KeshYou тобы

 KeshYou тобы

КешYOU — Қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы SAF болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Есентаева трионы өзінің қол астына алып, топ атауын КешYOU етіп өзгертті. Жылдық табысы $500 мыңнан асатын КешYOU тобы, продсердің ең табысты жобаларының бірі.
Уақыт өте келе топтың құрамы, стилі өзгерді. 2016 жылдың 24 мамыр күні топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерті Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. Концертке Балжан Бидаш, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Жұлдыз Өмірғали, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Анель Аринова, Зумрад Гараева қатысты.
2019 жылы КешYOU тобының 13 жылдық мерекесіне арналған бейнебаян шықты. Бейнебаянға Ляззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай, Анель Аринова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Балжан Бидаш, Сара Амангелді, Назым Әбілдина қатысты.
Топтың тарихы
Осы кезге дейін бірнеше рет құрамы ауысқан музыкалық топ, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы үздік қыздар топтар қатарына қосылып үлгерді.
1 құрам: Анель Аринова, Зумрад Гараева, Маржан Мендібаева
2 құрам: Анель Аринова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова (Мама, Пленник, Сто дней любви)
3 құрам: Анель Аринова, Аида Смағұлова, Мөлдір Әуелбекова (Арман-ай)
4 құрам: Анель Аринова, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова (Персона, Сүгірдің термесі, Әлия)
5 құрам: Анель Аринова, Кәмшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова (Әдемі қыз)
6 құрам: Анель Аринова, Айдана Меденова, Мөлдір Әуелбекова
7 құрам: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова (Асықпа, Қазақ қыздары, Туған жер, Ризамын, Махаббат)
8 құрам: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Мөлдір Әуелбекова
9 құрам: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали (Келші жаныма)
10 құрам: Балжан Бидаш, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Жұлдыз Өмірғали (Қайтар жүрегімді, Армандаймын, Қуыршақтар, Туған жер-тағдырым, Рухты ару)
11 құрам: Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Сара Амангелді, Назым Әбілдина (Қалай ғана?, Неге?)
12 құрам: Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Назым Әбілдина (Махаббат баяны)
13 құрам: Балжан Бидаш, Назым Әбілдина, Ақбота Құрманғали
14 құрам: Ляззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай (Ұят емес, Хош енді, Сертің қайда?)
Шығармашылығы
Әндері: Мама; Пленник; Сто дней любви; Прошлые дела; Два часа; Caruso; Ангел неба; Арман-ай; Cүгipдің термесі; Персона; Домбыра; Әлия; Жағадағы ару қыз; Манмангер; Қанекей тілім сөйлеші; Әдемі қыз; Мұңайма; Көктем вальсі; Құстар қайтып барады; Ақ ерке-ақ жайық; Гәкку; Асықпа; Казак қыздары; Салем саған,туған ел; Қайдасың?; Сағындым сені; Туған жер; Жан ана; Жаңа жыл; Қазағымның арулары; Ғашықпын; Ризамын; Махаббат; Бақ мекенім-Астанам; Келші жаныма; Сағым жылдар; Көз жасың көмектеспейді; Қияли қыз; Алтын құмдағы тебіреніс; Қайтар жүрегімді; Армандаймын; Күміс құман-ай; Қуыршақтар; Туған жер-тағдырым; Рухты ару; Кетсең де шалғай; Аралдан ұшқан аққулар; Қалай ғана?; Ғажап ертегі; Әсем ән; Неге?; Жаса,туған жерім; Город мой; Махаббат баяны; Қаракөз; Swala La La; Алматы-Астана; Ұят емес; Есіңе мені алғайсың; Мұның бәрі; Көзіңнің мөлдірін-ай; Келші айым; Сары дала; Наурызнама; 13; Хош енді; Елім-ай; Сертің қайда?
Бейнебаяндары: Мама; Пленник; Сто дней любви; Арман-ай; Cүгipдің термесі; Персона; Әлия; Әдемі қыз; Асықпа; Казак қыздары; Сәлем саған,туған ел; Туған жер; Ризамын; Махаббат; Бақ мекенім-Астанам; Келші жаныма; Қайтар жүрегімді; Армандаймын; Қуыршақтар; Туған жер-тағдырым; Рухты ару; Қалай ғана?; Неге?; Махаббат баяны; Swala La La; Алматы-Астана; Ұят емес; Наурызнама; 13; Хош енді; Сертің қайда? ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?