Абай Құнанбаев (Бес дұшпан)
«Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп нормалары. Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның, білсеңіз...» -деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар - арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық т. б. толып жатыр. Абай қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін бүл әдеттердің бәрі де кедергі болатын қылықтар деп ұғып, бұларға барынша қарсы шықты. Ақын сол кездегі ауылдың басты әдеттерінің бірі - есек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, жұртшылықты олардан сақтандырмақ болды, қазақ қауымының болашағы жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру туралы даналық ой қозғайды.
Өсек
Абай заманында ел арасында кеп тараған, адамгершілікке жат жаман қылықтардың бірі - өсек айту, өсекшілдік. Өсек - біреуді сыртынан даттау, кінәлау, жала жабу, жалған сез айту, әсіресе, би, болыс, белсенділер, атқамінерлер арасында бірін-бірі аңду, бар болса кере алмау, жоқ болса бере алмау қазақ өмірінің ең бір келеңсіз жағы болды. Осы жайға реніш білдірген ақын, Жиырма төртінші сөзінде:«. ..қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, есек, қастық қалып, енерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?» - деп, армандайды. Өсектің қазақ ортасында кеп тараған бір түрі - жалақорлық, арызқойлық. Өтірік, есек, «домалақ арыздар» Абайдың ез сыртынан да талай жауған болатын. Ақын: «Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы. Пысықтықтың белгісі - арыз беру, Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы...» - деп өсекші, жалақорларды сынға алып, өз кезіндегі өмір шындығының күңгірт келеңсіз жақтарын әшкерелейді. Көжекбайға арнаған өлеңіңде есекті кәсіп еткен, біреуді-біреуге жамандауды әдетке айналдырған, сез тасығыш, өсекшінің жиренішті бейнесін жасайды: «Жамантайдың баласы Кежек деген, Әркімге есек тасып безектеген. Досын келіп досына жамандайды, Шіркінде ес болсайшы сезед деген...»
Өтірік
Ақын өсекшілдікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды. Өсек аяңға үйір, желбуаз жандарды өлтіре сынап, адамдардың бойындағы өтірік айту секілді кеселді қасиеттерді уытты тілмен әшкерелейді. Өсекте болар-болмас бір негіз болуы мүмкін, ал өтірік мүлде жалған, шындыққа, ақиқатқа ешбір жанаспайды. Ақын өтірікті «Б. д-ның» ең бір жиіркенішті түрі ретінде сипаттап, ез халқын осындай бір сұм кесапаттан тазартуды армандайды. Ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісілерді Абай имансыз, азған адамдарға жатқызады. Өтірікке ақын шындықты, турашылдықты, ақиқатты қарсы қояды: «Расы жоқ сөзінің, Ырысы жоқ өзінің, Өңкей жалған мақтанмен Шынның бетін бояйды...» - деп, өтірік пен өтірікшілердің бет пердесін аша сынайды. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды. Мақтаншақ. Абай өмір сүрген заманда ел адамдарының, әсіресе, үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі - мақтаншақ, даңғойлық. Ондай әулекі адамдар езін дәріптеуді сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзге құмар. Абай сөзімен айтқанда мақтаншақтар: «...біреуді «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүреді...» Мұндай мақтаншақтарды ақын үш түрге бөледі: «Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, надан да болса-адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса я аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтаңды іздейді. Ол - наданның наданы, Һәм өзі адам емес». Ақын мақтаншақ болыс, билердің мінін бетіне басып, жас ұрпақты мақтанның құлы болмауға шақырады. Еріншек. Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішіндегі ең жағымсызы-еріншектік. Абайдың түсіндіруінше: «еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады». Отыз сегізінші сөзінде ақын: «Күллі адамды қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық...» деп адам баласын қор қылатын жағымсыз, жаман қылықтардың бірі еріншектіктің зияндылығына ерекше тоқталады. Надандық білімсіздіктен, сауатсыздықтан туындаса, еріншектік адамның талапсыздығынан, жігерсіздігінен, енжарлығынан пайда болатын қылық. Ақын еріншектіктен құтылудың бірден-бір жолы-әр адам іс-әрекетін ақылға салып, өз бойындағы талапсыздық, жігерсіздік, енжарлық сияқты жағымсыз мінінен арылуыңда: «Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек өздігінен көпке көнбек...» - деп түйіндейді.
Бекер мал шашу
Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, ез пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған. Ақын шынайы мырзалық, жомарттық пен сараңдық ұғымдарына талдау жасайды. Сараңдар малдан басқаны ойламайтын, дүниеқор, малқұмар жандар. Олардың жақыны мен жолдасы, бар үміті мен сенері, тіпті діні де мал. Ал, жомарт болса, ол кеңпейіл, қолы ашық адам. Жомарттық - нағыз қазаққа тән қасиет. Абай інісі Оспанды осындай қасиеті үшін жақсы көрген, «үйі базар, түзі той», «ала бер мен келе бердің» бейнесі санаған. Мырзалардың да, мырзалықтың да түрлері көп. Ақын «бекер мал шашушылықты» осының екеуіне де қарсы қояды, еңбексіз табылған дүние-малды орынсыз жұмсайтын дарақыларды сынап, мінейді. Босқа, мақсатсыз қаржы жұмсайтындарды, «орынды іске жүріп, ой таппаған, не болмаса жұмыс қып, мал таппағандарды» сынай келіп: «қасиетті болмайды оңдай жігіт, әншейін құр бекерге бұлғақтаған» деген тұжырымға келеді. Ойшыл-ақын «Бес асыл» мен «Б. д.» жөніндегі тұжырымдарында өз заманындағы қазақ өмірінің диалектик. қайшылықтарына нақтылы мысалдармен, болмыстық деректермен терең талдау жасайды. Керенаулыққа - талапты, надандыққа - білімділікті, өсек пен өтірікке - шыңдық пен әділеттілікті, еріншектікке - еңбекқорлықты, мақтаншақтық пен мал шашпақтыққа - парасаттылық пен ұқыптылықты қарсы қояды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?