Буриме деген не?


Буриме (фр. bouts-rimés) — Француз поэзиясында 17-ғасырдан бастап орын алған өлең түрі. Алдын ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығаруды машық етуден туған. Айталық, бір ақынның дайындап берген ұйқастарын қолданып, басқа ақындар өлең шығарған. Ақындық шеберлікті сынасу ниетімен әдейі осындай өлең үлгісін алған. Бұл, әрине, өлеңнің қуатын логикалық, көркемдік сақтаудан гөрі түршілдікке мән беру. Өйткені алдын ала даярланған сөзге, ұйқасқа сәйкес етіп өлең шығару оңай емес, шығарған күнде де ақын қол-аяғы байлаулы болған соң, көркемдік қабілетін еркін көрсете алмайды, ұйқасқа тәуелді болып отырады. Басқа халықтар поэзиясында бұл өлең түрі аз тараған. Орыс поэзиясында революциядан бұрынырақ бір топ ақындар арнайы конкурсқа қатысып, осы үлгі бойынша өлеңдер жазған. 


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

буриме, ақпарат, мәлімет, қазақша
Келесі мақала жүктелуде...