Ілияс Жансүгіров (1894—1938)

 Ілияс Жансүгіров (1894—1938)

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі.
Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді.
Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды.
Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш кітабы шығады.
ильяс жансугуров омирбаяны казакша , ильяс жансугуров на казахском языке биография , ілияс жансүгіров өмірбаяны қазақша , Қазақша өмірбаян Ілияс Жансүгіров, Ілияс Жансүгіров Қазақша өмірбаяны,Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады.
1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады.
Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, "қазақ поэзиясының Құлагері" 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды.
Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол өдеби мұра қалдырды.
Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіров ті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті.

Еңбектері

Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне мен В.Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Ж. ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Ж. аударғаның дәлелдеді. Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

Қазақ әдебиетіндегі орны

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Кәусәр
    Кәусәр 19.02.2023 21:51
    0 + 1 -
    100+200+
  2. Меруерт Мейрамбекова
    0 + 0 -
    keremet)))
  3. Меруерт Мейрамбекова
    0 + 2 -
    magan bul gruppa katty unady
  4. Sungat Musagulov
    Sungat Musagulov 12.01.2015 16:37
    0 + 2 -
    Рахмет бари жаксы