Қазақша өмірбаян: Мәуленов Сырбай (1922 - 1993) » ZHARAR © 2016 | сырбай мәуленов өмірбаяны, сырбай мауленов омир баяны қазақша, сырбай мауленов биография на казахском языке, сырбай мәуленов биография қазақша, сырбай мәуленов реферат қазақша




  • »

Қазақша өмірбаян: Мәуленов Сырбай (1922 - 1993)

Қазақша өмірбаян: Мәуленов Сырбай (1922 - 1993) казакша Қазақша өмірбаян: Мәуленов Сырбай (1922 - 1993) на казахском языке

Мәуленов Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973).
1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды.
Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды.
1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өмірбаяндар жинағы | | 8 783
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

. .