жүргізу т.б. оқытушы-ның іс–тәрбиесі мен шығармашылығынан туындайтын оқыту тәсілдері, әдістері сабақ үрдістері-не оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылармен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді. Жалпыға білім беретін орта мектептің «Музыка» бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыстыра жүргізу басты мәселе болуы керек. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі